31-бап. Мүгедектігі бар баланың толыққанды өмірге құқықтары
1. Мүгедектігі бар баланың өз қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, қоғам өміріне белсене араласуына ықпал ететін жағдайдағы толыққанды өмірге дені сау балалармен бірдей құқықтары бар.
2. Мүгедектігі бар бала өзінің дене бітіміне, ақыл-ес қабілетіне және тілегіне сай білім алуға, қызмет түрі мен кәсіпті таңдауға, шығармашылық және қоғамдық қызметке қатысуға құқылы.
3. Ақыл-есінің немесе дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларды қоса алғанда, мүгедектігі бар балалардың ата-анасының (заңды өкілдерінің), сондай-ақ бала мен отбасының жеке талаптарына сәйкес әлеуметтік қызметкердің және басқа да мамандардың басшылығымен жасалған баланың жеке даму жоспарына сай медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
32-бап. Мүгедектігі бар баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
1. Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүгедектігі бар баланың денсаулық жағдайын, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оны оқытуға, кәсіптік даярлауға, лайықты жұмысты таңдап беруге және жұмысқа орналастыруға қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
2. Мүгедектігі бар балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, оларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
33-бап. Мүгедектігі бар балаларға мемлекеттік көмек
1. Мемлекет мүгедектігі бар балаларды қолдауға бағытталған медициналық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық шаралар кешенін жүзеге асырады.
2. Мүгедектігі бар балаларға көрсетілетін мемлекеттік көмек Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған және оның күтімін жүзеге асыратын ата-ананың және басқа да заңды өкілдердің мемлекеттік көмек алуға құқығы бар.
7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ
34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу
1. Мемлекет балалардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерiмен, рухани қазыналарымен және әлемдік мәдениет жетiстiктерiмен танысуына мүмкіндiк жасайды.
2. Мемлекет балалардың шығармашылық және ғылыми қабiлетiн дамыту үшiн ұйымдар құруды, кино және бейнефильмдер, теледидар және радио хабарларын шығаруды, балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.
3. Порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын, балаларға зиянды әсер ететiн және құқық бұзушылыққа ықпал ететiн бұқаралық ақпарат құралдарын, әдебиеттi, ойын-сауық және басқа iс-шараларды пайдалану заң бойынша қудаланады.
35-бап. Бала және дiн
1. Мемлекет баланың ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың дiни дүниетанымына негiзделген тәрбиеге араласпауға, бiлiм беру, тәрбиелеу, емдеу ұйымдарының және өзге де сол сияқты мекемелердiң шегiнен тыс жерлерде баланың қатысуымен дiни жоралардың жасалуына, аталған әрекеттер баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайларды қоспағанда, кепiлдiк бередi.
2. Кәмелеттiк жасқа толмаған балаларға қатысты дiни жоралар ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың келiсiмiмен жасалады. Балаларды дiнге тарту жөнiндегi мәжбүрлеу шараларына жол берiлмейдi.
36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау
1. Мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтiретiн әлеуметтiк ортаның, ақпараттың, насихат пен үгiттiң терiс ықпалынан қорғауға мiндеттi.
2. Салауатты өмiр салтын насихаттау мен балаға құқықтық бiлiм берудi мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бiрi деп таниды.
3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс.
4. Баланың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады.
5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV, 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау
1. Баланың ата-анасы, басқа да заңды өкілдері, мемлекеттiк органдар, сондай-ақ баланы тәрбиелеу мен оған бiлiм беру функциясын жүзеге асыратын ұйымдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi.
2. Балаға алкоголь өнімін, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
3. Алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарын өндiруде немесе сатуда бала еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
4. Балалар тауарларын сататын сауда ұйымдарында және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ балаларға арналған iс-шараларды жүргiзу кезiнде шылым шегуге, темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады.
5. Денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында алкоголь өнiмiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |