11-тарау. Балалар амандығы және құқықтарының сақталуы
Балалық шақ – адам өміріндегі ерекше кезең және мемлекеттің міндеті – балалыққа көзқарастың жаңа этикасын айқындайтын ересектер мен балалар әлемінің өзара қарым-қатынасын реттейтін алғашқы, ресми бекітілген халықаралық құрал ретіндегі Баланың құқықтары туралы конвенция талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
Қолайлы әрі қорғалған балалықты қамтамасыз ету Қазақстанның негізгі ұлттық басымдықтарының бірі болып табылады.
11.1. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты
2016 жылғы 10 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен елімізде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты құрылды. Уәкілдің ерекше мәртебесі оның қандай да бір министрліктің, ұйымның немесе ведомствоның құрылымы болып табылмайтындығында және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейтіндігінде.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл – балалар мен жасөспірімдердің заңды соның ішінде барынша осал топтарға жататындардың (дамуында ерекшеліктері бар балалардың, сәтсіз отбасыларда тұратын балалардың, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған немесе заңмен жанжалдық жағдайдағы, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалардың) құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл балалардың атынан сөйлейді және тек солардың мүддесіне әрекет етеді.
11.2. Қазақстан балаларының өз амандығын бағалауы
Баланың амандығы балалардың отбасындағы, қатарластарымен тұлғааралық қатынастарды, тән саулығының субъективті амандығын, өзін-өі сезінуі мен тұлғалық амандығын - өміріне қанағаттанушылық деңгейін, білім алуына – мектепке оң көзқарасын, мінез-құлқы мен өмір сүру стилін, зорлық-зомбылықты бастан кешіру тәжірибесін қамтиды.
Сауалнама шеңберінде 7-ден
17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге олар өздерін көбінесе қалай сезінеді деген сұрақ қойылды, осылайша, Қазақстандағы балалар мен жастардың эмоционалдық өзін-өзі сезінуін көрсететін өте қызықты мәліметтер алынды. Егер әлемдегі ахуалға тұтас қарайтын болсақ, онда БҰҰ Балалар қорының ((ЮНИСЕФ) 2001 жылғы зерттеуіне сәйкес, Батыс Еуропадағы балалардың 80% барлық уақытта дерлік өздерін бақытты сезінеді, ал өтпелі экономикалы елдерде бұл көрсеткіш төмен – 60%, оған «отбасындағы ахуал мен оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы» ықпал етеді52.
Қазақстанның облыстарында сұралған балалар мен жасөспірімдердің ішінде бәрінен көп қуанышты сезінетіндер 61,7%, ал өз жағдайын жиі көңілсіз бағалағандар 8,6%.
Тыныштыққа қарағанда жүйкелік абыржулықты респонденттердің
9,1% жиі сезінеді, ал 61,4% үшін тыныштық сезімі әдеттегі жағдай болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің 58,4% өздерін қажыр-қайраты толы сезінеді, ал 9,6% үшін ахуал қарама-қарсы: олар өз халдерін көбінесе «енжар» сезінеді. Алайда Қазақстан бойынша респонденттердің 13,7% уақыттың көп бөлігінде шаршауды сезінеді және 45,9% көбінесе өздерін демалғандай сезінеді. Балалар мен жасөспірімдердің 66,3% өз өмірлерін қызық санайды және 10,4% қарама-қайшы пікір ұстанып, өз өмірлерін «қызықсыз» деп бағалайды. Балалар мен жасөспірімдердің 67,3% өздерін сүйіктіміз деп санайды (олардың ішінде 54,8% өздерін абсолютті сүйікті сезінеді), алайда 7,3% өздерін сүйікті санамайды, олардың 3,9% өздерін мүлде сүйікті емес деп есептеген.
Өздерін жиі қуанышты сезінетінін атап өткен респонденттердің көпшілігі Қостанай (76,8%), Қызылорда (76,2%) және Жамбыл (77,4%) облыстарына тән. Бұл облыстар өздерін тыныш, демалғандай, сүйікті сезінетін балалардың саны бойынша да көш басында. Дейтұрғанмен, респонденттердің қажырлы сезінуін қараған кезде жоғары пайыз Солтүстік Қазақстан облысында байқалады – 68,5%, бұл осы облысты Қостанай (72,7%) және Жамбыл (69,3%) облыстарынан кейінгі үшінші орынға шығарады. Ақтөбе облысында өз өмірлерін қызықты санаған балалардың саны барынша көп болып шықты – бұл облыстағы респонденттердің 78,1% бұл нұсқаны белгілеген.
37-кесте. Сен өзіңді бәрінен жиі қалай сезінесің? (%)
|
Қуанышты
|
Көңілсіз
|
Тыныш
|
Ашулы
|
Қажырлы
|
Енжар
|
Демалғандай
|
Шаршаған
|
Менің өмірім қызықсыз
|
Менің өмірім қызықты
|
Сүйікті
|
Сүйікті емес
|
Қатарластары қабылдағандай
|
Қатарластары теріс айналған
|
Астана қ.
|
50
|
12
|
52
|
14
|
41
|
13
|
30
|
25
|
18
|
48
|
47
|
15
|
50
|
7
|
Алматы қ.
|
50
|
16
|
59
|
12
|
50
|
13
|
31
|
23
|
16
|
54
|
57
|
11
|
55
|
9
|
Ақмола
|
60
|
8
|
63
|
10
|
63
|
6
|
44
|
15
|
8
|
70
|
67
|
8
|
71
|
5
|
Ақтөбе
|
70
|
3
|
64
|
7
|
66
|
6
|
55
|
14
|
5
|
78
|
75
|
6
|
75
|
5
|
Алматы
|
54
|
14
|
58
|
7
|
52
|
14
|
44
|
10
|
16
|
56
|
64
|
5
|
51
|
13
|
Атырау
|
66
|
6
|
60
|
11
|
57
|
11
|
41
|
18
|
8
|
69
|
68
|
10
|
65
|
8
|
ШҚО
|
69
|
7
|
61
|
13
|
65
|
9
|
47
|
17
|
9
|
73
|
69
|
11
|
72
|
7
|
|
Қуанышты
|
Көңілсіз
|
Тыныш
|
Ашулы
|
Қажырлы
|
Енжар
|
Демалғандай
|
Шаршаған
|
Менің өмірім қызықсыз
|
Менің өмірім қызықты
|
Сүйікті
|
Сүйікті емес
|
Қатарластары қабылдағандай
|
Қатарластары теріс айналған
|
Жамбыл
|
77
|
4
|
71
|
6
|
69
|
5
|
62
|
9
|
5
|
77
|
76
|
5
|
74
|
5
|
БҚО
|
66
|
4
|
65
|
9
|
61
|
7
|
44
|
16
|
8
|
75
|
68
|
8
|
70
|
4
|
Қарағанды
|
62
|
6
|
65
|
7
|
62
|
6
|
51
|
13
|
9
|
65
|
69
|
6
|
65
|
6
|
Қостанай
|
77
|
7
|
76
|
6
|
73
|
4
|
65
|
7
|
4
|
77
|
83
|
4
|
82
|
3
|
Қызылорда
|
76
|
6
|
70
|
7
|
67
|
9
|
59
|
10
|
9
|
77
|
77
|
4
|
71
|
8
|
Маңғыстау
|
56
|
8
|
47
|
14
|
48
|
10
|
38
|
18
|
10
|
59
|
52
|
10
|
48
|
8
|
Павлодар
|
67
|
6
|
64
|
7
|
65
|
7
|
47
|
13
|
8
|
74
|
70
|
6
|
71
|
6
|
БҚО
|
64
|
5
|
66
|
8
|
69
|
3
|
44
|
12
|
6
|
74
|
70
|
5
|
76
|
4
|
ОҚО
|
56
|
10
|
58
|
10
|
55
|
12
|
43
|
11
|
11
|
65
|
69
|
7
|
55
|
10
|
Орташа
|
62
|
9
|
61
|
9
|
58
|
10
|
46
|
14
|
10
|
66
|
67
|
7
|
62
|
8
|
Өздерін бәрінен жиі көңілсіз сезінетін балалар мен жасөспірімдердің барынша көп саны Алматы қаласында (16,2%) және Алматы облысында (13,5%) байқалады. Жалпы, Алматы және Астана қалалары, сондай-ақ Алматы облысы өздерін енжар, шаршаған, сүйікті емес сезінемін деп, өмірлері қызықсыз деп жауап берген балалар мен жасөспірімдердің саны барынша көп ең жоғары теріс көрсеткіштерге ие. Алайда ашудан гөрі тыныштықты жиі басынан кешіретінін байқаған респонденттердің барынша көп саны Маңғыстау облысында байқалады (14,3%, ҚР бойынша орташа мәні 9,1%).
Жоғарыда айтылған ЮНИСЕФ зерттеуінің ер балаларға қарағанда қыз балалардың өздерін жиі бақытты сезінуі тән мәліметтерінен өзгешелігі, Қазақстан балаларының арасында бұл мәселеде жыныстар арасында айтарлықтай айырмашылық табылмаған. Ер жынысты респонденттердің тек шамалы көбі өздерін уақыттың көп бөлігінде қуанышты сезінеді – 62,3%, ал әйел жынысты респонденттер үшін бұл көрсеткіш 1,1%-ға төмен (61,2%). Алайда, өздерін тыныш сезіну қыз балаларға (59,1%) қарағанда ер балаларға (64,1%) жиі тән. Осы ахуал қажырлылық, өздерін демалғандай сезіну көрсеткіштерін қарастырған кезде де байқалады (ер балалардың 50,2% өздерін демалғандай сезінетінін атап өткен, ал қыз балалар үшін бұл көрсеткіш
42% құраған). Сонымен бірге өз өмірін «қызықты» деп белгілеуде жыныстар арасында елеулі айырмашылықтар табылған жоқ. Дейтұрғанмен, екі жыныстың балалары мен жасөспірімдерінің шамамен бірдей саны өздерін сүйікті санайды, шамалы көп қыз балалар өздерін «сүйікті емес» сезінеді – 8,6%, ал ер балалар үшін бұл көрсеткіш 5,8% құрайды (N=28085).
53-диаграмма. «Сен өзіңді жиі қалай сезінесің?» сұрағына жауаптар
Сұралған балалардың жасының өсуімен қатарлас респонденттер санының ішінде жиі қуанышты деп белгілегендің азаюы байқалады.
Жалпы, респонденттердің жас санаты неғұрлым жоғары болған сайын, балалардың уақыттың көп бөлігінде қуанышты сезіну, қажырлылық, тыныштық, өз өмірін «қызықты» деп қабылдау көрсеткіштері соғұрлым төмен. Өзін сүйікті деп сезінуде қандай да бір төмендеу орын алуда.
Ауылда немесе ауылдық аудан орталықтарында (64,9% және 62,8%) тұратын балалар мен жасөспірімдер қалаларда немесе облыс орталығында (56,8% және 52,6%) тұратындарға қарағанда уақыттың көп бөлігінде өздерін қуанышты сезінеді. Бұл градация балалардың тыныштықты сезінуін қарау кезінде де байқалады. Ауылдық аудан орталықтарында барлық балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өздерін тыныш сезінеді (65,2%). Облыс орталықтары үшін бұл көрсеткіш барынша төмен – 50,8%. Сондай-ақ ауылда немесе ауылдық аудан орталықтарында тұратын балалар өздерін жиі қажырлы, демалғандай сезінеді, өз өмірлерін қызық көреді, өздерін сүйікті сезінеді, қатарластарының қабылдайтынын сезінеді.
Қатарластарының, сыныптастарының, өз достарының қабылдауы балалар мен жасөспірімдер үшін өте маңызды, өйткені бұл оның немесе оның тұлғасының одан әрі дамуына ықпал етеді. Айналасындағылардың қабылдамауы баланың үлгеріміне кері әсер етуі, абыржулық, қорқыныш сезімін шақыруы, күйзелісті жағдайға итермелеуі мүмкін, сондай-ақ осы фактор мен девиантты мінез-құлыққа бейімділіктің артуының арасында байланыс бар. (Дж. Л. Кук, Г. Кук, 2009, 443).
Мұндай жағдайға ерте жаста ұшыраған балалар да жоғары сыныптарда да өздерін жат сезінуге және достарының аз болуына бейім, бұл депрессия және жалғыздық, оқшаулану сезімін дамытуға ықпал етуі мүмкі53. Сәйкесінше, қатарластары жағынан қабылдау сезімі баланың үлгеріміне де, сана-сезіміне де жағымды әсер етуі мүмкін. Қатарластары арасында сұралған балалар мен жасөспірімдердің тек 7,9% өздерін қабылданбаған сезінеді. Өз қатарластары, сыныптастары арасында өздерін қабылданған сезінетін балалар пайызы 62,4%. Қатарластары қабыл алмаған сезінетін ер жынысты респонденттер саны аздап көп – 8,6%, қыздар үшін бұл көрсеткіш 7,3%.
Құқықтық сауаттылық
Халықаралық балалардың амандығына шолуға сәйкес, 15 елде сұралған 10-12 жас аралығындағы балалардың 58% бала құқықтарын біледі деп санайды54. Қазақстан облыстары арасында жүргізілген зерттеуге сәйкес, сұралған балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі – 53,4%, бала құқықтарын жақсы білеміз деп санайды. 35,3% құқықтар туралы біледі, бірақ нашар және 4,5% ештеңе білмейтінін атап өтті.
2-сурет. Сен бала құқықтары туралы бір нәрсе білесің бе?
Егер жас бөлінісінде қарайтын болсақ, өз құқықтарын білуде 11-14 жас аралығындағы жасөспірімдер аса сенімді, 54,9% бала құқықтарын жақсы білетінін айтты. 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында бұл көрсеткіш аздап төмен – 53.3%, ал 7-10 жас аралығындағы балалар арасында бұл нұсқаны 45,4% таңдады.
Ауылдарда және ауылдық аудан орталықтарында тұрып жатқан балалар мен жасөспірімдер бала құқықтарының барлығын біледі деп санауға аса бейім – 57,5% және 54,5% осы жауапты белгіледі, сол мезетте, облыстық орталықтардың тұрғындары бұл жауапты аз таңдағанын көрсетті – 41,4%, ал қалада тұратын респонденттер арасында бұл көрсеткіш 47,1% құрайды.
Респонденттердің көпшілігі олардың барлық құқықтары үйде сақталып жатқанын атап өтті – 77,1%, оқу орындары үшін бұл нұсқа
70,9%, мектеп/колледждерден және үйден тыс жерлер үшін 66,1% құрады.
Жамбыл облысында тұратын сұралған балалар мен жасөспірімдердің 77,5% өзінің барлық құқықтарын жақсы білетінін атап өтті, бұл ҚР облыстар бойынша ең жоғары көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, құқықтар туралы «жоқ ештеңе/білмеймін» жауабын таңдағандардың ең көп үлесі Маңғыстау облысында анықталды – 25,2%.
Достарыңызбен бөлісу: |