Байланысты: № ҚР ДСМ -25 бұйрығы15.03.2022. Стандарт педиатрия
Нәрестелерді тасымалдауға арналған реанимациялық бригада автомобилін жарақтандыру үшін медициналық жабдықтар мен медициналық бұйымдардың тізбесі Жаңа туған нәрестелерді тасымалдауға арналған реанимациялық бригаданың автомобилі мынадай медициналық бұйымдармен және медициналық жабдықтармен жарақталады: 1. Жабдықтар: 1) кувез (жылжымалы немесе тасымалданатын); 2) автомобиль салонын жылытуға арналған "пеш"; 3) балаға арналған термооқшаулауыш пленка; 4) балаға арналған киім-кешектер (көрпе, жаялық, киімдер және т.б.); 5) көмкерме жиынтығы және датчиктері бар ЭКГ және АҚ мониторы; 6) бір реттік көмкермесі бар пульсоксиметр; 7) секундтық тілі бар сағат; 8) электрондық термометр; 9) фонендоскоп. 2. Респираторлық қолдауға арналған жабдықтар: 1) оттегі баллоны; 2) ӨЖЖ жүргізуге және вакуумдық құралды пайдалануға арналған ауа компрессоры; 3) баллонға арналған оттегі дозиметрі; 4) ылғалдату жүйесі және тыныс алу қоспасын жылытқышы бар ӨЖЖ портативті аппараты; 5) оттегін араластырғыш; 6) Амбу қабы, көлемі 700 шаршы. см-ден аспайтын; 7) ӨЖЖ арналған түрлі өлшемдегі маскалар жиынтығы; 8) ауыз арқылы ауа өткізгіштер; 9) N СРАР респираторлық қолдау жүйесі; 3. Трахеяны интубациялауға және тыныс алу жолдарының санациясына арналған жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар: 1) тік сыналары бар ларингоскоп №0 және №1; 2) интубациялық түтікшелер (D-диаметр 2,5; 3,0; 3,5; 4,0); 3) электрлік немесе вакуумдық сорғыш, бір реттік груша және аспирацияға арналған катетерлер жиынтығы (№ 5, 6, 8, 10, 12, 14); 4) назогастральдық сүңгі – диаметр 6 мм. 4. Дәрілік заттарды енгізуге арналған жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар: 1) инфузомат, шприцті сорғыш (2-3 дана аккумулятормен); 2) перифериялық венаны катетерлеуге арналған жиынтық; 3) инфузия жасауға арналған система; 4) түрлі көлемдегі шприцтер; 5) тройниктер; 6) көбелекті-инелер; 7) хирургиялық пинцеттер, скальпель, қайшылар; 8) тазартылған қолғаптар. Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы: АҚ – артериялық қысым; ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету. ЭКГ – электрокардиография;
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 10-қосымша