9.3.1. Ағымдық жағдай
Есірткі, алкоголь, темекі тұтынатын балалар статистикасы диспансерлік есепте «психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлықтың бұзылушылығы» диагнозымен (бұдан әрі – ПБӘЗ тұтынудан туындаған ПМБ) тұрған балалар негізінде жүргізіледі.
Қазақстанда балалардың психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына қатысты жағдай, статистиканың белгілі бір төмендеуіне қарамастан, бұрынғыдай өзекті болып қалуда. ҚР ДСӘДМ Республикалық нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының ғылыми-практикалық орталығы деректері бойынша 2015 жылы ПБӘЗ тұтынудан туындаған ПМБ диагнозы бірінші рет анықталған балалар саны 1014 құрайды (100 мыңға шаққанда 19,1).
Бұл санның ішінде, 1517 жас аралығындағы жасөспірімдер ең көп тіркелген – 904 адам (100 мыңға шаққанда 136 бала), 14 жасқа дейінгілердің саны 110, бұл 100 мыңға шаққанда 2,3 баланы құрайды.
Диспансерлік есепте тұрған балалар саны 2015 жылы - 1 111 адам
(100 мыңға шаққанда 21 бала). Олардың ішінде 15-17 жастағылар 999 адам (100 мыңға 150,3), 14 жасқа дейінгілер – 112 бала (100 мыңға шаққанда
2,3 бала).
2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда ПМБ диагнозы бірінші рет анықталған балалар саны 1 840-тан 1 014 адамға дейін аздап төмендеді (халықтың 100 мыңына шаққанда: 35,7-ден 19,1 дейін). Сондай-ақ диспансер есебінде тұрған балалар арасында да 2 100-ден 1 111 дейін төмендеу байқалады (100 мыңға 40,8-ден 21,0 дейін).
Маскүнемдік
Балалардың алкоголизммен ауыруы (өмірінде бірінші рет анықталған диагноз) 2014-2015 жж. аралығында 1297-ден 615 жағдайға дейін азайды және 2015 жылы бала халқының 100 мыңына шаққанда 11,6 баланы құрады
(2014 ж. – 25,2).
Есепте тұрған маскүнем балалардың саны 1426-дан 749 дейін (47,5%) қысқарды, бұл 100 мыңға шаққанда. 14,1 (2014 ж. – 27,7) құрайды.
Нашақорлық
Алғашқы диагнозды есірткіге әуес балалардың саны аздап қысқарды. 2015 жылы есірткіге әуес балалар саны 181 (2014 ж. – 261), төмендеу 30,6%, және 100 мыңға 3,4 (2014 ж. – 5,1) құрайды.
Есепте тұрған есірткіге әуестер саны 2015 жылы 217 (2014 г. – 304), 28,6% төмендеген, 100 мыңға шаққанда 4,1 (2014 ж. – 5,9) құрайды.
Темекі шегу
Балалардың темекіге тәуелдігінің статистикасы да төмендеу динамикасына ие. Егер 2014 жылы алғашқы диагнозды балалар 282 адам болса, 2015 жылы 198 баланы құрайды (29,8% төмендеу), 100 мыңға шаққанда 3,7 (2014 – 5,5).
2015 жылы 147 бала есепте тұрды (2014 ж. – 370), 100 мыңға шаққанда 2,8 (2014 ж. – 7,2).
34-кесте. «Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез-құлықтың бұзылушылығы» диагнозымен ауыратын балалар саны, 2014-2015 жж.
|
Бірінші рет диагностикадан өткен
|
Есепте тұр
|
14 жасқа дейін
|
15-17
|
Барлығы
|
14 жасқа дейін
|
15-17
|
Барлығы
|
Барлығы
|
абсолюттік саны
|
2014
|
154
|
1686
|
1840
|
154
|
1946
|
2100
|
2015
|
110
|
904
|
1014
|
112
|
999
|
1111
|
100 000 адамға шаққанда
|
2014
|
3,4
|
248,0
|
35,7
|
3,3
|
291,8
|
40,8
|
2015
|
2,3
|
136,0
|
19,1
|
2,3
|
150,3
|
21,0
|
Алкоголь тұтынушылар
|
абсолюттік саны
|
2014
|
70
|
1227
|
1297
|
73
|
1353
|
1426
|
2015
|
58
|
557
|
615
|
67
|
682
|
749
|
100 000 адамға шаққанда
|
2014
|
1,5
|
180,5
|
25,2
|
1,6
|
202,9
|
27,7
|
2015
|
1,2
|
86,8
|
11,6
|
1,4
|
102,6
|
14,1
|
Есірткі тұтынушылар
|
абсолюттік саны
|
2014
|
27
|
234
|
261
|
24
|
280
|
304
|
2015
|
27
|
154
|
181
|
28
|
189
|
217
|
100 000 адамға шаққанда
|
2014
|
0,6
|
34,4
|
5,1
|
0,5
|
42
|
5,9
|
2015
|
0,6
|
23,3
|
3,4
|
0,6
|
28,1
|
4,1
|
Темекі тұтынушылар
|
абсолюттік саны
|
2014
|
57
|
225
|
282
|
57
|
313
|
370
|
2015
|
25
|
173
|
198
|
17
|
130
|
147
|
100 000 адамға шаққанда
|
2014
|
1,3
|
33,1
|
5,5
|
1,2
|
46,9
|
7,2
|
2015
|
0,5
|
26
|
3,7
|
0,4
|
19,6
|
2,8
|
Дереккөз: Республикалық нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының ғылыми-практикалық орталығы
9.3.2. Профилактика бойынша шаралар
ҚР ІІМ хабары бойынша, 2016 жылдың 9 айы ішінде елде 4750 әр түрлі профилактикалық іс-шаралар жүргізілді, олардың ішінде 230 акциялар,
379 семинарлар, 2328 дәрістер және 299 кездесулер, 302 дөңгелек үстелдер, 301 байқаулар, 389 спорттық жарыстар мен турнирлер.
Денсаулық сақтау және білім беру органдарымен өзара әрекеттестікте, өңірлік комиссия қызметі шеңберінде - 1799, ҮЕҰ бірлесіп - 835, білім беру объектілерінде мектеп полиция инспекторларымен бірге - 2481, ЖОО - 723.
Аталған іс-шараларды өткізу барысында 197 мың адамнан астам жасөспірімдер мен жастар жалпы қамтылды. Іс-шаралар мақсаты – адам ағзасына есірткілердің, әсіресе синтетикалық есірткілердің жаңа түрлерінің зиянды әсері туралы жасөспірімдер мен жастарды ақпараттандыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру. Іс-шаралар есірткі қолдануға тартылудың негізгі тәуекел топтары – студенттер мен мектеп оқушыларына бағытталған.
Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында есірткіге қарсы бағыттағы интерактивті сабақтар өткізу бойынша жұмыс жанданды. Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі барлық аумақтық бөлімшелерге Білім беру басқарламаларымен бірге интерактивті сабақтар өткізу бойынша бірлескен жоспарларды даярлау және бекіту туралы тиісті нұсқаулар жолданды.
Өткен кезең ішінде 4749 жалпы білім беретін мектептерде,
101 колледждерде және 6 балалар үйлерінде 37 интерактивті сабақ ұйымдастырылды және өткізілді, сабақтарға жалпы 336 мың оқушы қатысты.
Астана қаласы мектептерінде темекі, алкоголь және есірткіге тәуелділікке тартылу тәуекелдерін анықтау бойынша компьютерлік бағдарламаларды қолдануды тексеру жүзеге асырылды. Осыған ұқсас жұмыс бағдарламаны қолданатын барлық өңірлерде ұйымдастырылды. Тексеру нәтижелері нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы қызмет жөніндегі ведомство аралық штабтың кезекті отырысында талқылауға жіберілді.
9.4. Жасөспірім қыздар арасындағы жүктілік және жасанды түсік тастау 9.4.1. Ағымдық жағдай
Қазақстанда, ҚР ҰЭМ СК деректеріне сәйкес, 2015 жылы 397 238 босану тіркелді, оның ішінде 4671 – 15-18 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың босануы (1000 босануға 11,8 жасөспірім қыздардың босануы келеді). Жасөспірімдердің босануының ең көп саны СҚО (1000 босануға 24,9),
ОҚО (1000 босануға 24,8), Қостанай облысында (1000 босануға 23,1) байқалады.
47-диаграмма. 15-18 жас аралығында жасөспірім-бойжеткендердің арасындағы босану саны, 2015 ж.
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК, «Әйелдер және ерлер» статистикалық жинағы, 2011-2015 жыл
2015 жылы жасанды түсік тастаулар саны 81 500 құрады, олардың ішінде 15-18 жас аралығындағы қыздар 1 100, жасанды түсік тастаудың
1000 оқиғасына 13,5 жасанды түсік – бұл 15-18 жастағы қыздардың жасанды түсігі.
Қазақстанда 2015 жылы 15-18 жас аралығындағы жасөспірім қыздар арасында 5771 жүктілік оқиғасы тіркелді. Олардың ішінде 4671 (80,1%) оқиға босанумен, 1100 (19%) жасанды түсік жасатумен аяқталды.
Әр бесінші бала-жасөспірімдік жүктілік жасанды түсікпен аяқталады!
....
4671 босану
1100 жасанды түсік
9.4.2. Профилактика бойынша шаралар
ҚР ДСӘДМ деректері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде жастар денсаулық орталықтары жасөспірімдерге сексуалды және ұрпақты болу денсаулығын қорғау, қауіпсіз емес жасанды түсіктердің алдын алу және т.б. бойынша кеңес беруші қызмет көрсету мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді.
Қазақстанда жасөспірімдер мен жастарға кешенді медициналық-психологиялық қызметтер көрсететін 91 Жастар денсаулық орталықтары (бұдан әрі – ЖДО) қызмет етеді.
ЖДО алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қалалық, аудандық ұйымдары (81); салауатты өмір салтын қалыптастырудың облыстық, аудандық орталықтары (6); университеттер (2); қоғамдық ұйымдар (2) базасында ашылған.
ЖДО қызметімен қамтылған жастар үлесі 15-29 жастағы жастардың жалпы санының 4,3% (187 991 адам) құрайды, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырған 1,4 есеге көп (136 807 адам – 3,13%).
Республикада есептік кезеңде 348 320 адам қамтылған, жасөспірімдерге сексуалды және ұрпақты болу денсаулығын қорғау, қауіпсіз емес жасанды түсіктердің алдын алу бойынша кеңес беруші қызмет көрсету мәселелері бойынша 22 713 іс-шара өткізілді, соның ішінде: семинар–тренингтер – 3 233, акциялар – 319, дөңгелек үстел отырыстары – 448, байқаулар мен спорттық іс-шаралар – 380, конференциялар – 80, ашық есік күндері – 349 және басқалар – 17 760.
Өңірлік БАҚ-та теле-радио хабарлар (265), баспа басылымдарында жарияланымдар (105) ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ақпарат ЖДО веб-сайттарында, Facebook, VКонтакте және басқа әлеуметтік желілерде жарияланды.
Достарыңызбен бөлісу: |