Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы


Р/с № Нәтижелер көрсеткіштері



бет4/21
Дата25.01.2023
өлшемі146,84 Kb.
#166421
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
988 қаулы
сынып минездеме
Р/с №




Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш.бірл.


Ақпарат көзі


2018 факт


2020


2021


2022


2023


2024


2025


Жауап

ты орын

даушылар


1.



Толық жиынтықты мектептердің жалпы санындағы жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшкен мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі



%



БҒМ-ның есептік ақпараты



1,7



22,6



22,6



22,7



61,1



100



-



ЖАО, БҒМ



2.



Менеджмент саласында біліктілігін арттырудан өткен жоғары оқу орындары басшыларының үлесі



%



БҒМ-ның әкімшілік деректері



10



20



40



60



80



100



-



БҒМ



3.



ЖІӨ-ден білім беру мен ғылымға арналған шығыстардың үлесі (2019-3,3%)



%



ҰЭМ мен БҒМ деректері



3,3



5,1



5,6



6,2



6,6



6,8



7



Қаржымині, БҒМ





2-мақсат: Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру

Аталған мақсатқа қол жеткізу мынадай нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады:



Р/с №




Нысаналы индикатор


Өлш.бірл.


Ақпарат көзі


2018 факт


2020


2021


2022


2023


2024


2025


Жауап

ты орын

даушылар


1.



Ғылымға арналған шығыстардың ЖІӨ-дегі үлесі


(барлық көздерден)



%



ҰЭМ СК Статистикалық деректері



0,12



0,13



0,15



0,2



0,35



0,49



1



БҒМ,


Қорғанысмині, АШМ, Еңбекмині, ЭГТРМ, ДСМ, МСМ, ЭМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, СИМ,


ҒЗИ (келісу бойынша), ЖОО (келісу бойынша)



2.



Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы



ЖБИ-дағы орын



ДЭФ ЖБИ нәтижелері



82



80



78



74



70



66



63



БҒМ,


Қорғанысмині, АШМ, ДСМ, Еңбекмині, ЭГТРМ, ДСМ, МСМ, ЭМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, СИМ,


ҒЗИ (келісу бойынша), ЖОО (келісу бойынша)



3.



Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) платформасындағы ақпараттық ресурстар деректері бойынша 2018 жылы жарияланымдардың жалпы санында рейтингтік басылымдардағы қазақстандық жарияланымдардың өсімі (4 873 бірлік)



%



Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) деректер базаларының ақпараты



-



25,1



37,7



50,3



62,9



75,5



88



БҒМ,


Қорғанысмині, АШМ, Еңбекмині,


ДСМ, ЭГТРМ, ДСМ, МСМ, ЭМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, СИМ,


ҒЗИ (келісу бойынша), ЖОО (келісу бойынша)





Қойылған мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

1-міндет. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту



Р/с №




Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш.бірл.


Ақпарат көзі


2018 факт


2020


2021


2022


2023


2024


2025


Жауап

ты орын

даушылар


1.



2018 жылы зерттеушілердің жалпы санындағы зерттеушілер санының өсуі (17 454 адам)





%



ҰЭМ КС статистикалық деректері



-



2,8



3,3



3,8



4,3



4,8



5,2



БҒМ,


Қорғанысмині, АШМ, Еңбекмині,


ЭГТРМ, ДСМ, МСМ, ЭМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, СИМ,


ҒЗИ (келісу бойынша), ЖОО (келісу бойынша



2.



2018 жылы зерттеушілердіңжалпы санындағы 35 жасты қоса алғанға дейінгі жас ғалымдар санының өсімі (6 566 адам)



%



ҰЭМ КС статистикалық деректері



-



2



3,6



5,1



6,6



8,1



9,6



БҒМ,


Қорғанысмині, АШМ, Еңбекмині, ЭГТРМ, ДСМ, МСМ, ЭМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ,


СИМ,


ҒЗИ (келісу бойынша), ЖОО (келісу бойынша





2-міндет. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру.


р/с №




Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш.бірл.


Ақпарат көзі


2018 факт


2020


2021


2022


2023


2024


2025


Жауапты орындаушылар


1.



ҒЗТКЖ іске асыратын мемлекеттік ЖОО-ның, ҒЗИ-дің жаңартылған сертификатталған ғылыми жабдықтарының үлесі



%



БҒМ есептік ақпараты



13



13,5



13,7



14



14,3



14,5



15



БҒМ, ҒЗИ (келісім бойынша), ЖОО (келісім бойынша)





3-міндет. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.


Р/с №




Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш.бірл.


Ақпарат көзі


2018 факт


2020


2021


2022


2023


2024


2025


Жауап

ты орын

даушылар


1.



Қорғау құжаттары мен авторлық куәліктердің өсімі (2018 ж. жалпы санынан – 3200 бірлік)



%



ҒЗИ деректері



-



7,8



9,4



12,5



15,6



18,7



21,9



БҒМ,


Қорғанысмині, АШМ, Еңбекмині, ЭГТРМ,


ДСМ, МСМ, ЭМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, СИМ,


ҒЗИ (келісу бойынша), ЖОО (келісу бойынша



2.



ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындардың жалпы көлеміндегі кәсіпкерлік сектор шығыстарының үлесі



%



ҰЭМ СК статистикалық деректері



32,3



48,8



50,6



52,4



54,2



55,8



57,4



БҒМ, Қорғанысмині,


АШМ,

Еңбек мині, ЭГТСМДСМ, МСМ,

ЭМ, ИИДМ,ЦДИАӨМ, МСИ


ҒЗИ (келісу бойынша), ЖОО (келісу бойынша



3.



Аяқталған қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияланатын жобалардың үлесі



%



ҰЭМ СК статистикалық деректері



23,5



25



26



27



28



29



30



БҒМ,


Қорғанысмині, АШМ, ДСМ, Еңбекмині, ЭГТРМ, ДСМ, МСМ, ЭМ, ИИДМ, ЦДИАӨМ, СИМ,


ҒЗИ (келісу бойынша), ЖОО (келісу бойынша





5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

Аталған Бағдарламаның негізгі бағыттары мыналар болып табылады:


білім және ғылым жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту;


барлық деңгейдегі білім беру мазмұнын жаңғырту;


білім мен ғылым инфрақұрылымын дамыту және цифрландыру;


білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін трансформациялау;


ғылыми-зерттеу қызметін жаңғырту;


1-мақсат. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту

Міндеттер:

5.1.1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту


1. Оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыруға педагогтерді ынталандыруды күшейту үшін олардың еңбек жағдайын жақсарту


Педагог еңбегінің беделін арттыру мақсатында Қазақстанның білім беру жүйесінде материалдық және материалдық емес ынталандыру шараларының кешені іске асырылатын болады.


Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің еңбекақысы 2020 жылдан бастап төрт жыл ішінде екі есеге ұлғайтылатын болады. Бұдан басқа, әдіскерлерге, мектепке дейінгі, мектеп, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне, сондай-ақ тәлімгерлік, магистр дәрежесі және т.б. біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы есебінен еңбекке ақы төлеуді саралап арттыру мүмкіндігі көзделеді.


Сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын іске асыру шеңберінде педагогтің әлеуметтік пакетін кеңейту шаралары көзделеді.


Оқытуды, оқу-әдістемелік, оқу-тәрбие, ұйымдастыру-педагогикалық қызметті қамтитын мұғалімнің еңбегін нормалау жүйесі зерделенеді және әзірленеді.


Барлық білім беру деңгейіндегі ұйымдардың педагогтері білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша педагогикалық шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік беретін аудиториялық және қашықтықтан оқыту нысанында біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады. Курстан кейінгі жүйелі сүйемелдеуді, оқыту практикасын одан әрі өзгертуді және жетілдіруді көздейтін үздіксіз кәсіби дамуды қамтамасыз ету жағына педагогтердің біліктілігін арттыру тәсілі өзгереді.


Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да құзыреттердің оңтайлы арақатынасын қамтитын болады. Курстардың бағдарламалары педагогтің алған білімдері мен дағдыларын педагогикалық ұжымда каскадтық таратуды қамтамасыз етуге арналған компоненттен тұратын болады. Курс бағдарламаларының сапалы мазмұны білім алушылар білімдерінің сапалы өсуіне ықпал етеді.


Бұдан басқа, біліктілікті арттыру жүйесі ваучерлік жүйе негізінде курс провайдерін таңдау мүмкіндігін көздейді.


Орта білім беру сапасына сараптамалық шолу (инспекциялау) қорытындылары бойынша жоғары баға алған мектептерге оқыту мектебі (TEACHING SCHOОLS) болуға, өз тәжірибесін басқа мектептерге таратуға мүмкіндік беріледі.


Педагогтер Action Research және Lessen Study арқылы оқытудың дербес практикасын жетілдіреді, сондай-ақ басқа педагогтермен тәжірибе алмасады.


Білім беру ұйымдарының латын графикасына көшуі шеңберінде педагогтер үшін курстар өткізу жоспарланған.


Қазақстандық педагогтердің TALIS (ЭЫДҰ) – сабақ беру мен оқудың халықаралық зерттеуіне қатысуы жалғастырылады.


Республикалық пән педагогтері қауымдастығы, сондай-ақ әрбір өңірде пән педагогтері қауымдастығы құрылатын болады, олар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға жәрдемдесетін болады.


Білім беру жүйесінің барлық әдістемелік қызметтерінің жұмысы қайта қаралатын болады.


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әдістемелік инновациялардың орталығына айналады. Республикалық оқу-әдістемелік кеңес педагогикалық ЖОО-мен тығыз өзара қарым-қатынаста еліміздің барлық оқу-әдістемелік қызметтерінің, пән мұғалімдері қауымдастығының қызметін біріктіретін және үйлестіретін болады.


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы халықаралық және отандық мониторингтер мен зерттеулер негізінде ЭЫДҰ мен IEA пайдаланатын зерттеу құралдары мен әдіснамалық тәсілдерге ие болады.


Жыл сайын пән мұғалімдерінің форумдары мен слеттері өткізіледі.


Техникалық және кәсіптік білім беруде өндірістік оқыту шеберлерінің жетіспеушілік мәселесін шешу үшін өндірістен мамандарды тарту жөнінде қосымша шаралар қабылданатын болады. Олар үшін педагогика және оқыту әдістемесі бойынша қайта даярлау ұйымдастырылады, біліктілікті растау қорытындылары бойынша біліктілік санаты үшін қосымша жалақы белгіленеді.


Өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуі көзделеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының рейтингі, құзыреттілік орталықтарын дамыту, бейіндеу, корпоративтік басқару, сондай-ақ қайта қаралған біліктілік талаптары сұранысқа ие кадрларды даярлауға жәрдемдесетін болады.


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде мемлекеттік білім беру грантының құнын көбейту жоғары оқу орындарына ОПҚ-ның және жоғары білімі бар қызметкерлердің жалақысын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындарының коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға ауысуы олардың қаржы ағындары мен кіріс көздерін әртараптандыру үшін қолайлы жағдай жасайды, бұл ОПҚ үшін әлеуметтік пакеттер беруге, жоғары білім беру жүйесінің оқытушылары мен қызметкерлерін кәсіби дамыту үшін қаражатты жоспарлауға мүмкіндік береді.


Кәсіптің беделін арттыруға ықпал ететін ақпаратты орналастыру, "Үздік педагог", "Үздік оқытушы", "Қазақстанның үздік мұғалімі" республикалық конкурстарын өткізу арқылы педагогтің оң бейнесін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілетін болады. 2020 жылдан бастап "Әлем мұғалімі" халықаралық конкурсына "Үздік педагог", "Үздік оқытушы" республикалық конкурсының жеңімпаздары арасынан мұғалімдер қатысады.


Қазақстан Республикасының "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы және меценаттар есебінен білім беру ұйымдарының педагогтері арасында жыл сайынғы "Ұлағат" ұлттық сыйлығы тағайындалатын болады.


Педагогикалық қоғамдастықты білім берудің және талантты педагогтерді қолдаудың өзекті мәселелерін талқылауға белсенді тарту мақсатында сараптамалық және кәсіптік қоғамдық бірлестіктерді қалыптастыру үшін жағдайлар жасалатын болады.


2. Педагогикалық білім беруді, кәсіпке кірісу жүйесін және педагогтің үздіксіз кәсіби дамуын жаңғырту


Педагогикалық білім беруді жақсарту мақсатында педагогикалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен колледждерді бейіндеу жүргізілетін болады. Бұл үшін педагогтер даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен колледждерге қойылатын біліктілік талаптары күшейтілетін болады.


Жоғары оқу орындары мен колледждердің мектепке дейінгі ұйымдармен және мектептермен тығыз ғылыми-практикалық өзара іс-қимылы жолға қойылады.


2022 жылға қарай педагог кадрларды даярлаудың бағдарламалары кәсіби стандартқа сәйкес 100 %-ға жаңартылады.


Педагогикалық практиканың ұзақтығын ұлғайту және мемлекеттік білім беру тапсырысы мен білім беру гранттары есебінен практикаға басшылық жасағаны үшін педагогтердің еңбегіне ақы төлеу көзделеді.


2021 жылдан бастап педагогикалық мамандықтардың түлектері кәсіби шеберлікке сертификаттаудан өтеді.


Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін балдарды кезең-кезеңімен ұлғайту көзделетін болады. Педагогикалық мамандықтар бойынша шығармашылық емтихан тапсыру кезінде кәсіпке жұмыс істеуге бейімділігі мен дайындығын анықтайтын өлшемшарттар өзгереді.


Педагог қызметкерлерді сертификаттау жүйесін енгізу шеңберінде біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде Ұлттық біліктілік тестілеу мазмұнын, тапсыру тетіктерін жетілдіру, цифрландыру және біліктілікті арттыру мен растаудың дербес құқығы жөніндегі жұмыс жалғастырылады.


Жоғары оқу орындарында үш тілде оқытуды ұйымдастыру үшін пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді даярлау жалғастырылатын болады. Көптеген жоғары оқу орындары шетелдік әріптестерге ие болады.


Колледждердің түлектері арасынан жоғары оқу орындарының базасында арнайы пәндер оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін даярлау ұйымдастырылатын болады.


Сондай-ақ педагогикалық қайта даярлау шарттары (кіру талаптары, мерзімдері, педагогикалық мамандықтар т.б.) пысықталатын болады, оның арқасында педагогикалық білімі жоқ тұлғалар (PGCE педагогикалық қайта даярлау ережелеріне сәйкес) педагогикалық қызметпен айналысу құқығын алады.


Жаңа өндірістік технологияларды зерделеу мақсатында шетелдік және отандық компаниялар ТжКБ ұйымдарының педагогтеріне тағылымдамаларды, мастер-кластарды, тренингтерді, курстық оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ оқу-әдістемелік әзірлемелер мен құралдарды ұсыну үшін тартылатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет