Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет10/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

9. Балаларға хирургиялық көмек

Қазақстанда жылына орташа есеппен 2500-4000 жаңа туған нәресте әртүрлі туа біткен ауытқуларымен және даму ақауларымен дүниеге келеді, 2500-ге жуық нәресте жаңа туған кезеңде хирургиялық түзетуді қажет етеді. Туа біткен даму ақауларынан болатын өлім өмірінің бірінші жылындағы балалар өлімінің жалпы құрылымында екінші орында. Республика бойынша хирургиялық араласулар саны 11,6 %-ға ұлғайды, бұл ретте шұғыл операциялардың үлесі 61,1 %-ды құрайды. Балалардың жүрегіне операция жасаудың жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 3845 операцияны құрайды, оның ішінде 1500-ге жуық пациент өмірінің бірінші жылында хирургиялық емге мұқтаж.


Қазақстанда операция жасалған жаңа туған нәрестелер мен ерте жастағы балалар арасындағы өлім орташа есеппен 20 %-ды құрайды.
Бұл санаттағы балалардың өміршеңдігіне операциядан кейінгі кезеңде мейіргерлік күтім маңызды рөл атқарады. Өңірлердің басым көпшілігінде жаңа туған нәрестелерге хирургиялық көмек көпбейінді балалар ауруханаларының құрамына кіретін неонаталдық хирургия бөлімшелерінде жүзеге асырылады, онда жаңа туған нәрестелерді күтуге жағдай жасалмаған, неонатологтар мен неонаталдық мейіргерлер жоқ.
Нәтижесінде пациенттердің көбі облыстық және республикалық орталықтарда медициналық көмек алады, бұл бірқатар хирургиялық ауруларды жоспарлы операциялық емдеу үшін ауруханаға жатқызуды ұзақ күтуге әкелді.
Балалар кардиохирургия қызметі одан әрі дамуды талап етеді.
Жүкті әйелдерді скринингтік зерттеудің қолданыстағы жүйесі жаңа туған нәрестелерге тиімді көмек көрсетудің алғышарты болып табылатын сыни ЖТА дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, туа біткен жүрек ақауы бар науқастың жүру маршрутының тиімділігінің проблемалары сақталуда.
Бұл бірнеше факторлардың әсеріне байланысты:
- қаржыландырудың жеткіліксіздігі (қолданыстағы тарифтердің нақты шығындарға сәйкес келмеуі);
- жаңа туған нәрестелерде кардиохирургиялық операцияларды жүргізу үшін өңірлік дәрігерлердің тәжірибесінің жеткіліксіздігі;
- операциядан кейінгі кезеңде пациентті емдеуге және күтуге қабілеті бар бейінді мамандардың, мультипәндік топ мүшелерінің (неонатологтар, балалар кардиологтары және кардиохирургтары, анестезиолог-реаниматологтар, мейіргер ісі мамандары) тапшылығы және біліктілігінің жеткіліксіздігі;
- өңірлік балалар кардиохирургиялық орталықтарындағы жабдықтардың тозуы;
- кейбір дәрі-дәрмектер мен шығын материалдарының жеткіліксіздігі;
- пациенттерді медициналық авиация желісі арқылы тасымалдау Астана әуежайы арқылы транзитпен ғана мүмкін, бұл өңірлік медициналық авиация әуе кемелері паркінің тозуына байланысты және өңіраралық тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Жүрекке операция жасау үшін қажетті жабдықтардың тізбесіне қатысты НҚА-ге енгізілген өзгерістер өңірлік перинаталдық орталықтардың базасында ашық артариалды түтікке (бұдан әрі-ААТ) операциялар жүргізуді тоқтатуға әкелді. Шала туған нәрестелерді кардиохирургиялық стационарларға ауыстыру мамандандырылған неонатологиялық бөлімшелерден тыс науқастардың бұл санатын күту қиындықтарына байланысты кедергі туғызуда.
Операция жасалған балалардың мультирезистентті флора жұқтыруының жоғары деңгейі сақталуда, бұл жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық іс-шаралардың жеткіліксіздігімен және неонаталдық реанимацияда бір реттік қолданылатын МӨ жеткіліксіздігімен, ұтымды антибактериалды терапиясы қағидаттарының сақталмауымен байланысты.
10. Иммунизация.
Қазіргі заманғы емдеу және күту әдістерді ендіру туа біткен ақаулары бар, бронх-өкпе жүйесінің патологиясы бар және шала туылған нәрестелердің өміршеңдік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл балалар респираторлық-синцитиальды вирус (РСВ) инфекциясына жиі ұшырайды, одан болатын өлім өмірінің алғашқы бес жылында ауруханаға жатқызылған 10 000 пациентке шаққанда 4,0-ді құрайды, соған байланысты олар тәуекел тобында болуды жалғастырады.
Бүгінгі күні тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген РСВ-ның арнаулы профилактикасының жалғыз әдісі моноклоналды антиденелермен пассивті иммундау болып табылады.
Қазіргі таңда профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесі аясында Қазақстан Республикасында 20 инфекциялық ауруларға қарсы иммунизация жүргізіледі.
Балаларды уақтылы вакцинациялау және жоспарлы профилактикалық егулердің әрбір түрі бойынша оңтайлы қамту көрсеткішіне (кемінде 95 %) қол жеткізу үшін ай сайынғы мониторинг жүргізіледі.
Коронавирус инфекциясы пандемияның басталуымен балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамту төмендеді, бірнеше жылдар бойы екпе жасатпау жағдайы жинақталатын болса ол вакцинамен басқарылатын инфекциялар мен індеттердің тіркелуіне әкелуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет