8.2.2. Әлеуметтік-медициналық қызметтер
Медициналық қызметтер
Мүгедек балаларға оңалту көмегі денсаулық сақтау ұйымдарында, медициналық-әлеуметтік мекемелерінде, сондай-ақ санаториялық-курорттық ұйымдарда және жеке орталықтарда тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетіледі.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік-бағытталған моделі алғашқы медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен уақытылы орындалуын жақсартуға, қадағалау мониторингін жүйелендіруге мүмкіндік берді. Аурудың созылмалы формаларына, соның ішінде мүгедектікке шалдыққан тұлғаларға үйдегі тұрақты патронаж және мейірбике күтімі үшін мейірбикелердің, әлеуметтік қызметкерлер, психологтардың қосымша штаты бөлінді.
ҚР ДСӘДМ ресми деректері бойынша, елімізде балаларға арналған
35 оңалту орталықтары қызмет етеді (ҚР БҒМ бойынша – 15, ҚР ДСӘДМ – 20). БЦСА ауыратын балалар жылына кемінде 1 рет оңалту көмегін республикалық маңызы бар 3 орталықтан алады: «Балбұлақ» Республикалық балаларды оңалту орталығы (Алматы қ.), Республикалық балаларды оңалту орталығы (Астана қ.) және РБОО Қызылорда облысындағы филиалы.
Балаларға оңалту іс жүзінде еліміздің барлық өңірлерінде көппрофильді ауруханалардың келтіру емі, медициналық оңалту бөлімшелерінде және амбулатория-емхана ұйымдарында өткізіледі.
Әлеуметтік қолдау
Мүгедек балалар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ай сайын мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.
Мүгедек баланы тәрбиелеуші ата-анаға, қорғаншыларға және асырап алушыларға, баланың кәмелет жасқа толғанына дейін, 1,05 ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде жәрдемақы төленеді, 2016 жылы төлем мөлшері
24 000 теңгені құрады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы және басқа заңды өкілдері мүгедек балалар қатарынан мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту шығындарын жергілікті уәкілетті органдар шешімі бойынша анықталатын тәртіпте және мөлшерде өтеуге құқылы.
Мүгедек балаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады:
он алты жасқа дейін – 0,96 АЕК, 2016 ж. жәрдемақы мөлшері 2 037 т.;
он алтыдан он сегіз жасқа дейін: 1 және 2 топтағы мүгедек балаларға – 1,49 АЕК, 2016 ж. — 3 161 т.; 3 топ – 0,64 АЕК, 2016 ж. 1 358 т.
Ауыр өмірлік жағдайға ұшыраған тұлғалар үшін жергілікті бюджет қаражатынан қосымша мекенжайлық әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі төленеді.
Әлеуметтік көмек және қолдаумен қоса, қолданыстағы заңнама жергілікті уәкілетті органдардың басшыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын қабылдау құқығын береді.
Тең мүмкіндіктерді құру және ауыр өмірлік жағдайды жеңу мақсатында, балаларға жеке ерекшеліктер мен қажет етілетін жағдайларды ескере, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Арнайы әлеуметтік қызметтер стационар, жартылай стационар жағдайда, үйде көрсетіледі:
200 балаға жуық қамтитын, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған стационар үлгісінде 2 медициналық-әлеуметтік мекеме, 2 мыңнан астам баланы қамтитын, психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған 18 медициналық-әлеуметтік мекеме қызмет етеді;
50 күндізгі болу ұйымдарында психологтар, дефектологтар, логопедтер, ЕДМ инструкторлары, массажистер және басқалармен жұмыс жүргізіледі. Бөлімшелерге баратын балалар тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық оңалту бойынша қолдау, тиісті жеңілдіктер мен жәрдемақыларды рәсімдеуге көмек, психологиялық және педагогикалық көмек алады. Аталған қызмет түрімен мүгедек балаларды қосқанда, 1,7 мың адам қамтылған;
психоневрологиялық аурулары бар балалар мен ересектерге арналған
156 әлеуметтік көмек бөлімшелерінде үйде әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Бұл қызмет балаларды қосқанда, 17 мыңнан астам адамға көрсетіледі;
халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің 12 оңалту орталықтарында
1,5 мыңнан астам балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі;
81 үкіметтік емес ұйымдарда арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. 2016 жылдың басында балаларды қосқанда, 5 мыңнан астам адам ҮЕҰ қызметтерімен қамтылды.
ЖАО мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емдеу, арнаулы жүріп - тұру құралдары (кресло - арбалар), техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар (протездік - ортопедиялық, сурдо -тифлотехникалық құралдар) және гигиеналық құралдар береді.
8.2.3. Даму мүмкіндігі шектелген балаларға қатысты достық қарым-қатынас орнату бойынша іс-шаралар
Республикада мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау жүйесін болашақта дамыту үшін алдағы жылдары мыналар басым бағыттар болып табылады:
«ҚР дамуы бұзылған және мүмкіндігі шектелген сәби жастағы балаларды қолдау бойынша ерте қолға алу» бағдарламасын құру;
«ерте қолға алуды» өткізуді қажет ететін, бұзылудың жоғары тәуекелі бар балаларды анықтау мақсатында ерте скрининг өткізу;
«ерте қолға алудың» кеңес беруші-әдістемелік орталықтары желісін құру;
мүгедек балаларға оңалту көмегін көрсету бойынша бірыңғай ведомствоаралық қызмет құру (ҚР ДСӘДМ, ҚР БҒМ, ҮЕҰ);
осы категорияда балалары бар ата-аналарға оңалту мен оқыту бағдарламалары курстарын құру;
ерте көмекті қажет ететін балалардың Республикалық тіркелімін құру;
инновациялық оңалту және психологиялық-педагогикалық технологияларды қолдану арқылы ерте диагностика және оңалтудың барлық деңгейлерінің мамандарын оқыту.
Осыған байланысты, Денсаулық сақтау саласын дамытудың
2016 – 2020 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасында пациентті оңалтудың халықаралық стандарттары мен әдістемелерін (медициналық, әлеуметтік, психологиялық) енгізу, оңалту ұйымдары желілерін кеңейту, арнайы педагогтерді даярлау және инклюзивті білім жүйесін дамыту жолдарымен оңалту көмегін жетілдіру мәселелері қарастырылатын болады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «Мүгедектігі бар тұлғалардың орталықтандырылған деректер қоры» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МОДҚАЖ) құрылды. МОДҚАЖ деректері негізінде мүгедектік топтары мен категорияларына, себептеріне, мүгедектік құрылымы мен жағдайына, соның ішінде балалардың мүгедектігіне мониторинг жүргізіледі.
8.2.4. Инклюзивті социум (зерттеу нәтижелері бойынша)
Инклюзивті социумды құру халықтың инклюзивті ойлауын қалыптастыру секілді түсінікті білдіреді. Әлеуметтанулық сұрау нәтижелерін талдау көрсеткендей, сұралған ата-аналардың 81,7% үшін олардың балаларының қасында бір партада мүмкіндігі шектеулі бала отырған жағдайды игі қабылдайтын болады, қалған ата-аналар үшін мұндай жағдай қабылданбауға келмейді. Балалардың бағасы аса тартымды емес, тек 39%-ы ғана балалардың көбісі ерекше қажеттілігі бар балаларға жақсы қарайтынына сенеді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалары бар сұралған ата-аналардың пікірінше, осы категориядағы балаларды әлеуметтік қорғаудың барлық қажетті шарттары әлі жеткілікті дәрежеде қанағаттанбайды, сұралған
ата-аналардың 24%-ы балалар заңды бекітілген әлеуметтік қызметтер пакетін толық көлемде алмайды деп санайды. Көбінесе, психологиялық-педагогикалық түзеу әлсіз көрсетіледі, әлеуметтік қызметкерлердің қызмет көрсету сапасы бойынша әлеуметтік қорғау органдарына жазғырулар, денсаулық сақтау органдары мүгедек балаларды емдеу және оңалту бойынша қызметтерін әлсіз орындайды (дұрыс емес ем жазу, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар базасында түзеу қызметтерін ұзақ мерзімді күту).
Отбасы мен баланы әр түрлі мүдделі жақтардың қолдауы бағаларын талдау балалардың осы категориясын бизнес құрылымдар (ата-аналардың
65% қолдау жоқ деп есептейді), ҮЕҰ (58%-ы қолдау жоқтығын айтады), әкімдіктер (48%) әлсіз қолдайтынын көрсетті. Аталған құрылымдарға қатысты, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жақтарынан қолдау аса сезіледі, қолдауды терістейтін жауаптар үлесі білім беру тарапынан - 18,7%, денсаулық сақтау - 30%, әлеуметтік қорғау - 38%.
8.2.5. Ұсынымдар
Фертильді жастағы барлық әйелдерге, әсіресе жүкті әйелдерге, сондай-ақ бүлдіршін жастағы балаларға (аурулардың ерте диагностикасы) скрининг өткізудің сандық және сапалық жағдайын нығайту керек. Халықты скринингтер туралы ақпараттандыру бойынша жұмысты жалғастыру, жүктілік бойынша есепке қоюды бақылау. Халықтың өзіне және болашақ балаларға қатысты жауапты мінез-құлқын қалыптастыру.
Әлеуметтік инклюзия саясатын өткізуі барысында ең жоғары нәтижеге жету мақсатында, ерекше мұқтаж балалардың білім беру, немесе бас әлеуметтік ортаға интеграциясы нәтиже бермеуі мүмкін, тіпті арнайы құрал-жабдықтарды сатып алуға, осындай балалар үшін ғимараттарды бейімдеуге, инклюзивті оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың еңбек ақысына, мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше мұқтаж балалармен жұмыстың адекватты әдістемелік және психоәлеуметтік амалдарына оқытуға қосымша қаражат бөлінбесе, алынатын қызметтер сапасы нашарлауы ықтимал екендігін назарға алу қажет.
Қазіргі уақытта қолданыстағы білім беру ұйымдарының барлық деңгейлеріндегі өзекті білім беру тәжірибесі ерекше мұқтаж балалардың мұқтажлықтарына қатысты икемді оқу бағдарламаларын қарастырмайды.
Инклюзивті білім мақсаттары мен академиялық білімнің жоғары стандарттары арасында кейбір келіспеушіліктер байқалады. Инклюзивті білім беру жөнінде қоғамдық қысым мен жобалар дәстүрлі модельге қарсы келеді, қоғам оларды қабылдайды, алайда қарапайым мектептерден үлгерімі нашар балаларды шығару үшін көптеген ынталандырулар жасай отырып, үлгерімнің жоғары академиялық көрсеткіштеріне, мектептер арасындағы бәсекелестікке ерекше көңіл аударып, басқа реформаларды да қабылдап, қарама-қарсы бағытта әрекет етуге дайын. Мектеп жетістіктерін бағалауға мектептің білім беру процесіне біріктірілген ерекше мұқтаж балалар саны көрсеткішін, сондай-ақ олардың жетістіктерінің көрсеткішін қосуға болады, алайда соңғысы талас тудыруы мүмкін.
9-тарау. «Тәуекел топ» балалары
Достарыңызбен бөлісу: |