Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету



бет7/21
Дата25.01.2023
өлшемі146,84 Kb.
#166421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
988 қаулы
сынып минездеме
5.1.3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету

Туғаннан бастап кәмелетке толғанға дейін балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, балаларды оқыту мен қорғаудың қауіпсіз және жайлы ортасын қаржыландыру мәселелері бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында "Әлеуметтік шығындарға арналған ЖБ және РБ көлеміндегі балалар бюджетін" есептеу әдістемесі әзірленетін болады.


"Балалар бюджеті" – бұл балаларды қолдауға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді және балалардың мүддесінде мемлекеттік шығыстың тиімділігін бағалауды қамтитын шоғырландырылған бюджеттің өлшемі. "Балалар бюджетін" енгізу балалардың әл-ауқаты мен құқықтарын қамтамасыз етуге бағдарланған, балалар мүддесіндегі бюджет шығындарының деңгейін айқындауға, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті органдардың назарын балалардың барлық салалардағы мүдделері мен қажеттіліктерін есепке алуға аударуын күшейтуге мүмкіндік береді.


"Балалар бюджетін" иемдене отырып, мемлекеттік органдар бюджет саясатындағы басымдықтарды, оның биліктің әлеуметтік міндеттемелеріне сәйкестігін анықтау құралына ие болады. "Балалар бюджетін" есептеу әдістемесін әзірлеу балаларға бөлінетін мемлекеттік бюджеттің жалпы сомасының мониторингін енгізуге мүмкіндік береді.


Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, жергілікті атқарушы органдар жүйелерінің деректер базаларын біріктіру жүзеге асырылатын болады.


Балалардың әл-ауқатын бағалауға және жағдайын жақсартуға көп өлшемшартты тәсіл қолдану үшін 2020 жылы Баланың әл-ауқатының индексі қосымша сынақтан өткізіліп, 2022 жылы енгізіледі.


Балаларға қатысты және олардың арасындағы зорлық-зомбылықты жасырмау үшін жыл сайын кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың арасында зорлық-зомбылық деңгейін айқындау бойынша тиісті әлеуметтік зерттеулер жүргізілетін болады.


Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою, сондай-ақ оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық туралы хабардарлықты арттыру үшін өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламалар іске асырылатын болады.


Қауіпсіз жағдайлардың алдын алу және жасау мақсатында білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйесімен, оның ішінде мектеп ас блоктарымен жарақтандыруды 100 %-ға дейін жеткізу, сондай-ақ қолайлы жағдайлармен, мектепке қауіпсіз тасымалдаумен және т.б. қамтамасыз ету жоспарланып отыр.


Қауіпсіз кіріп-шығу, мамандандырылған күзет және бақылау жүйесі қамтамасыз етілетін болады.


Мектеп асханаларының жағдайы, оның ішінде МЖӘ есебінен жақсаратын болады. Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру балалар мен ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып өзгереді.


Тамақтану нормалары мен рационы қайта қаралатын болады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға кезең-кезеңімен көшіріледі, мектеп ас блоктары бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі, бракераждық комиссиялардың қызметі жандандырылады.


"Тәуекел тобындағы" балаларды ерте анықтау және оларға уақтылы көмек көрсету, буллингті болдырмау мақсатында білім беру ұйымдарының психологиялық қызметі мен мектептердегі татуласу қызметтері күшейтіледі.


Қала сыртындағы балалар лагерьлерінің желісі, оның ішінде МЖӘ есебінен дамитын болады. Қала сыртындағы балалар демалысын ұйымдастыру басым бағытқа ие болады. Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік жағынан осал, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, "тәуекел тобындағы" балаларға, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған жазғы лагерьлердің тақырыптық ауысымдарын ұйымдастыратын болады.


Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалары бар отбасыларға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жөніндегі орталықтар мен психологиялық қызметтер желісін дамыту (балалар үйлерін трансформациялау) жалғастырылады.


Балаларды рухани дамуына зиян келтіретін ақпарат пен материалдардан қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу жоспарлануда.


Білім беру ұйымдарының тәрбие жұмыстарының жоспарлары балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша жұмысты қамтитын болады.


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың түлектерін жұмысқа орналастыру үшін бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылатын болады.


Ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету бойынша асырап алушы ата-аналар мектептерін дамыту жұмысы жалғастырылатын болады.


Сондай-ақ жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру мәселелері бойынша коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу жалғасады.


Арнайы және инклюзивті білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету оңтайландырылады және автоматтандырылады, оның шеңберінде денсаулық сақтаудың және әлеуметтік қорғаудың ақпараттық жүйелері интеграцияланады. Бұл психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға (бұдан әрі – ПМПК) "медициналықтан" "педагогикалық" үлгіге көшуге мүмкіндік береді. ПМПК қызметі балалардың білім алу қажеттіліктерін айқындауға бағытталатын болады.


ПМПК мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің (бұдан әрі – ППТК) қызметін күшейту мақсатында оларды орналастыру нормалары пысықталады, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге құжаттар қабылдау автоматтандырылады, сондай-ақ инклюзивті практикаларды дамыту және педагогтермен тәжірибе алмасу үшін мектептер базасында ресурстық орталықтар құрылады. ППТК мен ПМПК желісі кеңейтіледі. Мектептер мен колледждер ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар инклюзивті ортада балаларды сүйемелдейтін тиісті мамандармен қамтамасыз етілетін болады.


Педагогтерге, ата-аналарға, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға мобильді консультациялық-әдістемелік көмек енгізілетін болады.


Кәсіби стандарт негізінде инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтер (пән мұғалімдері, педагогтер, педагог-ассистенттер және басқалар) үшін біліктілік талаптары жаңартылады.


Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзеу арқылы педагогикалық қолдау мақсатында мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде жан басына шаққандағы қаржыландыру (әлеуметтік рюкзак) нормалары әзірленетін болады.


Білім беру ұйымдары ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларға жағдай жасауды қамтамасыз ету (арнайы жабдықтармен, жиһазбен, кадрлармен, оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, пандустармен, көтергіштермен, лифтілермен және т.б. жарақтандыру) жұмысын жалғастыратын болады.


Балалармен іс-шаралар, оның ішінде туристік жорықтар, экспедициялар және білім алушылармен экскурсиялар өткізу қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру шаралары қабылданатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет