9.1. Балалар және жасөспірімдер қылмысы
9.1.1. Ағымдық жағдай
ҚР ІІМ мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестікте, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңға сәйкес, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың әр түрлі бағыттары бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде, соңғы 4 жыл ішінде
(2012-2015 жж.) жасөспірімдер қылмысының жыл сайынғы кемуі байқалады, қылмыстардың саны 37%-ға төмендеді.
2016 жылдың 9 айы ішінде, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, қылмыстар саны 3 жағдайға төмендеді (2015 ж. 9 айы - 2375; 2016 ж. 9 айы – 2372 жағдай).
43-диаграмма. 2012-2015 жж. аралығында және 2015,2016 жж. 9 айы ішінде кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмыстардың
Дереккөз: ҚР ІІМ және ҚР ҚСжАЕК 8.10.2016 жылғы ақпараты
Кәмелетке толмағандардың қылмысы құрылымында 2016 жылдың 9 айы ішінде барлық қылмыс түрлері бойынша өсім бар, жекелей, ұрлық саны
211 жағдайға артты (1251 салыстырғанда 1040), 480 ауыр қылмыс жасалынды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 156 фактіге артық, тонау саны 78 фактіге (344 салыстырғанда 266), шабуыл жасап тонау 14 жағдайға өсті. Кәмелетке толмағандар арасындағы кісі өлтірудің, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, өсімін атап өту керек (13 салыстырғанда 11 жағдай).
Қылмыс жасаған 2064 кәмелетке толмағандардың ішінде
771 (2015 ж. 9 айы - 882) жалпы білім беру мектептерінің оқушылары,
1095 (2015 ж. 9 айы -1109) – колледждердің және 198 (2015 ж. 9 айы - 314) ЖОО білім алады.
Қылмыс жасаған тұлғалар құрылымында, колледж білім алушылары басым - 53%, мектеп оқушылары - 37,3%, ЖОО студенттері - 9,6%.
44-диаграмма. 2012 - 2015 жж. аралығында және 2015 - 2016 жж. 9 айы ішінде жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары жасаған қылмыстардың саны
Дереккөз:ҚР ІІМ
2012-2015 жж. кезеңінде мектеп оқушылары жасаған қылмыстар санының 2012 жылғы 3875 фактіден 2015 жылғы 1200-ге дейінгі айтарлықтай төмендеуі байқалады, 2012-2015 жж. аралығындағы қылмыстың төмендеуінің орташа жылдық қарқыны оқушылар арасында 25,4% құрады.
Кәмелетке толмағандар арасында құқыққа қарсы көріністер фактілерін уақытылы анықтау және жолын кесу мақсатында, ІІМ бөлімшелері арасында қылмыстарды анықтау және жолын кесу, кәмелетке толмағандар арасында қорқытып алушылық және ақша қаражаттарын жинау фактілерін анықтау бойынша жедел-маңызды ақпарат алмасу жүзеге асырылады.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде, ағымдағы жылы ішкі істер органдарына 85 мыңнан астам кәмелетке толмағандар, олардың ішінде
69 мыңнан астамы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жеткізілді.
9.1.2. Кәмелет жасқа толмағандарды бейімделу орталықтары
Республикада 20 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары (КТБО) жұмыс істейді, олардың ішінде 13 – облыстық орталықтарда, 5 – Астана, Алматы, Семей, Жезқазған, Теміртау қалаларында, 2 аудан орталықтарында (Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Ридер қ.) орналасқан.
2016 жылдың 9 айы ішінде КТБО 5 107 кәмелетке толмағандарды қабылдады, олардың ішінде 776 ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 4137 қадағалаусыз және панасыз қалғандар, 108 девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетіндер,
86 кәмелетке толмағандар ауыр өмірлік жағдайға ұшырағандар.
КТБО қабылданған кәмелетке толмағандар қатарынан 4 998 бала орналастырылды:
балалардың 84%-ының тағдыры жақсарды, олар отбасыларда өмір сүретін болады, (4 218 бала);
10% (508 бала) «әлеуметтік жетім» жаңа мәртебесімен жетім балаларға және АҚҚ балаларға арналған ұйымдарға жіберілді;
2,2% (109 бала) қорғаншылыққа, патронатқа берілді;
0,5% (23 бала), уақытша бала қонақтайтын отбасыда болады және жағымды нұсқа барысында, болашақта жаңа туған отбасын табуы, немесе бұрынғы туған отбасына қайтарылуы мүмкін;
2,8% (140 бала) алдағы тағдыры айтарлықтай сәтті емес, алда олар баратын арнайы мектептер, КТБО бала үшін аса достықпен қарайтын мекемелер емес.
КТБО-да балалармен және балалардың ата-аналарымен жұмыс
КТБО-да отбасыларды қолдау қызметтері жұмыс істейді, олардың қызметі тәрбиеленушілерге кеңес беруші, психологиялық, анықтамалық-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталады.
Қолдау қызметтері қызметінің мониторингі келесіні көрсетті,
2016 жылдың 9 ай ішінде 215 ата-анаға және 418 кәмелетке толмағандарға құжаттарды рәсімдеу бойынша; 2 ата-анаға, 4 кәмелетке толмағандарға жұмысқа орналасу бойынша; 11 ата-анаға және 73 кәмелетке толмағандарға арнайы білім беру мекемелеріне орналасуға көмек көрсетілді; 1843 ата-анаға және 1542 балаға консультациялар берілді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 298 отбасыға, 97 оқу мекемелеріне және 58 ұйымға шығу жүзеге асырылды.
9.1.3. Балалар және жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жұмыс
Құқық бұзушылықтың профилактикасымен мемлекеттік органдар да
(ҚР ІІМ, ҚР БҒМ, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар), қоғамдық
(ҮЕҰ, ата-аналық қоғамдастық) та айналысады.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ерте профилактикасы мақсатында, сондай-ақ жасөспірімдік қылмыстар жағдайына мекенжайлық ықпалдасу мақсатында, республикада «Жасөспірім», «Түлектер кеші», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралар және «Балалар түнгі уақытта», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Еңбекпен қамту», «Мен және менің полицейім» акциялары жүргізіледі.
Жазғы демалыстар кезеңінде, 2016 жылдың маусымында, «Еңбекпен қамту» акциясы аясында бос уақыт ұйымдарының әр түрлі нысандарына
900 мыңнан астам кәмелетке толмағандар тартылды, олардың ішінде
7 мың баладан астамы ішкі істер органдары есебінде тұр, 10 мыңнан астам бала қолайсыз отбасыдан шыққан. Еңбек және жұмысбастылық органдарына профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру бойынша 500-ден астам өтініш хат жолданды. «Динамо» ведомстволық спорт залдарына ішкі істер органдары есептерінде тұрған кәмелетке толмағандарды қосқанда, 10 мыңнан астам бала барды. Есепте тұрған және қолайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандар аула клубтарға барады.
Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында «Қазақстанның Студенттер Альянсы» республикалық штабымен және «Жұлдыз» Балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселесінде саны 2158 бірлікті (1842 бір. қосымша талап етіледі) құрайтын полицияның «мектеп» инспекторлары институты сенімді ақтады. Олардың басшылығымен 54 мың мектеп оқушысы қатысатын полицияның жас көмекшілерінің 4 мыңнан астам ерікті жасағы жұмыс істейді.
Білім беру ұйымдары өкілдері, ата-ана комитеттері және мектеп инспекторларымен бірге 17 мыңнан астам рейдтік іс-шаралары өткізді, олардың аясында 4,5 мың (2015 ж.- 4 мың.) құқық бұзушылық анықталды, мектеп ішіндегі есепте тұрған 16 мыңға жуық жасөспірім және
11 мыңнан астам қолайсыз отбасыдан шыққан жасөспірім тұрғылықты орны бойынша тексерілді.
9.1.4. Шартты түрде сотталған кәмелет жасқа толмағандармен жұмыс
Қазақстанда шартты түрде сотталған кәмелетке толмағандармен жұмыс пробация қызметтерімен жүргізіледі. 2016 жылдың 9 айы ішінде пробация қызметтері (ПҚ) есебі бойынша қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған 307 (2015 ж. - 380) кәмелетке толмағандар өтті.
2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ПҚ-нің есебінде
119 (2015г. - 141) кәмелетке толмаған сотталған тұрады. 2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін ПҚ есебінде тұрған кәмелетке толмаған сотталғандар санының төмендеуі байқалады (2009 ж. – 1086, 2010 ж. – 707, 2011 ж. – 363, 2012 ж. – 242, 2013 ж. – 244, 2014 ж. – 177, 2015 ж. - 135).
Кәмелетке толмаған сотталғандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, олар қайталап құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мақсатында пробация қызметтері ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар кешенін тұрақты негізде өткізеді.
Әр бала үшін жеке бағдарламалар әзірленеді, 2016 ж. 9 айда кәмелетке толмағандарға қатысты 148 жеке бағдарлама жасалынды,
9 кәмелетке толмаған бұл бағдарламалардан бас тартқан.
Пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандарды оңалту бойынша жұмыс мемлекеттік және өзге органдармен, ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен және басқалармен өзара әрекеттестікте жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда Қазақстандағы пробация туралы заң жобасы әзірленді, мұнда кәмелетке толмағандардың пробациясын қосқанда, пробацияның толық топтамасын енгізу қарастырылған.
ҮЕҰ және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды оңалту үшін әлеуметтік-құқықтық қызмет көрсету мақсатында Астана қ. және Қарағанды облысының ҚАЖ Департаменті мен «Право» қоғамдық қоры арасында меморандум жасалынды.
«Право» Қоры, ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық аясында, «Кәмелетке толмағандарға баламалы әділ сот схемаларын әзірлеу, кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға әлеуметтік-құқықтық қызметтер жүйесін дамыту» жобасын жүзеге асырады.
«Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығында, пробация есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған кәмелетке толмағандар психологиялық-әлеуметтік оңалту курстарынан ерікті негізде өтеді.
Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) (бұдан әрі - PRI) өкілдігімен бірге 2016 жылдың тамызынан бастап Өскемен қаласында кәмелетке толмағандарға арналған пробацияның сотқа дейінгі кезеңі туралы пилоттық жоба іске қосылды.
PRI Өкілдігі ЮНИСЕФ-пен бірге, «Қылмыстық әділ сот жүйесі қызметкерлерінің әлеуетін арттыру және кәмелетке толмағандарға арналған пробацияны модельдеу» жобасы аясында, Қызылорда, Өскемен, Зырян, Ақтау, Алматы және Астана қалаларының пробация қызметтерінде пробация қызметі бақылауында орналасқан кәмелетке толмағандармен жұмыс үшін бөлмелер ашты.
9.1.5. Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде кәмелетке толмағандармен жұмыс
Бүгінгі күні республикада кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған
1 орташа қауіпсіз мекеме (ЛА-155/6 мекемесі) және ЛА-155/4 мекемесінің жанындағы қыздарға арналған оқшаулау учаскесі бар.
ЛА-155/6 мекемесінде 01.10.2016 жылы - 44 (2015ж. - 73) сотталған кәмелетке толмаған, ЛА-155/4 мекемесі жанындағы оқшаулау учаскесінде – 4 (2015ж. - 4) жазасын өтеуде.
Қылмыстардың құрамы бойынша 70% астамы ауыр және аса ауыр қылмыс үшін, соның ішінде әр төртінші кісі өлімі үшін, оның 66%-ы 17 жаста және одан асқандар, ал 60 % - 5 жылдан астам мерзімде жазасын өтеп жатыр.
Тәрбиелік-профилактикалық жұмыс
2016 жылдың 9 айы ішінде, ЛА-155/6 мекемесіне «Вега», «Жеті ағаш», «Возроди село», «Сәт Астана», «Кредо» сияқты қоғамдық қорлар, Қазақстандағы Сорос қоры мен PRI «халықаралық түрме реформасы», Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері, Ұлттық превентивті механизм қатысушылары барды. Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органның жоспары шеңберінде Алматы қаласы мәдениет, дене шынықтыру және спорт басқармалары әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруда көмек көрсетті.
Сотталғандарға тәрбиелік ықпал етудің тиімділігін арттыру мақсатында ата-аналар комитеті ұйымдастырылды, одан басқа, Колонияның Қамқоршылық кеңесі жұмыс істейді. 2016 жылы ЛА-155/6 және
ЛА-155/4 мекемелерінде «Ашық есіктер күні» өткізілді, оған сотталғандардың 70 туысы қатысты.
Психологиялық демалу кабинетінде сотталғандарға психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың жаңа бағыттарының бірі инспектор-психологтың қатысуы болып табылады. 2016 жылдың басынан бастап ЛА-155/6 мекемесінің психологиялық жұмыс қызметкерлері тәрбиеленушілер арасында суицидтік әрекеттің алдын алу мен және жол бермеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді. ЛА-155/6 мекемесінде тәрбиеленушілерімен суицидтік үрдістерді анықтауға психодиагностикалық зерттеулер жүйелі түрде жүргізіледі.
5 жыл бойы сотталғандармен Қазақ Мемлекеттік әйелдер педагогикалық университетінің (ҚазМӘПУ) ғылыми-зерттеу тобы жұмыс істейді, олар психолого-педагогикалық зерттеулер жүргізеді, босатылғаннан кейін сотталғандардың қайта әлеуметтендіруде педагогикалық көмек көрсетеді.
Түзету мекемелерінде балалардың жалпы білім алуға құқығы жүзеге асырылады. Мектепте 18 мұғалім жұмыс істейді. Оқыту орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі, барлығы 48 кәмелетке толмаған сотталғандар оқытылады, оның ішінде 10 адам сотталғанға дейін білім алмаған және жұмыс істемеген.
2015-2016 оқу жылы 9 оқушы орта мектепті бітірсе, 12 оқушы негізгі білімі туралы куәлік алды.
«Халықаралық әлеуметтік жобалар қауымдастығы» ҚҚ көмек көрсетуімен ЛА-155/6 мекемесінің сотталғандары арасында наубайхана және негізгі информатика курстары өткізілуде, кейіннен сертификаттар беріледі.
БАҚ өкілдерімен тікелей өзара іс-қимыл жасасу арқылы қылмыстық-атқару заңнамасының негізгі қағидаттарының бірі – жариялылық қағидаты іске асырылуда. «Хабар», «31 арна», «Қазақстан» телеарналарымен, «ЗАҢ», «Время молодых», «Юридическая газета» газеттерінің редакцияларымен, «Исполнение наказаний» журналымен және т.б. өзара ынтымақтастық жолға қойылды.
2015 жылдың басынан қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес кәмелетке толмаған сотталғандарды тәртіптік изоляторға қамау жойылды. Жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзған сотталған жетпіс екі сағатқа дейінгі мерзімге уақытша оқшаулау үй-жайына жабылады (Қазақстан Республикасы ҚАК 154-бабы).
Кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қалдыру 20 жастан 21 жасқа ұзартылды. 18 жасқа толғаннан кейін, тәрбиеленушілер жаза өтеу мерзімі аяқталғанға дейін, тек 21 жастан аспай мерзімге мекемеде қалуы мүмкін. Бұл жасқа дейін сотталғандардың көбісі бас бостандығынан айыру орындарынан жаза өтеу мерзімі аяқталуына немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады (Қазақстан Республикасы ҚАК 155-бабы).
Достарыңызбен бөлісу: |