Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Қазақстандық жоғары білімнің халықаралық тартымдылығын арттыру



бет11/21
Дата25.01.2023
өлшемі146,84 Kb.
#166421
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
988 қаулы
сынып минездеме
3. Қазақстандық жоғары білімнің халықаралық тартымдылығын арттыру

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тартымдылығын арттыру және қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру кеңістігіндегі (QS WUR, Times Higher Education және т.б.) орнын белгілеу мақсатында оқыту үшін қолайлы жағдай жасауды (инфрақұрылым, әлеуметтік пакет, гранттар, стипендиялар, т.б.), оқу кезеңінде шетелдік студенттің келуін ұйымдастыру жүйесін, ақпараттандыру тетіктерін, студенттік визаны алуды оңайлатуды, оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыруды қамтитын интернационалдандыру стратегиясы іске асырылатын болады.


Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін және олардың ұстанымдарын әлемдік деңгейде, сондай-ақ өңірлік деңгейде күшейту үшін жоғары оқу орындарының "Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті", "Ұлттық деңгейде бәсекеге қабілетті" және "Өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті" топтарын қалыптастыру үшін өлшемшарттар пысықталатын болады.


Өңірлік білім беру хабын құру және үздік жоғары оқу орындарына шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттерді тарту жұмысы жалғасады. Сондай-ақ, екі дипломды бағдарламаларды, студенттер мен жоғары оқу орындары ОПҚ-ның сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығының әртүрлі нысандарын дамыту, қазақстандық университеттер базасында жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының кампустарын ашу жоспарлануда. Жалпы бұл талантты жастардың кетуін қысқартуға мүмкіндік береді.


Білім беру қызметтерінің экспортын шетелде жетекші қазақстандық жоғары оқу орындары филиалдарының жұмыс істеуі арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Сапаны қамтамасыз ету мақсатында шетелдік студенттерге білім беру қызметтерін көрсететін қазақстандық жоғары оқу орындарының тізілімін қалыптастыру тәсілдері мен оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан аумағында білім туралы құжаттары танылатын шетелдік жоғары оқу орындары үшін өлшемшарттар пысықталатын болады.


Шетелдік студенттердің кеңес алуы үшін алаң ұйымдастыру мақсатында "Education in Kazakhstan" бірыңғай сайтының базасында онлайн портал енгізілетін болады.


Шетелдік студенттер мен қазақ диаспорасына арналған стипендиялық бағдарлама іске асырылатын болады. Бұл бағдарлама шетелдік студенттерді тарту үшін катализатор болуға тиіс.


Ғылыми әлеуеті жоғары жоғары оқу орындарын қолдау моделіне қосымша университеттерді зерттеу университеттеріне ауыстыру пысықталатын болады.


Ғылыми экожүйенің жұмыс істеуі үшін жағдай жасау және зерттеу жоғары оқу орындарында постдокторантура бағдарламасын дамыту жұмысы жалғастырылады. Жоғары оқу орындарындағы ОҚП-ның Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1-ші, 2-ші және 3-ші квартильге кіретін немесе Scopus деректер базасында Сite Score бойынша процентиль көрсеткіші бар басылымдардағы жарияланымдарын көбейту, сондай-ақ постдокторлық бағдарламалар шеңберінде жобалық менеджмент саласында сертификатталған зерттеушілерді даярлау күтілуде.


Академиялық адалдық пен зерттеу этикасының қағидаттарын енгізу жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының және Назарбаев университетінің тәжірибесіне сәйкес институционалдық және академиялық деңгейлерде жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар барлық жазбаша жұмыстарды тексеру үшін танылған халықаралық антиплагиат ақпараттық жүйесін қолдану білім алушылар мен оқытушылардың жауапкершілігін арттырады. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар Scopus және Web of Science деректер базасына енгізу мақсатында бәсекеге қабілетті қазақстандық ғылыми басылымдарды қолдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады, бұл отандық ғалымдардың мақалаларын жариялау рәсімдерін жеңілдетеді және оларға әлемдік қауымдастық үшін қолжетімділікті кеңейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет