2016 жылы республикада баланың құқықтарын қорғау саласында жүйелі кешенді жұмыс атқарылды. Мыңжылдық Даму Мақсаттарына қол жеткізген соң Қазақстан БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі орнықты даму 17 мақсатын іске асыруға кірісті. Бүгінде Қазақстанда әлемнің барынша күшті әрі дамыған
30 мемлекетінің қатарына кіру үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясында,
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған міндеттер жаппай жүзеге асырылуда. Бұл мақсатқа қол жеткізудегі стратегиялық бағыт балалар мен жастарды еліміздің жоғары парасатты, жан-жақты дамыған және саламатты азаматтары ретінде дамыту және тәрбиелеу болып табылады.
2016 жылы «Білім беру саласындағы кемсітумен күрес туралы» Конвенция, «Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы Конвенция және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттама» ратификацияланды. Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық база нығайтылды: заңнамалық актілерге балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ана мен баланы қорғауға, жастардың, балалы отбасылардың жағдайын жақсартуға, сондай-ақ мүгедек балалар үшін арнайы білім беру шарттарын жасауға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді, екі мемлекеттік бағдарлама, Үкіметтің алты қаулысы және 24 салалық бұйрық бекітілді.
Үстіміздегі жылдың маңызды оқиғасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтының құрылуы болды.
Елімізде балалар санының өсуі жалғасып келеді. Мәселен,
2016 жылы 0-ден 17 жасқа дейінгі балалардың саны 5 460 449 болса,
2015 жылы 5 298 488 адам болған.
Босанатындарға көмек және балалар ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту, медициналық қызметкерлердің біліктілігін көтеру, тиімді халықаралық технологияларды, диагностика мен емдеудің стандарттары мен хаттамаларын енгізу, медициналық қызметтің бастауыш буындарының белсенділігін жақсарту, жүкті әйелдерге тәулік сайынғы мониторинг жүйесін енгізу және мүмкін басқа да факторлар республикадағы сәбилер мен балалар өлімдерінің соңғы 5 жылда
(2011 және 2015 жылдар аралығында) шамамен 1,5 есе төмендеуіне алып келді. 2016 жылдың 9 айында сәбилер өлімі 1000 жаңа туған балаға
8,8 оқиғаны құрады, бұл 2015 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,7 оқиғаға аз.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қамту мен көмекке жұмсалатын шығыстар номиналдық түрде жыл сайын артып келеді, мәселен, 2011 және 2015 жылдар аралығында өсім 51% құраған. Бұл ретте әлеуметтік қамту мен көмекке шығындар үлесі ІЖӨ-ге шаққанда 4,0%-дан 4,2%-ға өскен. Білім беру жүйесінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды «Қамқорлық», «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциялары арқылы қолдау бойынша зор жұмыс атқарылуда.
Соңғы алты жылдың ішінде Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту білім беру жүйесін жаңғыртудың басымдық бағыттарының біріне айналды. 2016 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға артты.
2016 жылы 56,4%-ды құрады.
Жылдың басында республикада 9 407 мектепке дейінгі ұйым болған, бұл өткен жылдағыдан 6,5% артық (2015 жылы 8 834 ұйым болған).
Орта білім беру жүйесінде мектептер саны артып келеді, бастауыш және орта біліммен қамту деңгейі жоғары, жыл сайын апатты, үш ауысымды мектептер саны азайып келеді, жаңа мектептер пайдалануға берілуде. «Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда. Еліміз үштілді білім беруге көшеді, бұл мектеп оқушыларының білім деңгейін әлемнің нарықтық сұраныстарына бағдарлай отырып көтеруге мүмкіндік береді. Балалардың білім алу құқықтарын 2016 жылы іске асыруды 7449 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектебі, 20 - Назарбаев зияткерлік мектебі, 100 - мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп, 11 - халықаралық мектеп,
111 - жеке мектеп жүзеге асыруда. Бұл мектептерде жыл басында барлығы 2 899 924 бала білім алған.
Институцияландырылған балалар санын қысқарту мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде. Егер 2012 жылы ұйымдарда жетім балалардың жалпы санының 31,3% болса, ал 2016 жылы 27,2% болған. Бұл санаттағы балалар санының қысқаруы 4,1% құраған. Бұған балаларды қорғаншылықтың балама нысанымен орналастыру, интернаттық үлгідегі балалар жабылуы, мекемелерді отбасылық үлгідегі форматпен қайта құру мен бұл бағыттағы ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстары ықпал етті.
Маңызды жаңашылдық «Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі» құрылуы болып табылады. Қазіргі сәтте деректер банкі пилоттық режимде жұмыс істеуде, 2017 жылғы 1 қаңтардан банкті ресми іске қосу басталады.
Балалар құқықтарын қорғау саласында қол жеткізген нәтижелермен қатар, проблемалық мәселелер де қалып отыр.
Біріншіден, республикада отбасылық сәтсіздік проблемасы, әлеуметтік жетімдіктің өсуі өзекті болып қалуда.
Жыл сайын 2 мыңдай ата-ана ата-аналық құқықтарынан айрылады, шектеледі, әрбір үшінші неке бұзылады, шамамен балалардың бестен бір бөлігі бір ата-анамен тұрады, 3 мыңнан астам баланы балалар үйлеріне және
6 мыңдай баланы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына береді, балалар үйлері тәрбиеленушілерінің 80%-ы әлеуметтік жетімдер, ішкі істер органдарының есебінде 12 мыңға тарта сәтсіз отбасы тұр, оларда
17 мыңнан артық бала тұрады. Осы отбасылардың әрбір баласы әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік көмекке зәру.
Бұл проблеманы шешу жөніндегі ұсынымдар:
Отбасылық сәтсіздікті ерте айқындау және отбасыға көмектесу жүйесін енгізу, сондай-ақ баланы туған отбасында сақтау үшін жағдай жасау қажет.
Мынандай іс-шаралар ұсынылады:
Өмірлік қиын жағдайға тап болған Балаларды қолдау орталығы ұғымын заңнамалық түрде бекіту;
Балалар үйлерін трансформациялау арқылы Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларды қолдау орталығын құру практикасын жалғастыру;
Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.
Отбасын қорғау және елдегі ажырасу санын азайту мақсатында ерлі-зайыптыларды некені бұзғанға дейін татуластыру үшін міндетті медиация процедурасын заңнамалық түрде бекіту ұсынылады.
Сауалнама мәліметтерінің негізінде рухани-адамгершілік аспектілерді дамытуға одан да көп назар аударған, ата-аналардың баламен қарым-қатынас нысандары мәселелерінде көзін ашқан, ата-аналардың назарын баланың қызығатын істеріне көбірек аударған жөн.
Екіншіден, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық (зорлық-зомбылық, қатыгездікпен қарау) проблемалары, балалар ортасындағы суицидтер атап өтіледі.
ҚР ҚСАЕК-нің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың 9 айында республикада 2013 кәмелетке толмаған бала оларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен. Барлық зардап шеккен балалардың жартысына қатысты жеке тұлғаға қатысты әрекет жасалған
(976 немесе 48,5%). Бұл құқық бұзушылықтың құрылымында
«16 жасқа толмаған адаммен сексуалдық сипаттағы жыныстық қатынастар» басым - 397 факті (2015 жылы – 716 факті). 124 баланы азғындық жолға түсуге мәжбүрлеген, 112 баланың денсаулығына қасақана орта ауыр дәрежедегі зиян жасалған, 183 бала зорланған, не болмаса оларға сексуалдық сипаттағы зорлық әрекет қолданылған.
Елде 2016 жылғы 9 айда кәмелетке толмағандар арасында 140 суицид фактісі және 316 суицид жасау әрекеті тіркелген.
2016 жылдың 9 айы ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны 3 оқиғаға азайғаны байқалады (2015 жылғы 9 айда – 2375; 2016 жылғы 9 айда – 2372 жағдай).
Кәмелетке толмағандар қылмыстарының құрылымында барлық түрлері бойынша өсу басым, ішінара алғанда ұрлық, ауыл қылмыстар, тонаулар, соққыға жығулар, кәмелетке толмағандардың кісі өлтіруі саны артқан. Қазіргі сәтте «сәтсіз отбасылармен» жұмыс бойынша профилактикалық іс-шараларды негізінен ҚР ІІМ ювеналдық полиция бөлімшелері жүргізді, тиісінше барлық профилактикалық іс-шаралар қуғын-сүргіндік сипатта (жауаптылыққа тарту, айыппұл салу). Тәуекел топтарындағы отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық спектр мамандарының жұмыс істегені орынды.
Осыған байланысты балаларды қорғауға қатысты кейбір ұсынымдарды қарауға болады:
«Тәуекел топтарындағы» отбасылар үшін еңбекке орналастыру, тұрмыстық проблемаларын шешу, медикалық-психологиялық қызмет көрсетулер жөніндегі кешенді әлеуметтік көмекті дер кезінде көрсету.
Суицидтардың себебі көбінесе ішкі отбасылық жанжалдар, әлеуметтік-тұрмыстық проблемалар, тұлғаның бастан кешкен жанжалдар жағдайында әлеуметтік-психологиялық бейімін жоғалтуы екенін назарға алар болсақ, сондықтан баламен және оның отбасымен бірінші кезекте психологтар, педагогтар жұмыс істеуі қажет. Құқық қорғау органдарын тарту және оларға аяқ тіреу балалардың, отбасылардың жағдайын одан сайын ушықтырады. Осыған байланысты полиция мен әлеуметтік қызметтер жауапкершілігі аймағының ара-жігін айыру қажет, әлеуметтік сүйемелдеу (медициналық, психологиялық, тұрмыстық, материалдық көмек көрсету, оқыту, еңбекке орналастыру және т.с.с.) үшін әлеуметтік қызметтерге басымдық берілуі тиіс.
Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып ведомствоаралық жоспар әзірлеу жолымен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін қабылдау.
Зорлық-зомбылық және қатыгездікпен қарау нәтижесінде зардап шеккен балаларға психологиялық, құқықтық көмек көрсету қызметі желісін ұлғайту.
Ата-аналар мен балалар арасында зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.
Зорлық-зомбылықтың қауіп-қатері жайлы комикстер, әлеуметтік ролликтер жасау, барлық телевизиялық арналарда, БАҚ-та, әлеуметтік желілер арқылы кеңінен және мерзімді негізде тарату.
Үшіншіден, балалар денсаулығының проблемалары атап өтіледі. Балалардың жалпы аурушаңдығының жыл сайынғы төмендеуіне қарамастан балалардағы жаңа пайда болған өскіндер мен туа біткен ауытқушылықтардың (дамудағы кемтарлықтардың), деформациялардың және хромосомдық бұзылудың өсуі байқалады. Балалардағы жаңа пайда болған өскіндердің кездесуі 2012 жылдан шамамен 23%, туа біткен ауытқушылықтар
(дамудағы кемтарлықтар), деформациялар және хромосомдық бұзылулар бойынша 6% артқан.
Мектеп оқушылары арасындағы орындалған профилактикалық тексерулер нәтижелері бойынша мектеп оқушылары денсаулығының барынша маңызды проблемасы көзжанарымен байланысты проблемалар екенін атап өтуге болады. Көзжанары аурулары бойынша барынша жоғары көрсеткіштер Қарағанды, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында атап өтіледі.
Осы облыстар бойынша мектеп оқушыларының денсаулығы бұзылуының бірнеше индикаторлар (есту, көру қабілетінің төмендеуі, омыртқа тарапынан проблемалардың болуы) бойынша ең жоғары көрсеткіштері байқалады.
Бұл проблема әлемнің барлық елдері үшін өзекті, ДДҰ мәліметтеріне сәйкес, дамыған елдерде мектеп жасына дейінгі балалардың 20%-ның және әрбір төртінші мектеп оқушысының көзжанарының проблемасы бар.
ҚР Қазақ тамақтану академиясы зерттеулерінің нәтижелері бойынша, республика балаларының шамамен ширек бөлігінің (22%) артық салмағы немесе семіздігі (11%) бар.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша, сауал берілген балалардың бестен бір бөлігіндейі жүйелі негізде ағзаға зиянды азық-түліктерді (тәтті газдалған сусындар - 21%, қытырлақ картоптар, фаст-фуд және т.б. - 14%) тұтынады, бұл бала ағзасының сау дамуына жоюшы әсер етіп, балалардың семіруіне, түрлі аурулардың, соның ішінде онкологияның, диабеттің, остепороздың дамуына әкеп соғады.
Проблеманы шешу жөніндегі ұсынымдар:
Балалардың жаңа пайда болған өскіндермен, туа біткен ауытқушылықтармен (дамудағы кемтарлықтармен), деформациялармен және хромосомдық бұзылулармен сырқаттануының деңгейін төмендету үшін бірден бірнеше бағыттар бойынша жұмыс істеу қажет:
1) профилактика, яғни аталған ауруларды тудыруы мүмкін себептерді жою немесе барынша төмендету бойынша (салауатты тамақтану және өмір салты, шылым шегумен күрес, нашақорлық профилактикасы, дәрілік заттарды негізсіз қолданудың жолын кесу және т.б.);
2) жүйелі медициналық тексерулер және диспансерлеу, медициналық-генетикалық кеңес беру және ауруларды ерте сатысында айқындау үшін перинатальдық диагностика.
Балалардың омыртқа проблемаларының алдын алу үшін оларға дене шынықтыруды дарыту қажет, сонда-ақ сколиоз бен жалпақ табандыққа әкеп соғатын баланың омыртқасына салмақ түсіруді төмендету мәселесін шешу қажет.
Төртіншіден, ресми мәліметтер және әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері бойынша балаларды әртүрлі үйірмелермен және секциялармен қамту үлесі онша жоғары емес. Ауылды жерлердің балаларын мектептен тыс және үйірмелік әрекетпен қамту проблемалары атап өтіледі. Қосымша білім беру желісінде балалардың техникалық білім резерві нашар ашылған. Халық бұқаралық спортпен төмен қамтылған (республика халқының жалпы санының 26,3%).
Қосымша білім беру желісін дамыту және онымен қамтуды арттыру жөніндегі ұсынымдар:
Жергілікті жеріне қарамастан қосымша білім беру желісін ұлғайту.
Ғылым-танымдық бағытқа көңіл бөлу, балаларды зерделеуге және ғылым мен технология саласындағы өз білімдерін дамытуға итермелеу.
Бұқаралық спортты тиісті дәрежеде дамытуға арналған жағдай – қазақстандықтардың салауатты ұлтын қалыптастыруға және дамытуға арналған негіздер жасау. Барлық жерлерде қолжетімді спорттық инфрақұрылымдарды дамыту.
Тәуекел топтарының балаларын спортқа, шығармашылыққа арту жұмысын жалғастыру, бұл жасөспірімдердің девиантты жүріс-тұрысын, кәсмелетке томағандар арасында оларға қатысты құқық бұзушылықты едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
Бесіншіден, балалардың діндарлығының артуы атап өтіледі, бұл оларды зайырлылықтың дамуына кедергі жасап, олардың көзқарасына радикалдық ұйымдардың ықпал етуіне әкеп соғуы мүмкін.
Сауалнама нәтижелері бойынша, сауал берілген балалардың 92% үшін діннің қандай да бір маңызы бар: балалардың 51% үшін дін – бұл мәдениеттің, олар сақтайтын ұлттық салт-дәстүрдің бір бөлігі, 14% үшін – күнәдан тазару тәсілі, жоғары күштердің қорғаны, 10% үшін – діннің көмегімен әділдік пен теңдікті сақтауға болады. Сондай-ақ дін – бұл философия, өмірдің мәні, рухани жағынан жақын адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі, ағарту, күнделікті өмірдің бір бөлігі деген пікірлер де кездеседі. Тек балалардың
8% олар үшін діннің ешқандай мағынасы жоқ деп атап өткен.
12 жастағы және одан асқан балаларды ата-аналарымен салыстырғанда олар үшін дін құндылық ретінде неғұрлым маңызды (тиісінше 8% және 5%). Радикалданумен жұмыстың негізгі нысаны профилактика, ағарту, сендіру, діни сауаттылықты арттыру болып табылады. Діни радикалданудың салдарларымен емес, оның пайда болу себептерімен күресу маңызды.
Проблеманы шешу жөніндегі ұсынымдар:
Зайырлы гуманизм қағидаттарын белсенді насихаттау және заңды сақтау қажет: құқықтар мен бостандықтарды сақтау, соның ішінде балалар арасында, сындарлы ойлауды қалыптастыру, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу және білім беру, дінді балаларға таңуға жол бермеушілік, ғылым және техникалық дағдыларын дамыту, өйткені нақ солар дүниені түсіну мен танудың, ғылыми және инновациялық ойлауды қалыпрастырудың барынша сенімді тәсілдері болып табылады, олар дүниетанымды ұлғайтып, ойлау дербестілігі мен тәуелсіздігін, өзін-өзі таныту мен шығармашылыққа, белсенді азаматтық позицияға, әлеуметтенуге, демократиялық басқаруға қабілеттілікті тәрбиелейді.
Халықтың дін саласы мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру жұмысын жалғастыру, халықтың діни фанатизмнің деструктивті идеологиясын жалпы қабылдамауын қалыптастыру қажет.
Балалардың ата-аналарынан олардың балалары немен айналысатынына қызығушылық танытуын өтіну.
БАҚ-та, интернетте белсенді ақпараттық және түсіндіру науқанын жүргізу. Діни экстремизмның профилактикасы мен оған қарсы іс-қимылға арналған әлеуметтік бейнероликтер шығару.
Азаматтық қоғамның әлеуетін халық арасындағы профилактикалық жұмысқа қосу, ол үшін қолда бар барлық ақпараттық және ұйымдастырушылық ресурстарды жұмылдыру.
ҚР | Қазақстан Республикасы | ҚР БҒМ | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі | ҚР ДСӘДМ | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлігі | ҚР ҰЭМ | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі | ҚР ІІМ | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі | ҚР ИДМ | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі | ҚР МСМ | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі | ҚР ҰЭМ СК | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті | ҚР ДІАҚМ | Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі | ҚР БП | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы | ҚР ҚСжАЕК | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті | ЖАО | Жергілікті атқарушы органдар | БҰҰ | Біріккен Ұлттар Ұйымы | ЮНИСЕФ | United Nations International Children’s Emergency Fund (БҰҰ балаларға жәрдем фонды) | ХЕҰ | Халықаралық Еңбек Ұйымы | ҮЕҰ | Үкіметтік емес ұйымдар | МДЗ | Медициналық - демографиялық зерттеулер | АӨЖ | Ана өлім-жітімі | АИТВ | Адамның иммун тапшылығы вирусы | ЖИТС | Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы | ДДСҰ | Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы | ЖӨӨ | Жалпы өңірлік өнiм | ЖІӨ | Жалпы ішкі өнім | ШҚО | Шығыс Қазақстан облысы | ОҚО | Оңтүстік Қазақстан облысы | СҚО | Солтүстік Қазақстан облысы | БҚО | Батыс Қазақстан облысы | СӨС | Салауатты өмір салты | ЖОО | Жоғары оқу орны | МДББ | Мектепке дейiнгi бiлiм беру | ТжКББ | Техникалық және кәсіптік білім беру | ОЖСБ | Оқу жетістіктерін сырттай бағалау | ДМШБ | Даму мүмкіндігі шектеулі балалар | БАҚ | Бұқаралық ақпарат құралдары |
Достарыңызбен бөлісу: |