Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Экономика талаптарына кадрларды даярлауға әріптестердің қатысуын арттыру



бет12/21
Дата25.01.2023
өлшемі146,84 Kb.
#166421
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
988 қаулы
сынып минездеме
4. Экономика талаптарына кадрларды даярлауға әріптестердің қатысуын арттыру

Республикалық кәсіптік бағдар және мансап орталығы құрылатын болады. Барлық өңірлерде талапкерлерге болашақ кәсіпті таңдауда көмек көрсету үшін "Кәсіптер навигаторы" мобильдік қосымшасы қолжетімді болады. Барлық мемлекеттік колледждерде жұмысқа орналастыру және мансап орталықтарын құру бітірушілердің жеке кәсіби даму траекториясын құруға ықпал етеді.


ТжКБ жүйесіне халықаралық салалық стандарттарды енгізу мәселесі пысықталатын болады. ТжКБ құзыреттері орталықтарының осы стандарттар бойынша салалық аккредиттеу рәсімінен өтуі халықаралық үлгідегі сертификатты одан әрі беру үшін міндетті шарт болады.


Құзыреттілік орталықтары үздіксіз білім беруге және өз құзыреттері мен перспективаларын кеңейтуге, оның ішінде онлайн-курстар мен қашықтықтан оқыту арқылы кеңейтуге дайын студенттер мен мамандардың кәсіби өсуіне ықпал етеді. Орталықтар базасында инновациялық жобаларды қолдау үшін стартап-алаңдар, халықаралық стандарттарды іске асыру үшін жаттығу полигондары мен лагерьлер жұмыс істейтін болады.


WorldSkills қамқоршылық кеңесін құру арқылы ірі бизнесті тарту жолымен бизнес пен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бірлескен күшін шоғырландыру болжанып отыр.


2020 жылдан бастап дуальды оқыту бойынша кадрлар даярлауға қатысатын кәсіпорындарды ынталандыру үшін олардың тәлімгердің еңбегіне ақы төлеу шығындарын, мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберіндегі шығыс материалдарын өтеу жоспарлануда.


Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында мүдделі тараптардың өзара тиімді әріптестігінің әлемде танылған нысандары (желілік білім беру, салалық кластерлер, ірі және орта бизнес субъектілерінің оқу орындарына қамқорлығы, оқушылар, шарттық қатынастар және т.б.) енгізілетін болады. Жекелеген жағдайларда оқу орындарын сатып алу құқығынсыз және өңірдің қажеттілігіне қарай МЖӘ тетіктері арқылы ірі қала құраушы кәсіпорындарға кадрлар даярлау үшін олардың бейінін өзгертпей сенімгерлік басқару мәселелері пысықталатын болады.


Индустриялық кеңестерді енгізу әлеуметтік әріптестермен белсенді ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет