Қазақстан Республикасындағы балалар туралы жалпы мәлімет


Сотталған кәмелетке толмағандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі әділ сотты жөнелту



бет7/7
Дата10.06.2017
өлшемі2,17 Mb.
#18775
1   2   3   4   5   6   7

Сотталған кәмелетке толмағандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі әділ сотты жөнелту
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесінде (бұдан әрі ҚАЖ комитеті) бүгінгі күні 4 тәрбиелік колония және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті Департаментінің (әрі қарай -ҚАЖКД) ЛА-155/4 мекемесі жанынан қыздарға арналған 1 локалды (әрі қарай- ТК) учаскесі бар. Соңғы үш жылда аталған колонияларда ұсталып отырған сотталушылар санының төмендеу тенденциясы байқалады. Жоба қуаттылығы 1300 орындық тәрбиелеу колониясында: 2008 жылы-449, 2009 жылы-427, 2010 жылы -243 кәмелеттік жасқа толмаған сотталушылар (оның ішінде 3-і әйел) ұсталуда.

Болған жағдайды ескере отырып, төрт тәрбиелеу колониясының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасы негізінде ұсталу талабы халықаралық стандартқа сай 350 орынды (1223 шаршы метр) лимитпен Алматы қаласында колония құру шешімі қабылданды.

Республиканың мәдени өмірінің орталығы болып табылатын, жұмсақ ауа-райы бар Алматы қаласында сотталған кәмелетке толмағандарды ұстау, тәрбиелеу процессінің нәтижесіне ықпал етеді. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қолдауын тапты.

2010 жылы жасөспірімдерге қатысты қылмыстық саясатты гуманизациялауға бағытталған «Балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша біршама заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл заңда қоғамнан аластатылған жасөспірімдерге қолданылатын жазалау мен тыйыюлар жеңілдетілген. Бостандығынан айырылған жерлерге жібермей, оларды профилактикалық шара қолдану арқылы түзетуге болады.

Қабылданған Заң шеңберінде гуманизациялау бойынша 6 мыңдай сотталғандар мүмкіндік алды. 2011 жылдың өзінде 2 мыңдай кіші және орта ауырлықта қылмыс жасағандары үшін сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды.

Қылмыс жасаған балалардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы 14 жастан 16 жасқа ұлғайды. Бұл заңның бір жаңалығы екі жақ келісімге келген жағдайда ауыр қылмыс жасаған жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, шарттарын алып тастаған жағдайда, егер келтірген нұқсанның орны толтырылмаған жағдайды есептемегенде (ҚК 67 бап («Жәбірленушімен келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмау туралы») үшінші бөлікпен толықтырылған, онда жоғарыда көрсетілген шарттарға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы қарастырылған).

Қылмыстық заңнаманы гуманизациялаудан басқа заң азаматтық-құқықтық жауапкершілікті тағайындау арқылы жасөспірімдермен құқықтық қарым-қатынасты реттеуді қарастырған. Сондай-ақ, Азаматтық-құқықтық кодекс тұтас тараумен толықтырылған, жасөспірімдерді ерекше тәртіпте ұстайтын арнайы мекемелерге және білім беру мекемелеріне жіберу, сонымен қатар сотта осы шешімдерге шағым беру мүмкіндігі қарастырылған.

Комитеттің азаптауға қарсы және азаптау қимылдарына қарсы ұсыныстарын орындау аясында, Біріккен ұлттар ұйымы Комитетінің 2009-2012 жылдарға арналған азаптауға қарсы ұсыныстарын іске асыруға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметінің іс-шаралар жоспары дайындалды.

Қызметкерлері жасаған жәбірлеу бойынша қылмыстық істерге тергеу жүргізу құқық қорғау органдарының қарамағынан алынды.

Заңнамалық ұғым «азаптау» 1984 жылы 10 желтоқсанда Нью-Йорк қаласында қол қойылған азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаулар түрлеріне қарсы Конвенция талаптарына сәйкестендірілген. Азаматтардың жасалған азаптаулар туралы, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша өтініштерін тексеру механизмі реттелді. Бас бостандығынан айыру орындарында тұлғалардың дене жарақатын дәрігерлік анықтаудан өткізу кезінде сот сарапшыларының міндетті түрде қатысуы енгізілген.

2011 жылдың соңына дейін ұлттық превентивтік механизм туралы және сотталғандардың пробациялық қызметі туралы заң жобаларымен жұмысты аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар превентивтік механизм қызметінің қағидалары бүгінгі қылмыстық- атқару жүйесіне жаңалық емес. 5 жылдан бері елімізде қоғамдық бақылау комиссиясы белсенді жұмыс атқарып келеді. 2008 жылдан бері аталған комиссиялардың жүргізген тексерістерінің саны 4 есеге өсті.

Жалпы, Қазақстанның пенитенциарлық жүйесі кезең-кезеңмен халықаралық стандарт деңгейіне көтеріліп келеді. Оны реформалау:

камералық тәртіпте ұстауға көшу;

қоғамдық бақылау механизмін белгілеу мен медициналық қызмет көрсетудің, әсіресе қылмыстық жазасын өтеп шығатын тұлғалар ауруларының алдын алу жүйесінің сапасы

қылмыстық жазасын өтеп шығатын тұлғалар ауруларының алдын алу жүйесінің сапасын арттыру.

Үкімет адамдарды сату фактілері мен азаптауға үзілді-кесілді қарсылық білдіреді.

Комитеттің бала құқықтары туралы 33-сессиясындағы ұсыныстарға байланысты 18 КТУОБО-ры (Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталығы) штаттық саны 386 бірлігімен Ішкі істер министрлігінің жүйесінен білім беру жүйесіне берілді («Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің және құқық қорғау жұмысының тиімділігін арттыру шарасы туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы).

Бұл шешім біздің қоғамымыздың алға қарай ұмтылуының нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты қалыптасқан әлемдік гуманизациялау тенденциясын ескере отырып, балалар панасыздығы мен қараусыздығының алдын алу жүйесін өзгертуге бағытталған.

«Қоғамды қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету бойынша ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасының біршама заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, КТУОБО-ы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы болып қайта құрылды( әрі қарай- КТБО).

КТБО-на 3-18 жас аралығындағы жасөспірімдер: қараусыз және қадағалаусыз қалған балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жасөспірімдер, арнайы білім беру мекемелеріне жіберілгендер орналастырылады.

Жасөспірімдерге қиын жағдайдан шығуға жедел көмек көрсету, оларды орналастыру, баланы отбасымен қосу КТБО-ның басты міндеті болып табылады.



Ювеналды әділет
Республикада 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ювеналды әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес нақты жұмыстар жүргізілуде.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелiгiн жүзеге асырудың барлық кезеңдерiнде оның тиiмдiлiгi мен сапасын арттыруға мүмкiндiк беретiн ювенальды әдiлет элементтерiн кезең-кезеңмен енгiзу және дамыту көзделген. Тұжырымдама әдiлет, iшкi iстер, бiлiм беру және ғылым органдарында, соттарда, прокуратуралар мен адвокатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс бойынша мамандандырылған бөлiмшелер құруды қамтиды.

2008 жылғы 1 сәуірден бастап Алматы қаласының Бостандық аудынының және Астан қаласының Алматы ауданында ювеналды полициясы қызмет етеді, 2011 жылғы маусымнан бастап елiмiздiң барлық аумағында ювеналды полиция бөлімшелерін құру жұмысы басталды.

Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар және Екібастұз қалаларында арнайы конкурстан өткен адвокаттар мен әлеуметтік қызметтерден құралған мамандандырылған ювеналды заң консультациялары қызмет жасайды.Алматы және Астана қалаларында ювеналды сот жұмыс жасайды.

Конвенция тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 2009 жылы Комитеттің қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) басқармасына кәмелетке толмағандар жөніндегі ювеналды әділет тобының бас маманының лауазымы және ҚАЖ комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша департаменттерінің қылмыстық-атқару басқармасына кәмелетке толмағандар жөніндегі ювеналды әділет тобының 15 маман-инспекторының лауазымы енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 494 қаулысымен 2010 жылы ҚАИ-дың штаттық саны 591 бірлікке көбейді. Соның ішінде аудандық және қалалық ҚАИ-дың штатына қосымша 241 бірлік көлемінде ювеналды әділет топтарының мамандары енгізілді. Ювеналды әділеттің негізгі міндеті балалар қылмысының, баланы қадағалаусыз қалдырудың, панасыздықтың алдын-алуды қамтамасыз ету және оларға қатысты қылмыстық жазалауды қолдану деңгейін төмендету болып табылады.

Ювеналды әділет тұжырымдамасын орындау мақсатында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ішкі істер жүйесіндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бойынша бөлімшелер ювеналды полиция болып қайта құрылды («Ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы» Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 281 бұйрығы). Сонымен қатар, екі жақтың татуласуына байланысты кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі пайда болды (ҚК 67-бабы «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату»).

Медиация рәсімі заңды түрде рәсімделді, 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалары мен актілеріне медиация туралы толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңдарымен отбасы және балаларға қатысты істердің ерекшелігін ескере отырып, азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық даулы мәселелер бойынша медиация ресімінің негізі тәртіпке келтірілді.

Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер, кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзушыларға тиісті қылмыс туралы қылмыстық істер ғана емес, сонымен қатар баланың мекен-жайын анықтау жөнінде азаматтық істер және ата-аналық құқықтан айыру (шектеу) мен ата-аналық құқықты қайтару, бала асырап алу, кәмелетке толмағандарды қамқоршылық және қорғаншылыққа алу жөнінде даулар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер (кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғу- әкімшілік құқық бұзушылық істеуге тартқан, балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған ата-аналар немесе олардың орнын ауыстырушы тұлғалар) және басқа соттауға жататын Кешенді құқықтық өкілеттіліктің соты болып табылатын ювеналды сот өз жұмысын табысты жалғастыруда.

Соңғы екі жылда ювеналды сот қарастырған істер саны екі есе өсті. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың көбіне шартты жазалау шарасы қолданылады.

Биылғы жылы бостандықтан айыру жазасы 11 %-на ғана берілді, ал Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 8%.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қамауға алудың баламалы шараларын қолдану фактілері тергеу практикасы талдауы бойынша ұлғаю тенденциясы бар екендігін көрсетті





Есеп беру кезеңі

Елден кетпеу жөнінде қолхат және тиісті тәртіп

Жеке кепілдік

Кәмелетке толмағандарды қарамағына алу

кепілдік

Үйдегі қамауда

тұтқындау

1

2007 ж.

74

4

31

2

11

600

2

2008 ж.

96

5

10

1

1

571

3

2009 ж.

2979

59

704

0

7

534

4

2010 ж.

2481

56

635

0

11

293

Сонымен, 2007 жылы 600 тұтқындау қолданылды, 2010 жылы - 293 (-45,1%). Үкіметтік емес секторлармен ынтымақтастық дамуда. Сонымен, 2010 жылдан бастап Астана қаласында Әкімдіктің және ЮНИСЕФ-тің қолдауымен бас бостандығынан айыруға байланысты жазалауды жүзеге асыратын және тұтқынға ұстауға жабық мемлекеттік мекемелерге жіберілетін балаларға тиімді қоғамдық балама ұсыну бойынша жобаны іске асыратын «ШАНС» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығы жұмыс істейді.

Жоғарыда көрсетілген шаралар түзету орындарында кәмелетке толмаған балаларға қатысты мерзімді өтеуге байланысты істер азайып (60% іс шартты кесім бойынша немесе тәрбие арқылы әсер ету), соңғы төрт жылда түзету колонияларында сотқа дейін қамауға алынған мерзімін өтеуші кәмелетке толмағандар арасында татуласу оқиғалары екі есеге өсті, сотқа дейін күзетке алынғандар және түзету колонияларында жазасын өтеушілер саны екі есе кеміді.

Ювеналды юстиция мамандарын дайындау үшін Жоғарғы Сот, ҚР Президентінің мемлекеттік басқару Академиясы жанындағы әділет институтымен бірігіп судьяларды оқытуға арналған бағдарлама мен тақырыптық жоспар кәмелетке толмағандардың ісін қарау бойынша құрылған.

Республикада 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы наркомания мен наркобизнеске қарсы күрес бағдарламасына сәйкес нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Ішкі істер министірлігі «Жастар нашақорлыққа қарсы» акциясы жоспар негізінде өткізілуде. 2010 жылдың маусымында барлық ірі қалаларда және республика бойынша ірі аудандарда көлемді акциялар өткізілді, бұл Халықаралық нашақорлыққа қарсы күнге арналған және қоғамды есірткімен күреске назар аударуға шақыруға бағытталған.

Ішкі істер министрлігінің есірткімен күрес Комитеті және Астана қаласының әкімдігі және Ішкі істер департаментімен бірлесіп «Бостандық. Бақыт. Өмір» атты кеңкөлемді акция өткізді. Акция бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.

Аталған іс-шараларға 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы наркомания мен наркобизнеске қарсы күрес бағдарламасы аясында 2,176 млн. теңге (15 мың. доллар) бөлінді.

Республиканың барлық аймақтарында шерулер, веложарыстар, концерттік бағдарламалар, конкурстар, викториналар, спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Ғылыми-практикалық дәрігерлік-әлеуметтік нашақорлық проблемларының республикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік коммуналдық мекемесі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп психобелсенді заттарға тәуелділікке тарту қауіп-қатерін психологиялық тестілеу диагностикалық компьютерлік бағдарламасын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2010 жылы Павлодар, Астана, Алматы қалаларының 161 орта білім беру оқу орындарында компьютерлік бағдарламаны енгізу және апробациядан өткізу жүргізілді.

Аталған қалаларда психологтарға, әлеуметтік педагогтарға арналған «Жасөспірімдер және балаларда психобелсенді заттарға тәуелділіктің дамуын және қауіп-қатерді ерте анықтауды қалыптастыру тәсілдері» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды, семинар барысында 161 маман дайындалды (Астана — 61, Алматы — 75, Павлодар —25 адам).

2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы наркомания мен наркобизнеске қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде аталған іс-шараларды іске асыруға Денсаулық сақтау министірлігінен 6,0 милион тенге (41мың АҚШ доллары) бөлінді.

Білім беру ұйымдарында психологиялық тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша компьютерлік тестілеу бағдарламасын тиімді қолданудың мониторинг жүйесі әзірленді, Қарағанды, Тараз, Павлодар қалаларының мектептерінде алғашқы бағалау жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша бағдарламаның тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша тұжырымдама жасалды.

Сонымен қатар, кейбір аймақтарда халықтың әртүрлі топтар арасында әлеуметтік зерттеулер өткізілді.

2010 жылы Ақмола облысында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде жастардың есірткіні пайдалануды бастаудың негізгі себептері анықталды: ортаның әсері — 44,4% және бос уақыттың болуы - 13,8%. Сауалнамаға жауап берушінің 19,2 %-ының қасында есірткі пайдаланған, 79.9%-ы есірткі сатушыларымен кездеспеген.

Есірткі туралы сауалнамаға жауап берушілердің 61,9 %-ы бұқаралық ақпарат құралдарынан,17,4 %-ы арнайы әдебиеттен, 12,3 % -достарынан, 7,0 %- ата-аналарынан есірткі туралы мәлімет алған.

Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген әлеуметтік сауалнамада жастар арасында есірткі қабылдаудың себептерінің бірі ретінде басым көпшілігі басқа адамдардың әсер етуін көрсетті, ортаның -24 %, бос уақыттың болуы – 16.4 %, тыйым салынған затқа қызығушылық – 9.9%, есірткі қабылдау нәтижесін білмеуі – 8.6% көрсетті.

2010 жылы Салауатты өмір салты (ЗОЖ) орталығымен бірлесіп 96 мың оқушыларды қамтыған 128 лекциялық сабақтар, ішімдікке салыну мен темекі шегудің алдын алу бойынша 1500 әңгімелесу өткізілді.

Жоғарғы оқу орындарында есірткінің зияны мен зардабы туралы 189 дөңгелек үстелдер, 206 оқу семинар-тренингтері, 152 акциялар өткізіліп, 210 брошюралар және 22 бейнефильмдер шығарылды. Республиканың 5020 мектептерінде наркопосттар құрылды.

Ата-аналарға арналған дәрігер-нарколог, ішкі істер органдар қызметкерлері, психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысуымен «Бірге ойланайық» атты кеңес беру орны жұмыс істейді.

Оқу орындарында үнемі салауатты өмір салтын насихаттайтын тақырыптық стендтер, кітпханаларда кітап көрмелері жұмыс істейді, есірткіге қарсы бағытталған ақпараттық беттер шығарылады.

Оқу орындарында есірткіге қарсы насихаттау мобильді топтар ұйымдастырылған, аталған бағдарламаны іске асыруда басшылардың бұйрығымен жауапты педагогтар бекітілген. Жыл сайын педагогтар үшін курстар өткізіледі.

Мысалы, 2010 жылы ЖҚТБ (ВИЧ) құқық бұзушылықтың, наркоманияның алдын алу бойынша 4 біліктілігін көтеру курсы, оның ішінде екеуі- ЖҚТБ-тің және есірткінің алдын алу бойынша «ЖҚТБ-тің, улы затқа құмарлықтың, нашақорлықтың, маскүнемдік және шылым шегудің алдын алу бойынша жұмыстың мазмұны оқушылардың өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың негізі» тақырыбында өткізілді. Оған 120-дан астам адам қатысты.

Жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына көмек ретінде Республикалық білім жетілдіру институты ҚПМА ЮНЕСКО-ның Қазақстан медициналық-педагогикалық қауымдастығы қолдауымен ата-аналарға арналған «Шылым шегудің, маскүнемдіктің, улы затқа құмарлық, нашақорлықтың, ЖҚТБ-тің алдын алу» әдістемелік құрал әзірленді.


Балаларды бала еңбегінің ең жаман түрі мен экономикалық қанаудан қорғау
Бала құқықтарына қатысты бала еңбегін қанаудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «ҚР балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында «баланы экономикалық қанау» ұғымы енгізілген және баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы бекітілген.

Халықаралық Еңбек Ұйымының 1973 жылғы N 138 "Жұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi жас туралы" (Женева,1973 жылдың 26 маусымы) Конвенциясының және Халықаралық Еңбек Ұйымының N 182 "Бала еңбегiнiң ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы" (Женева, 1999 жылдың 17 маусымы) Конвенциясының Ережелері «Кейбір заңнамалық актілерге еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 Қазақстан Республикасы Заңына имплементацияланған

Мысалы, заңнамалық актінің 30-бабына сәйкес: «Еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтармен ғана жасасуға рұқсат етiледi. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен еңбек шарты жасасу мүмкін болады: 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, 15 жасқа толған азаматтармен; 2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен; 3) кинемотография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және орындауға қатысу үшін, осы баптың 2 тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін» деп белгіленген.

«Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар деп белгіленген. Аталған баптың 4 тармақшасында баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауiптi жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.

Ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған азаматтардың еңбегін пайдалануға болмайтын өндірістер мен жұмыстар тізімі Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылы 31 шілдедегі № 185-ө бұйрығымен бекітілген.

Қоғамды ақпараттандыру мақсатында бала еңбегін қанау бойынша жыл сайын «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты Ұлттық ақпараттандыру кампаниясы ұйымдастырылады.Кампания барысында республикада бала еңбегін қанауға қарсы профилактикалық рейдтер, бала еңбегінің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандармен әңгімелесу, буклеттер, жадынамалар таратылады, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, байқаулар және концерттер ұйымдастырылады.Кампания жұмысы барысында жыл сайын 300 мыңнан астам балалар мен ересектердің қатысуымен төрт мыңнан астам іс шаралар ұйымдастырылады.

2009 жылдан бастап балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша бірлескен жұмыс жоспары және Қазақстан Республикасында 2009-2011 жылдардағы Халықаралық Еңбек Ұйымының №182 Халықаралық конвенциясы іске асырылуда.

2009 жылы Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында мақта, темекі алқабында жұмыс істеген 900 бала, 2010 жылы - 532 бала еңбегінің фактілері анықталған.

2010 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек берушілердің ҚР еңбек заңнамаларының орындалуы бойынша 18,0 мың тексерістер жүргізілді. Әрбір тексерісте мемлекеттік еңбек инспекторлары бала еңбегін заңсыз пайдалануға назар аударды

Тексеріс қорытындысы бойынша бала еңбегін пайдаланған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Тұрмыстық зорлықтың алдын алу туралы» Заңында балаларға қатысты зорлық-зомбылық, дене жазалары мәселелері қамтылған.

Сонымен, «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп отбасында, мектепте балаларға қатысты зорлық-зомбылық көлемінің деңгейі бойынша әлеуметтік тексеру өткізілді.

Зерттеу жұмыстары Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облыстары мен Алматы қаласындағы зорлық-зомбылықтың себептері мен көлемдерін айқындады.

Сауалнамаға қатысқан 1300 баланың, оның ішінде бастауыш мектеп оқушыларының - 14%, орта және жоғары жастағы мектеп оқушыларының 22% тепкi, түрткiлер, ұру түріндегі тәни зорлық-зомбылық құрбандары болғандықтарын айтады.

Сексуалды зорлық түріндегі зорлықтарға бастауыш мектеп оқушыларының – 2%, орта және жоғары жастағы мектеп оқушыларының - 3% душар болған, ал балалардың 12% оқушылардың арасында қудалауларға душар болған, оның ішінде 9% ұзақ мерзімге.

Қазақстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілетті органдары Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры өкілдерімен бірлесіп, 2010-2011 жылдарға әлеуметтік қорғау, денсаулық басқармасы, білім беру жүйесі бойынша мемлекеттік мекемелердегі балалардың зорлық-зомбылық деңгейінің көлеміне байланысты тексеру жұмыстары жүргізілген.

Тексеру нәтижесі бойынша, интернат үлгісіндегі мекемелерде тұратын балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және ескерту бойынша бірлескен жұмыс жоспары бойынша келіп түскен ұсыныстарын қарауға Денсаулық сақтау, Халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрлігіне омбудсмендік ұсыныстар жіберілді.

Республикада балаларға қатысты зорлық-зомбылықтын алдын алу және ескеру бойынша халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар арасында өзара байланыстарды күшейтуге орай қосымша шаралар қабылданатын болады.

Ақпараттандыру және халықтың сауаттылығын арттыру деңгейін көтеру, балалардың құқық бұзуына жол берген тұлғалардың жауапкершілік мәселелері бойынша заң шығару базасын әбден жетiлдiру жұмыстары жалғасатын болады.

2010 жылы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарымен кәмелетке толмағандар құқықтарының сақталуы бойынша 3 264 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 41 046 заң бұзушылықтар анықталған және жалпы 135 675 баланың құқықтары қорғалған.

Тексерулердің қорытындысы бойынша прокуратура органдарымен мүдделі органдарға заң бұзушылықтарды жою туралы 2 806 ұсыныс жасалған, 542 заңсыз актілерге наразылық білдірілген. Барлығы: тәртіптілік жауапкершілікке - 7 196 тұлға, әкімшілік жауапкершілікке – 2 141 тұлға, материалдық жауапкершілікке – 227 тұлға тартылды. 18 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 9 тұлға бас еркі бостандығынан айырылды.

Тәрбиеленушілердің құқықтарының бұзылуы туралы жағдайлардың барлығы дерлік бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген. Сонымен қатар балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар өздерінің құқықтары жайлы, құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгіну қажеттігінен жақсы хабардар.

Балалар үйлері тәрбиеленушілеріне көрсетілген барлық қатыгездік фактісі бойынша әкімшілік және тәртіптік жаза қолданылады.

Балалар құқықтарын қорғау мақсатында Республиканың барлық аймақтарында Балалар құқықтарын қорғау Департаментерінде сенім телефондары, балаларға арналған қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді, «Дағдарыс орталықтарының Одағы» үкіметтік емес қоғамдық ұйымы мен «Бота» Қоғамдық қоры республика бойынша зардап шеккен әр бала хабарласа алатын «150» Ұлттық тегін телефон желісі жұмысын ұйымдастырды.


Кәмелетке толмағандар арасындағы наркоманияның алдын алу

Республикада 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы наркомания мен наркобизнеске қарсы күрес бағдарламасына сәйкес нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Ішкі істер министірлігі «Жастар нашақорлыққа қарсы» акциясы жоспар негізінде өткізілуде. 2010 жылдың маусымында барлық ірі қалаларда және республика бойынша ірі аудандарда көлемді акциялар өткізілді, бұл Халықаралық нашақорлыққа қарсы күнге арналған және қоғамды есірткімен күреске назар аударуға шақыруға бағытталған.

Ішкі істер министрлігінің есірткімен күрес Комитеті және Астана қаласының әкімдігі және Ішкі істер департаментімен бірлесіп «Бостандық. Бақыт. Өмір» атты кеңкөлемді акция өткізді. Акция бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді.

Аталған іс-шараларға 2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы наркомания мен наркобизнеске қарсы күрес бағдарламасы аясында 2,176 млн. теңге (15 мың. доллар) бөлінді.

Республиканың барлық аймақтарында шерулер, веложарыстар, концерттік бағдарламалар, конкурстар, викториналар, спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Ғылыми-практикалық дәрігерлік-әлеуметтік нашақорлық проблемларының республикалық орталығы» Республикалық мемлекеттік коммуналдық мекемесі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп психобелсенді заттарға тәуелділікке тарту қауіп-қатерін психологиялық тестілеу диагностикалық компьютерлік бағдарламасын енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

2010 жылы Павлодар, Астана, Алматы қалаларының 161 орта білім беру оқу орындарында компьютерлік бағдарламаны енгізу және апробациядан өткізу жүргізілді.

Аталған қалаларда психологтарға, әлеуметтік педагогтарға арналған «Жасөспірімдер және балаларда психобелсенді заттарға тәуелділіктің дамуын және қауіп-қатерді ерте анықтауды қалыптастыру тәсілдері» тақырыбында үш күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды, семинар барысында 161 маман дайындалды (Астана — 61, Алматы — 75, Павлодар —25 адам).

2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы наркомания мен наркобизнеске қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде аталған іс-шараларды іске асыруға Денсаулық сақтау министірлігінен 6,0 милион тенге (41мың АҚШ доллары) бөлінді.

Білім беру ұйымдарында психологиялық тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша компьютерлік тестілеу бағдарламасын тиімді қолданудың мониторинг жүйесі әзірленді, Қарағанды, Тараз, Павлодар қалаларының мектептерінде алғашқы бағалау жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша бағдарламаның тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша тұжырымдама жасалды.

Сонымен қатар, кейбір аймақтарда халықтың әртүрлі топтар арасында әлеуметтік зерттеулер өткізілді.

2010 жылы Ақмола облысында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде жастардың есірткіні пайдалануды бастаудың негізгі себептері анықталды: ортаның әсері — 44,4% және бос уақыттың болуы - 13,8%. Сауалнамаға жауап берушінің 19,2 %-ының қасында есірткі пайдаланған, 79.9%-ы есірткі сатушыларымен кездеспеген.

Есірткі туралы сауалнамаға жауап берушілердің 61,9 %-ы бұқаралық ақпарат құралдарынан,17,4 %-ы арнайы әдебиеттен, 12,3 % -достарынан, 7,0 %- ата-аналарынан есірткі туралы мәлімет алған.

Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген әлеуметтік сауалнамада жастар арасында есірткі қабылдаудың себептерінің бірі ретінде басым көпшілігі басқа адамдардың әсер етуін көрсетті, ортаның -24 %, бос уақыттың болуы – 16.4 %, тыйым салынған затқа қызығушылық – 9.9%, есірткі қабылдау нәтижесін білмеуі – 8.6% көрсетті.

2010 жылы Салауатты өмір салты (ЗОЖ) орталығымен бірлесіп 96 мың оқушыларды қамтыған 128 лекциялық сабақтар, ішімдікке салыну мен темекі шегудің алдын алу бойынша 1500 әңгімелесу өткізілді.

Жоғарғы оқу орындарында есірткінің зияны мен зардабы туралы 189 дөңгелек үстелдер, 206 оқу семинар-тренингтері, 152 акциялар өткізіліп, 210 брошюралар және 22 бейнефильмдер шығарылды. Республиканың 5020 мектептерінде наркопосттар құрылды.

Ата-аналарға арналған дәрігер-нарколог, ішкі істер органдар қызметкерлері, психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысуымен «Бірге ойланайық» атты кеңес беру орны жұмыс істейді.

Оқу орындарында үнемі салауатты өмір салтын насихаттайтын тақырыптық стендтер, кітпханаларда кітап көрмелері жұмыс істейді, есірткіге қарсы бағытталған ақпараттық беттер шығарылады.

Оқу орындарында есірткіге қарсы насихаттау мобильді топтар ұйымдастырылған, аталған бағдарламаны іске асыруда басшылардың бұйрығымен жауапты педагогтар бекітілген. Жыл сайын педагогтар үшін курстар өткізіледі.

Мысалы, 2010 жылы ЖҚТБ (ВИЧ) құқық бұзушылықтың, наркоманияның алдын алу бойынша 4 біліктілігін көтеру курсы, оның ішінде екеуі- ЖҚТБ-тің және есірткінің алдын алу бойынша «ЖҚТБ-тің, улы затқа құмарлықтың, нашақорлықтың, маскүнемдік және шылым шегудің алдын алу бойынша жұмыстың мазмұны оқушылардың өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың негізі» тақырыбында өткізілді. Оған 120-дан астам адам қатысты.

Жалпы білім беретін мектептердің педагогтарына көмек ретінде Республикалық білім жетілдіру институты ҚПМА ЮНЕСКО-ның Қазақстан медициналық-педагогикалық қауымдастығы қолдауымен ата-аналарға арналған «Шылым шегудің, маскүнемдіктің, улы затқа құмарлық, нашақорлықтың, ЖҚТБ-тің алдын алу» әдістемелік құрал әзірленді.
Балаларды бала еңбегінің ең жаман түрі мен экономикалық қанаудан қорғау
Бала құқықтарына қатысты бала еңбегін қанаудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамаларын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, «ҚР балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында «баланы экономикалық қанау» ұғымы енгізілген және баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы бекітілген.

Халықаралық Еңбек Ұйымының 1973 жылғы N 138 "Жұмысқа қабылдау үшiн ең төменгi жас туралы" (Женева,1973 жылдың 26 маусымы) Конвенциясының және Халықаралық Еңбек Ұйымының N 182 "Бала еңбегiнiң ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы" (Женева, 1999 жылдың 17 маусымы) Конвенциясының Ережелері «Кейбір заңнамалық актілерге еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 Қазақстан Республикасы Заңына имплементацияланған

Мысалы, заңнамалық актінің 30-бабына сәйкес: «Еңбек шарты 16 жасқа толған азаматтармен ғана жасасуға рұқсат етiледi. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен еңбек шарты жасасу мүмкін болады: 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, 15 жасқа толған азаматтармен; 2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен; 3) кинемотография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және орындауға қатысу үшін, осы баптың 2 тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін» деп белгіленген.

«Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар деп белгіленген. Аталған баптың 4 тармақшасында баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауiптi жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмыс істеу оқу процесін бұзбауға тиіс.

Ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған азаматтардың еңбегін пайдалануға болмайтын өндірістер мен жұмыстар тізімі Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылы 31 шілдедегі № 185-ө бұйрығымен бекітілген.

Қоғамды ақпараттандыру мақсатында бала еңбегін қанау бойынша жыл сайын «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты Ұлттық ақпараттандыру кампаниясы ұйымдастырылады.Кампания барысында республикада бала еңбегін қанауға қарсы профилактикалық рейдтер, бала еңбегінің ерекшеліктері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кәмелетке толмағандармен әңгімелесу, буклеттер, жадынамалар таратылады, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, байқаулар және концерттер ұйымдастырылады.Кампания жұмысы барысында жыл сайын 300 мыңнан астам балалар мен ересектердің қатысуымен төрт мыңнан астам іс шаралар ұйымдастырылады.

2009 жылдан бастап балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою бойынша бірлескен жұмыс жоспары және Қазақстан Республикасында 2009-2011 жылдардағы Халықаралық Еңбек Ұйымының №182 Халықаралық конвенциясы іске асырылуда.

2009 жылы Алматы, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында мақта, темекі алқабында жұмыс істеген 900 бала, 2010 жылы - 532 бала еңбегінің фактілері анықталған.

2010 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларымен еңбек берушілердің ҚР еңбек заңнамаларының орындалуы бойынша 18,0 мың тексерістер жүргізілді. Әрбір тексерісте мемлекеттік еңбек инспекторлары бала еңбегін заңсыз пайдалануға назар аударды

Тексеріс қорытындысы бойынша бала еңбегін пайдаланған лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты

мәселелерде бала құқығын қорғау
Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуы жөніндегі Қазақстан Республикасы қабылдаған Конвенцияның факультативтік хаттама ережесі жасы 18-ге толмаған балалардың қарулыкүштер қатарына шақырылмауын, соғыс қимылдарына тікелей қатыспауына жол берілмеуін жариялайды. Аталған хаттаманың нормалары баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендірілген құрамаларын құруға тыйым салатын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланы құқықтары туралы» Заңының 41-бабына, сондай-ақ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтарды әскери қызметке шақыруды анықтайтын Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттер және әскери қызметі туралы» Заңының 23-бабына кіріктірілген.

Әр түрлі діни және ұлттық өкілдері арасында бейбіт қатар өмір сүру үшін мемлекетте жасалған құқықтық, идеологиялық және қоғамдық жағдайлар қазіргі кездегі Қазақстандағы мемлекеттік-конфессионалдық қатынастардың дәлелі.

Казақстан бейбітшілік және қауіпсіздік үшін халықаралық қозғалыстарының белсенді қатысушысы және бейбіт азаматтардың өміріне, денсаулығына және тыныштығына қол сұғатын әртүрлі ланкестік көрінісіне қарсы болып табылады. 2010 жылғы сәуірде бейбіт халықты қорғау және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің террористік іс-қимылдардың алдын алу шараларын өткізу жауапкершілігі кепілдіктері заңды түрде күшейтілді.

Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» (2005 жылғы 18 ақпанындағы №31) Заңына сәйкес балаларды қарулы жанжалдарға қатыстырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жаза қарастырылған.

Елімізде балаларды қарулы қақтығыстарға және жанжалдарға қатыстырмаудың алдын алу және қорғау мақсатында ақпараттық-құқықтық ағарту шаралары жүргізілуде.

Республиканың барлық облыстарында жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу бойынша Үйлестіру кеңестері жұмыс атқаруда. Жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында ардагерлер кеңесі, ауған-жауынгерлері, үкіметтік емес ұйымдар жұмыс жүргізуде. Республикада балаларға патриоттық тәрбие беру, дене шынықтыруды дамыту негізгі мақсаты болып табылатын «Ұлан» әскери-спорттық ойындары өткізілуде.

Барлық білім беру мекемелерінде жалпыға бірдей құқықтық білім беру мектептері жұмыс атқаруда, Факультативтік хаттаманың ережелері мен принциптерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстелдер, түрлі шаралар, акциялар, оқулар өткізіледі.

Мысалы, 2010 жылы Астана қаласында «Бейбітшлік уақыттағы қарулы қақтығыстар», «Халықаралық терроризм және балалар» атты дөңгелек үстелдер өткізілді. Сондай-ақ, жыл сайын Бесландағы қайғылы оқиғаларды еске алуға байланысты «Бесландағы оқиғалар», «Терроризм дегеніміз не?», «Соғыста бала жүзі болмайды» атты сынып сағаттары, жиындар, т.б. іс-шаралар өткізіледі.

«Өмір қауіпсіздігі негіздері» мектеп курсында Факультативтік хаттаманың ережесі оқытылады.

Әскери мектеп-интернатта, кәсіби-техникалық оқу орындарында балалардың қарулы қақтығыстарда қатысуы жөніндегі Конвенцияның факультативтік хаттама ережесін оқыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.

Республикада 2010-2011 оқу жылында 980 оқушыдан артық және 22 кадет сыныптар, 500 оқушы оқытылатын әскерге шақыруға дейін тереңдетіп дайындайтын 4 облыстық кадет мектеп-интернаттары қызмет атқаруда. Аталған білім беру ұйымдары Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында қызмет жасайды.

Республикада негізгі мектеп оқушыларын әскери мамандықты таңдауда кәсіптік бағдар беруге ерте бейімдеу үшін 1350 тәрбиеленуші оқытылатын үш республикалық әскери мектеп-интернаты ашылды.

Әскери мектептің негізгі міндеті – мемлекеттік және шет тілдерді оқыту, бозбалалармен күшейтілген шынықтыру дайындықтарын жүргізу. Әскери мектептерде оқыту мерзімі 2 жыл -10-шы, 11-ші сыныптар.

2010 жылы балалар арасында өз құқықтары жайлы ақпараттылық сауаттылығы мен бала құқықтары туралы Конвенция сияқты негізгі халықаралық құжаттарды білу деңгейін тексеру бойынша зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмысына республиканың 193 025 бала тартылды. Сауалнамаға балалардың қарулы жанжалдарға қатысуы жөніндегі бірнеше сұрақтар енгізілді.

Зерттеу нәтижесінде республиканың (16 облыстан) 5 облысында балалар өз құқықтары жайында сондай-ақ, Қарулы жанжалдарға балалардың қатысуы жөніндегі Факультативтік хаттаманың негізгі ережелерін жақсы білетіндігі анықталды (басқа аймақтарда ақпараттану деңгейі 52%-70%). Сауалнама жүргізілген Ақмола, Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының 100%,-ы (Жамбыл - 77,7%, Қызылорда – 76,5%, Маңғыстау – 75) 18 жасқа толмаған азаматтардың тікелей соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартылуға болмайтынын, қарулы күштер қатарына шақырылмайтынын атап көрсетті. Барлық облыстарда балалар қарулы жанжалдарға қатыспағандықтарын, куәгер немесе әскери қақтығыстардан зардап шекпегендіктерін және ондайды көргісі келмейтіндіктерін айтты.

Бала сатуға, бала жезөкшелігіне, бала порнографиясына қатысты мәселелерде бала құқығын қорғау
Қазақстан Балаларды саудалауға, бала жезөкшелігіне және бала порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялай отырып өзінің балалардың құқықтарын жан-жақты қорғау жолында екенін жария етті.

2006 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы бала сатуға, бала жезөкшелігіне және бала порнографиясына қатысты Факультативтік хаттаманың іске асырылуы туралы бірінші есебі дайындап, Балалардың құқықтарын қорғау Комитетіне жолдады.

2010 жылы Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттерде бала тағдырын бақылауға құқық беретін Балалардың құқықтарын қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияны бекітті.

Балаларды халықаралық ұрлаудан сақтау азаматтық аспектілер туралы Конвенция қабылдау бойынша жұмыс басталды. Оның мақсаты балаларды заңсыз орын ауыстыру немесе ұстаудан халықаралық қорғау және оларды тез арада тұрғылықты мекен-жайы бойынша мемлекетіне қайтару тәртібін бекіту.

Қазіргі кезде ҚР Президенті «Бала құқықтарын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілерде толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңына қол қойды. Аталған заңмен «баланы экономикалық қанау» түсінігін енгізу ғана емес, сондай-ақ, экономикалық қанаудан баланы қорғау құқығы бекітілді (бала қанауы – бала еңбегінің ең нашар түрлері, сол сияқты кәмелетке толмағандарды сату, жезөкшелікке тарту және т.б.).

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасаған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту анағұрлым күшейді (ҚК 120, 121, 122 және 124 баптарына), баланы тәрбиелеу міндеттері жүктелген (ата-аналар, қорғаншы/қамқоршылар, педагогтар) тұлғалар тарапынан жасалынған сексуалды сипаттағы іс әрекеттерге байланысты жаңа нормалармен толықтырылды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 120 бабы кәмелетке толмағандарды сексуалды зорлаған үшін 20 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Кәмелетке толмағандардың тәрбиешілеріне жазалау күшейді. Бас бостандығынан айыру мекемелерінде отырып келгендерге 10-нан 20 жылға дейін балалармен жұмыс істеуге тыйым салынған.

Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды жасау немесе айналымға шығару, сонымен қатар, оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу және тартқан үшін заңмен жауапкершілік қарастырылған (273-1 бап. «Кәмелетке толмағандардын порнографиялық бейнелері бар заттарды немесе материалдарды жасау және тарату, сондай-ақ, оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту»)

Қазақстан Республикасы аумағында қаталдықты, зорлық-зомбылықты, порнографияны насихаттауға бағытталған мәліметтер және материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағында таратқан үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларымен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бала порнографиясын насихаттайтын шетел бұқаралық ақпарат құралдары-интернет-қор өнімін Қазақстан Республикасы аумағында таратылуын тоқтату туралы Астана қаласының 2011 жылғы 3 маусымдағы №2-1078/11 сот шешімі қабылданды.

Балаларды сексуалды немесе жыныстық баулудан қорғау мақсатында осындай қылмыс үшін ертеде сотталған тұлғаларға заңмен қосымша талап қойылған. Оларды жазасын өтеуді мерзімінен бұрын босату тек қана жаза мерзімінің төрттен үшін нақты өткеннен кейін ұсынылады.

Бала еңбегін қорғау және қанауды болдырмау мақсатында қәмелетке толмағандарға эротикалық сипаттағы материалдарды жария ететін мерзімді баспа басылымдарға өнімді сатуға заңды түрде тыйым салынған.

Осыған орай, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 14 бабы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын кәмелетке толмағандарға сату тыйым салынған туралы ережемен толықтырылған.

Ішкі істер Министрлігі қылмыстың құрбаны немесе куәгері болған тұрмыстық зорлық-зомбылық, сексуалды және экономикалық қанау, адамды ұрлау және сатуды қоса алғанда балаларды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамаларының жүзеге асырылуын бақылайды.

Соңғы төрт жыл ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың өсуі

5-7 %-ға (6274 тен 5945) төмендегені байқалды. 2011 жылы ұқсас жағдай байқалды. 2011 жылдың 7 айында кәмелетке толмағандарға қатысты 4388 қылмыс жасалды, оның ішінде 140 зорлау, 74 зорлық сипаттағы сексуалдық іс-әрекет, 70 жыныстық қатынас немесе 16 жасқа толмағандарға қатысты басқада сексуалды сипаттағы іс-әрекетер.

Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саяси тұжырымдамасына сәйкес әлеуметтік ортаның кері әсерін тигізуден балалардың құқықтарын қорғау тиімділігін көтеру мәселелері заңнамалық шаралар арқылы шешілуде және кәмелетке толмағандарға қатысты жазалау және қоғамнан оқшалауға байланысты жазалау, қуғын-сүргін шараларын қолдануы ықшамдау жолымен алдын-алу және сақтау-қорғау қызметіне қатысты жазалаудан құқық қолдану тәжірибесінің басымдылығы өзгеруде.

Қылмыстық озбырлықтан кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында азаматтық қоғам институтымен және басқада да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп аталған санаттағы қылмыстың алдын алуға, тергеуге және ашуға бағытталған кешенді шаралар іске асырылуда.

Сонымен, 2009 жылдың наурызында «SТОР трафик» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар ұйымы және ҚР АҚШ Елшілігімен бірлесіп үгіт-насихат пойызы жіберілген «Адам сатудың құрбаны болма!» атты республикалық кең ауқымды акциясы өткізілді.

Ақпараттық науқанның қорытындысы бойынша адамдарды сату құрбандарының құқықтарын және бостандығын қорғаумен айналысатын Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің, ҚР ЮНИСЕФ, ҚР ЕҚҰЕ орталығының, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «Адамдарды сатуға қарсы әрекет: тәжірибе алмасу, стратегиялық жолды табу және ынтымақтастықты нығайту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2009 жылдың қыркүйек айында Ішкі істер, Әділет, Білім және ғылым министрліктерімен, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігімен және «Феминист лигасы» ҚҚ үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен Астана қаласы, Ақмола облысының студеттері мен оқушылары үшін сату заты болып табылған адамдардың нақты өмірінен «Түнгі жұлдыздар» атты театрландырылған қойылым ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Құлдыққа жол жоқ,- деп айт!» атты ақпараттық буклеттер, дискілер таратылды.

2009 жылдан бастап Астана қаласында Әділет министрлігінің қолдауымен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын адам саудасында болған құрбандарды ақтау бойынша «Қорғау» бірінші дағдарыс орталығы құрылып, жұмыс атқаруда.

2009 жылдың қарашасында Ішкі істер министрлігі «Қазақстандағы дағдарыс орталықтарының одағы» Заңды тұлғалар ұйымымен бірлесіп адам сатумен күрес бойынша Европалық комиссия сарапшысының және халықаралық өкілдерінің қатысуымен «Адамдарды сатуға қарсы әрекет: тәжірибе алмасу, стратегиялық жолды табу және қарым-қатынасты нығайту» атты семинар-кеңес өткізді.

2009 жылдың мамыр, қазан және желтоқсанында Ақтау, Павлодар және Ақтөбе қаласында ІІБ және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Адам құқығы үшін хартия» қоғамдық қоры Қазақстанда адам сатуға қарсы әрекет ету туралы семинар өткізді.

Адам сату фактілеріне жол бермеу сонымен қатар адам саудасына түскен құрбандарға заңгерлік, медициналық және психологиялық көмек көрсету мақсатында Ішкі істер министрлігі мемлекеттің барлық аймақтарынан ұялы және қалалық телефондардан тікелей қоңырау шалуға болатын «11616» шұғыл телефонын қосу мәселесі шешілді.

Республикада әр балаға жәрдемге жүгінуге мүмкіндік беретін балалар қоғамдық қабылдаулары, «сенім телефондары», тәулік бойы ақысыз 150 нөмірлі телефон желісі жұмыс жасайды.

Казіргі кезде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып әйелдер мен балаларды экономикалық және жыныстық қанау және адам саудасы мәселесі бойынша халықтың құқықтық сауаттылығын және ақпараттандыру деңгейін көтеру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігі
Конституцияға сәйкес, балаларына қамқоршылық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың табиғи құқығы және міндеті.

2009 жылғы тамыздан бастап, кәмелетке толмағандарға түнгі мезгілде рұқсат берген ойын-сауық мекемелерінің меншік иелері мен ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынған.

2010 жылы кәмелетке толмағандарды түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелеріне жібергендіктері үшін 700-ден астам ойын-сауық орындарының иелері және 3 мыңнан астам ата- аналар мен оларды ауыстыратын тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке артылған.

16 мыңнан астам кәмелетке толмағандар қоғамдық орындарда сыра ішкені үшін ұсталған. 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны және жасөспірімдерге алкогольдік өнімдерді сатқаны үшін 2 мыңнан астам жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

2010 жылғы 20 желтоқсанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде (сағат 23.00-ден сағат таңғы 6.00-ге дейінгі) заңды өкілдердің бақылауынсыз мекен-жайдан тыс орындарда болуына қатысты әкiмшiлiк жауапкершiлiк жүктеу мәселелер бойынша Заң қабылданған. Заң қабылданған уақыттан бастап, 8 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Негізінен жасөспірімдерді қоғамға тыс әрекеттерге және ішімдікке тартатын ересек тұлғалардың анықталуына назар аударылып отыр.

Ішкі істер органдарының тізімінде 13 мыңнан астам тұрмысы қолайсыз отбасы тіркелген, онда 25 мыңнан астам бала тәрбиеленіп отыр. Ішкі істер және білім беру органдары бірлесіп, балалардың құқықтарын қылмыстық қолсұғулардан қорғауға байланысты ата-аналар мен олардың орнында қамқорлық жасайтын тұлғалардың заңмен белгіленген мүмкiндiктерінiң барлық спектрiн қолданады.

Сонымен бірге, 2010 жылы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған бір мыңнан астам ата-аналар мен олардың орнында қамқорлық жасайтын тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы (Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамаған) бойынша 27 іс қозғалған. Бір мыңнан астам ата-ана ата-аналық құқығынан айырылған.

2011 жылы 3 мыңнан астам ата-ана әкімшілік заңбұзушылық Кодексінің 111 бабы (Ата-аналардың немесе олардың орнындағы тұлғалардың бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамауы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексінің 137 бабы ( Кәмелетке толмағандар тәрбиесі бойынша міндеттерін атқармау) бойынша 13 ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды қоғамға жат қылықтар жасауға тартқаны үшін 4 ересек тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды ( ҚР ҚК 132 бабы).
IX. Адам құқықтары бойынша ақпараттандыруды арттыру
Қазақстан Республикасында 2009-2012 жылдарға арналған (бұдан әрі -Ұлттық жоспар) Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспары әзірленді.

Ұлттық жоспардың негізгі мақсаты- адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру, адам құқықтары саласындағы негізгі білімнің принциптері мен әдістерінің жалпы түсінігін жетілдіру, ұлттық және халықаралық деңгейдегі адам құқықтары саласындағы білімге аса назар аудару, адам құқықтары саласындағы білімді жетілдіру және дамыту ісіндегі барлық қызығушылық танытқан жақтардың ынтымақтастығы және өзара іс-қимылының кеңеюі, сонымен қатар, адам құқықтары саласындағы қолданыстағы оқу бағдарламаларын жетілдіру

Адам құқықтары білім берудің барлық жүйесі шеңберінде және білім берудің барлық деңгейі жүйесінде енгізілген және жүзе асырылады.

Әрбір балаға саяси-құқықтық қажетті көлемде білім беру мақсатында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін бейінді мектептердегі 10-11 сыныптарында 68 сағат және математикалық-жаратылыс тану бағытындағы 10 сыныптарында-34 сағат көлемінде «Құқық негіздері» пәні оқытылады.

9 сыныптарда 68 сағат көлемінде «Адам. Қоғам. Құқық» пәні оқытылады.

Осы курстардың оқыту объектісі қазақстандық қоғамның құқықтық жүйесі, құқық саласының негізі, соттың, прокуратураның және басқа да құқық сақтау органдарының қызметі болып табылады.

2006-2007 оқу жылынан бастап республика мектептерінде құқық пәндері республикалық олимпиадалар және ғылыми жобалар жарысы тізбесіне енгізіліп, оқушылардың құқық пәндерін оқудағы белсенділігін арттыруда әзерін тигізді.

Сонымен қатар, қосымша факультативтер, сынып сағаттары, мектептен тыс іс-шаралар жүргізілуде. Оқушылар арасында құқықтық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыратын мектеп агитбригадалары қызмет істейді.

Адам құқығын қорғау және демократиялық бостандық принциптеріне барлық азаматтардың мемлекеттік істі басқаруға қатысу мүмкіндігіне, діни нанымына, ұлтына қарамастан бостандығын және жеке басын құрметтеу, әркімнің және баршаның теңдігіне негізделген «Азаматтық білім беру» вариативті курсы жүргізіледі. Вариативтік курс сағат саны- аптасына 1 сағат.

Адам құқықтары саласындағы білім беру мәселелері туралы материалдар мерзімдік журналдар мен газеттерде жарияланады: «Қазақстан балалары» (ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті), «Бала және құқық», «Қазақстан тарихы», «Учитель Казахстана», «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан мектебі» және тағы басқалар.

Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінде 6 WEB-сайт құрылған, онда құқықтық ақпараттар орналастырылады және құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Балалардың құқығын қорғау комитетінің www.bala-kkk.kz сайтында «Өзін - өзі тану», «Қоғамға қызмет ету», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Сұрақ-жауап», «Гаага Конвенциясы» және тағы да басқа айдарлар құрылған.

Халықтың заңнамалық ақпаратқа қол жетімділігі кеңейтілді. Қоғамдық орындарда қолданыстағы құқықтардың электрондық базасына тегін кіру нүктелері орналастырылған.

Сонымен қатар, Әділет министрлігі сайтында аталған базаның ақысыз қысқартылған Интернет-версиясы қызмет етеді. Таяу болашақта барлық құқықтық массивке халықтың қол жетімділігін кеңейту жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта азаматтардың мәдени-құқықтық деңгейін көтеру жөнінде 2012-2014 жылдарға арналған Кешенді жоспар әзірленді.

Балалардың проблемаларын шешуде уақытында көмек көрсету, құқықтық қорғау мәселесіндегі істің ахуалы бойынша ақпаратты талдау және жинау, олардың өз құқығы жөнінде ақпараттандыру дәрежесін анықтау, бала құқықтары туралы материалдарды тарату мақсатында республикада сенім телефондары мен балалардың қоғамдық қабылдаулары жұмыс істейді.

Республикада балалармен жұмыс iстейтiн мамандардың, жұртшылықтың, балалар мен олардың ата-аналарының Конвенцияның негiзгi ережелерi туралы хабардар болу мәселелерiне, оларды насихаттауға және түсiндiруге аса көңiл бөлiнедi.

Құқықтық сақтау органдары және жаза атқарушы жүйе қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін көтеру және оқыту бойынша тұрақты негізде шаралар қолданылады. Оның ішінде адам құқықтары шеңберіндегі стандарттар мен халықаралық құқықтық нормаларды қолдану және зерделеу бөлімінде.

Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-ІІМ) оқу бағдарламаларында, сонымен қатар біліктілігін көтеру курстарында Бала құқықтары туралы конвенцияны, балалар бостандығы мен құқығын қорғауды қамтамасыз ететін мәселелерді реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілерді оқытуға арналған арнайы курстар енгізілген.

Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарында «Әлеумет тану» дисциплинасы бойынша, «Отбасы және жастарды әлеуметтендіру», «Бала құқықтары туралы Конвенция» тақырыптары 6 сағат көлемінде, ал колледждарде -«Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың құқығын және бостандығын қорғау» тақырыбы 4 сағат және Ішкі істер министрлігінің училищесінде кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуші учаскелік инспекторларды дайындау барысында «Арнайы дайындық» дисциплинасы бойынша Бала құқықтары туралы Конвенциясы жөнінде тақырыптар оқытылады.

2010 жылғы 19-21 мамыр аралығында Астана қаласында адам құқығының және заңдылықтың сақталуы бойынша Қазақстандық халықаралық бюромен бірлесе отырып, Ішкі істер министрлігі училищелерінің 15 өкілінің қатысуымен адам құқығы жөніндегі арнайы курс өткізу әдістемесі бойынша балалар мүддесі мен құқығын оқытуды қарастыратын тренинг өткізілді.

Учаскелік және мектептік полиция инспекторлары Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша тұрақты негізде Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық хабарландыру жүргізеді және мектептерде балалар үшін Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі қағидалары мен принциптері жөнінде, құқығы бұзылған жағдайда өз құқығын қорғау бойынша оқыту тренингтері өткізіледі.

Балалардың және жасөспірімдердің Қазақстандағы балалардың жағдайы және Бала құқықтары туралы конвенцияның баптары туралы мәліметтерін жоғарлату үшін республикалық іс-шаралар өткізіледі: форумдар, саммиттер, конференциялар, дебаттар және басқалар.

2011 жылы 6 мыңнан астам іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде 70 семинар, 30-ға жуық дөңгелек үстел, 2 мың дебаттар, бала мүдделері мен құқығын қорғау мәселелері бойынша диспуттар, 5 мыңнан артық қайырымдылық акциялары, плакаттар, суреттер конкурстары, мерекелік концерттер және басқалар. Іс-шараларды өткізуге әртүрлі халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар және бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтар, меценаттар, демеушілер белсене қатысты.

Ата-аналарға, әсіресе ауылды жерлерде, балалардың қатысуымен ата-аналар лекторилер, семинар-тренингтер, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу көзделген. Білім беру ұйымдарында Бала құқықтары туралы конвенцияға арналған стендтер, бұрыштар, кітапханада құқықтық білім беру жөніндегі стендтер рәсімделген.

Республикада агиттоптар, агитбригадалар, мектептік омбудсмендер қызмет етеді.

Павлодар облысында мектеп омбудсмендері әрекет етеді. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстағы жалпы білім беретін 146 мектеппен бірге мектеп омбудсмені қызметінің ережесіне қол қойып, 2009 – 2011 оқу жылына арналған жоспарын бекітті. Білім беру ұйымдарында мектеп омбудсмендерінің атына жазылған өтініштер мен хаттар үшін жәшіктер орнатылған, оқушыларды қабылдау жұмыстары жүргізіледі. Павлодар қаласындағы мектеп омбудсмендері компьютерлік клубтарды тексеру акциясына қатысып, қала мектептері оқушыларының арасында өз құқықтары туралы хабардар болу мәселелері жөнінде сауалнама жүргізді.

«Құқықтық шолғыншы» үгіттоптары Конвенция баптары туралы әңгімелер, сюжеттік қойылымдарды көрсетуді жүзеге асырады, құқық тақырыбына викториналар, сайыстар, дөңгелек үстелдер өткізеді.

Жыл сайын республикада әлеуметтану зерттеулері, Конвенция ережелері туралы балалардың хабардар болу деңгейінің, бала құқықтары бойынша ағартушылық және білім беру қызметінің мониторингі жүргізіліп отырады.

2010 жылы республиканың қалалық және ауылдық өңірлерінен 193 025 бала балалардың өз құқықтары жөнінде хабардар болуының, Бала құқықтары туралы конвенция, балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына; бала сатуға, балалардың жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Факультивтік хаттамалар сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуінің деңгейі жөнінде зерттеулермен қамтылды.

Тұтастай алғанда, оқушылардың бала құқықтары туралы мағлұматы бар. Сауалнамаға қатысқандардың жартысы халықаралық құқық қорғау құжаттары туралы жақсы білетінін көрсетті.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан астамы Бала құқықтары туралы конвенция туралы біледі: ең жоғары көрсеткіш Батыс Қазақстан (89%), Павлодар (89%), Шығыс Қазақстан (86%), Жамбыл (62,1%) облыстарында. Қалған облыстарда Конвенция туралы хабардар болу көрсеткіштері 56%-дан 60%-ға дейінгі аралықта.

Білім берумен, сондай-ақ денсаулықпен және эмоционалдық саулықпен (физфикалық және психологиялық зорлықтың, кемсітудің, қатал немесе немқұрайлы көзқарастың барлық түрлерінен қорғаумен) байланысты құқықтар ең маңызды құқықтар деп белгіленді.

Зерттеу нәтижелері бойынша мектеп балалар үшін ең негізгі және маңызды құқықтық ақпарат көзі болып қала береді. Атырау облысы (86%), Алматы қаласы (60%), Ақтөбе (54%) және Қарағанды (50,5%) облыстары балаларының жартысынан астамы осылай деп санайды. Қалған облыстардағы балалар мектептен басқа, ата-аналар мен БАҚ-ты ақпарат көзі болып табылады деп санайды.

Сауалнамаға қатысқандардың барлығының дерлік бала еңбегінің ең нашар түрлері туралы хабары бар. Бұл терминді Алматы қаласының сауалнамаға жауап берушілерінің жартысынан астамы (63%) анықтай алды. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары (98,9%), Ақмола облысының сауалнамаға қатысқан оқушылары (89%) және қалған облыстар оқушыларының 57%-дан астамы республикада балалардың мәжбүрлі жұмыс істеуіне тыйым салынғанын біледі.

Сауалнамаға қатысқандардың барлығының дерлік бала еңбегінің ең нашар түрлері туралы хабары бар. Бұл терминді Алматы қаласының сауалнамаға жауап берушілерінің жартысынан астамы (63%) анықтай алды. Шығыс Қазақстан облысының оқушылары (98,9%), Ақмола облысының сауалнамаға қатысқан оқушылары (89%) және қалған облыстар оқушыларының 57%-дан астамы республикада балалардың мәжбүрлі жұмыс істеуіне тыйым салынғанын біледі.

2011 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті өкілдің оның 2010 жылғы қызметі туралы есебі әзірленді, онда адамның, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатысты ахуалға талдау жасалған, олардың бұзылуына байланысты өзекті проблемалар мен себептер белгіленген.

Омбудсменнің «балалар құқықтарын қорғау және көтермелеу» қызметінің басым бағыты бойынша жұмыс шеңберінде балалар құқықтарын қорғау мониторинг жүргізу үшін Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарының 30 балалар мекемесіне ат басы бұрылды. Мониторинг барысында білім алу, денсаулығын қорғау, дем алу, бос уақыт пайдалану, мәдени және шығармашылық өмірге қатысу, ақпаратқа қолжетімділік, ана тілін, мәдениетін пайдалану жөніндегі балалар құқықтарының сақталу мәселелері зерделенді.

2011 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Парлментінің Мәжілісінде Еуропалық Одақ пен БҰҰ Балалар Қоры Өкілдігі (ЮНИСЕФ) делегациясының қатысуымен БҰҰ Бала құқықтары комитетінің ұсыныстарын орындау мәселелері қаралды.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бала құқықтары туралы конвенцияның 44 бабына және Бала ұқықтары жөніндегі Комитеттің 45 сессиясының ұсынымдарына сәйкес 2011 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген төртінші кезеңдік баяндаманы әзірледі.



ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАР
2011 жылы республикада балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласында біршама ілгерілеушіліктерге қол жеткізілді.

Бала құқықтары туралы конвенция мен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы ұлттық заңнама жөнінде қоғамды, сондай-ақ, балаларды ақпараттандыру бойынша шаралар қолданылды.

Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңнамалық негіз үнемі халықаралық стандарқа сәйкестендіріліп отырады.

Республикадағы министрліктердің және ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қызметі балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, Қазақстан халқына Жолдауында анықталған Елбасының тапсырмасын, ұлттық және халықаралық актілерін, сонымен бірге Біріккен ұлттар ұйымы комитетінің ұсынымдарын орындауға бағытталған.

Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндамасы» әзірленді. Бұл баяндама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1242 қаулысымен бекітіліп, Женева қаласындағы баланың құқықтары жөніндегі Комитетке жіберілді.

Балалардың құқықтарын қорғау бойынша индикаторлар мен көрсеткіштер Қазақстан Республикасының министрліктерімен ведомстволарының Стратегиялық жоспарларына және жергілікті атқарушы органдардың өңірлік даму бағдарламаларына енгізілді.

Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы балалардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік салалық бағдарламалары балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтауға қатысты ұлттық саясатты жүзеге асыруға бағытталған.

Елдегі әлеуметтік салаға арналған шығыстар жыл сайын ұлғаюда.

Осыған орай, балаларды әлеуметтік қорғау жүйесі одан әрі дами бастады, мемлекеттік қорғауды қажет ететін балаларға арналған әртүрлі ұйымдар жүйесі кеңейді, олардың материалдық-техникалық базасы нығайды.

Балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерінде мемлекеттік құрылымдардың үкіметтік және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы мен ведомствоаралық өзара әрекеттесуі жолға қойылды. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанынан ҮЕҰ қеңесі құрылды. Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, халықаралық және ұлттық сарапшыларды тарту арқылы балалық шақ мәселелері бойынша жобалар жүзеге асырылып, форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер, оқыту семинарлары, әлеуметтік зерттеулер, қеңестер өткізілуде.

БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп балалар үшін бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылды.

Республикада науқастықты, жас балалар өлімін азайту және балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық байқау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлеміне бағытталған қаражат көлемі өсті.

Қазақстан Республикасында 2009-2011 арналған №182 Халықаралық еңбек ұйымының Халықаралық конвенциясын іске асыру және балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою бойынша жұмыстардың ведомствоаралық жоспары іске асырылуда.

Балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінген. Республика мектептерінде білім берудің барлық деңгейінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы енгізілген.

Тұрмысы төмен отбасыларымен жұмысты нығайту бойынша нақты шаралар қарастырылған. Жергілікті жерлерде қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарының саны өсті. Бұл шаралар алғашқы деңгейді нығайтуға ықпал етті, қамқоршылар органына осындай көмекті қажет ететін нақты отбасыларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, әрі ол әлеуметтік қорғаудың барлық жүйесінің тиімділігін арттыруы тиіс.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Астана қаласында отбасылық білім беру мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі отбасылық тәрбие институты ашылды.

Өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды бірыңғай есепке алудың интеграциялық деректер банкі құрылды.

Әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы бойынша жұмыс белсендірілді.

Мұндай шаралар панасыз және қараусыз балалардың, жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың санын азайтуға ықпал етті.

Дегенмен, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, балалардың құқығы мен мүдделерін қорғау мәселесінде шешімін таппай жатқан проблемалар да бар.

Балалар денсаулығын сақтау саласында да проблемалар бар. Балалардың сырқаттануы жоғары, әсіресе, оқу үрдісі кезінде. Сырқаттанудағы кейбір көрсеткіштерінің өсуі әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты: қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде «техногендік» жағдайының шамадан тыс артуы; балалардың күнделікті өмірінде стрестік күйде болуының артуы, оқушылардың тамақтану сапасының жеткіліксіз болуы және басқалар.

Аталған бағытта оқушыларды сапалы, дәрумен қосылған тағамдармен қамтамасыз ету мәселесі шешілетін болады. Жасөспірімдер денсаулығы мәселесі зерделенеді, дені сау бала кабинеттері жүйесін кеңейту бойынша шаралар қабылданып, балалардың дүниеге келуі және салауатты дамуы, әр балаға жоғарғы дәрежеде медициналық көмек көрсету қолжетімділігі және бала мен отбасы мінез-құлқы стилінің басымдылығы ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ең жоғарғы жағдайлар жасалады.

Балалар денсаулығын сақтау саласында ана мен бала өлімін азайту, ерте жүкті болу және жаңа туған нәрестеден бас тартудың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Осыған байланысты ерте жүкті болу және жаңа туған нәрестеден бас тарту тек қана денсаулық сақтау мекемелерінің міндеті емес. Бұл мәселеде әлеуметтік қызметтер саласын кеңейту үшін әлеуметтік қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім беру органдарының күші Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен біріктірілетін болады. Елімізде дамудағы мүмкіндіктері шектеулі балалар ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Аталған проблемаларды шешу үшін әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының іс-қимылдары ҮЕҰ-мен бірлесетін болады.

Елде дамудағы мүмкіндіктері шектеулі балалар ерекше назар аударуды талап етеді. Аталған проблеманы шешу үшін:

- олардың білім беру ортасына және қоғамға, мұғалімдер үшін арнайы дайындықты қоса алғанда және мектептерді анағұрлым қолжетімді ете отырып, кірігуіне жәрдемдесуге ықпал ету;

- жаңа ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану, оның ішінде оқыту жүйесіндегі қашықтықтан оқыту, арнайы және инклюзивтік білім беру тиімділігін арттыру үшін кәсіби дайындау мен мамандарды қайта даярлау көзделеді.

Әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы және алдын алу мәселелері шешуді талап етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің 80 пайызға жуығында ата-аналық құқықтарынан айырылған, бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін, өз балаларын тәрбиелеуден жалтаратын ата-аналары бар.

Осыған байланысты, бұл жұмыс:

- отбасы жаңғыруының адамгершілік-рухани жүйесін дамытуға;

- әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша қызметтер желісін кеңейту және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиелеудің баламалы түрлерін дамытуға;

- балаларды баламалы орналастыру (патронат, қорғаншылық, қамқоршылық, бала асырап алу) жөніндегі жұмысты белсендіруге;

- жетім балаларды қазақстандық отбасыларға орналастыру мәселелері бойынша қоғамдық оң пікірді қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жарнаманың дамуын қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Республикадағы қабылдаушы ата-аналар мектептеріне және отбасыны қолдау қызметтеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету жөніндегі «Жақсы ата-ана болу» жобасын әзірлеу және іске асыру көзделеді.

Кәмелетке толмағандардың қараусыздығы және қадағалаусыздығының алдын алу мәселесі өзекті болып отыр.

Тұлғалық даму, балалардың шығармашылық еңбегі, олардың қабілеттерін, қоғамдағы өмірге бейімделуін жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, мазмұнды демалысты ұйымдастыру үшін қосымша білім берудің мектептен тыс ұйымдар жүйесін (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы студиясы; жас техниктер, туристер, натуралистер станциялары; балалардың музыкалық, көркемдік және спорттық мектептері; қызығушылықтар бойынша клубтар және тағы басқалар) кеңейту жоспарлануда.

Балаларды «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар қоғамдық ұйымдарына тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударылатын болады.

Балалар мен отбасы мүдделеріне бағытталған бюджеттік саясатты жетілдіру балалар өмірінің сапасын көтерудің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Балалық шаққа қаржылық салым - жалпы еліміздің, өңірдің тұрақты, ойдағыдай дамуының, халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруының, әлеуметтік шиеленістің төмендеуінің, ең бай және ең кедей отбасы өмірінің нақты сапасы айырмашылығының қысқаруының сенімді кепілі.

Осылайша, қоғамдағы балалар жағдайын жақсарту, оларды қорғау, өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасау, дамыту және тәрбиелеу мемлекеттің әлеуметтік саясатының және қоғамның алға басуының басты шарттары болуы тиіс.


_________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет