Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 002 жылғы тамыздағы n 345 Заңы


-1-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және руханижағынан дамуына зиян келтiретiн өнiмдер айналымына



бет15/18
Дата09.06.2023
өлшемі162,5 Kb.
#178495
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
бала құқығы туралы заң

40-1-бап. Баланы оның денсаулығына, имандылық және руханижағынан дамуына зиян келтiретiн өнiмдер айналымына тарту iс-әрекеттерiнен қорғау

Баланы порнографиялық сипаттағы, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелердi, өзге де заттарды не материалдарды дайындауға, жарнамалауға, көпшiлiк алдында көрсетуге немесе таратуға тарту, сол сияқты оларды балаға сату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.


Ескерту. Заң 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу

Баланы соғыс қимылдарына, қарулы жанжалдарға тартуға, балалардың әскерилендiрiлген құрамаларын құруға тыйым салынады.




41-1-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау

Қазақстан Республикасы, орындалу мақсаттарына, нысандары мен әдiстерiне қарамастан, балаларды заңсыз алып кетудiң, ұрлап әкетудiң, олармен сауда жасаудың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды тұрақты тұратын елiне қайтару жөнiнде шаралар қабылдайды.


Ескерту. Заң 41-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ


42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау

Ескерту. 42-бап алынып тасталды - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.




43-бап. Баланың заңды өкiлдерi

1. Баланың заңды өкiлдерi барлық мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда, оның iшiнде соттарда кез келген тұлғамен қарым-қатынаста, арнайы өкiлеттiксiз баланың (немесе баланы асырап алуы) туралы куәлiгi, ата-аналарының паспорты, қорғаншының жеке басының куәлiгi негiзiнде балаларға өкiлдiк етудi және олардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады.


2. Қазақстан Республикасының заңдарында кәмелетке толмағандардың дербес азаматтық, неке-отбасылық, еңбек және өзге де құқықтық қатынастарға түсу және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғау құқығы көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрттен он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн олардың заңды өкiлдерi қорғайды.


3. Тәрбиелеу, емдеу ұйымдарындағы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарындағы балаларға өкiлдiк ету мен олардың мүдделерiн қорғауды осы ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.


4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға өкiлдiк ету мен оның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау уақытша, баланы отбасына немесе балалардың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асырушы ұйымға орналастырғанға дейiн қорғаншылық, және қамқоршылық органына жүктеледi.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет