Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы



бет36/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

33-бап. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы

      1. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы:

      1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінен;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан тұрады.

      3. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына:

      1) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;

      3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      4) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген, не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қолдану;

      5) техникалық және авторлық қадағалаулар қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

      6) объектiлерді салу кезiнде тапсырыс берушiнiң (меншiк иесiнiң) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруына және жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асыру жүктеледі.

      4. Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына (мемлекеттік құрылыс инспекторына):

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен Қазақстан Республикасының аумағында салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;

      2) техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;

      3) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);


      4) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      5) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту құқығы беріледі.

      5. Мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады.

      5-1. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Мыналар:

      1) бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілерден және сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда орналасқан немесе іске асыру кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шараларды талап ететін өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайлары бар екі қабаттан жоғары жеке тұрғын үйлерден басқа, азаматтардың жеке пайдалануына арналған жеке тұрғын үйлер мен басқа да техникалық жағынан күрделі емес құрылыстар салу;

      2) жеке үй жанындағы учаскелерде немесе бау-бақша серіктестіктері учаскелерінде орналасқан уақытша құрылыстар, сондай-ақ маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар тұрғызу;

      3) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертпей, сондай-ақ үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгертпей қолданыстағы үйлердегі үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы тарапынан инспекциялауға жатпайды.

      7. Лауазымдық мiндеттерiне бақылауды жүзеге асыру кiретiн, сәулет, қала құрылысы, құрылыс істері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы, оның орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.

      Лауазымдық мiндеттерiне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өздеріне ведомстволық бағынысты аумақтардағы объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарының басшылары, олардың орынбасарлары мен штаттық жұмыскерлерi тиiсiнше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттiк құрылыс инспекторының орынбасарлары және мемлекеттiк құрылыс инспекторлары болып табылады.

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану құқығы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарларына, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторларына берiледi.

      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.10. N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.21. N 297 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. N 180-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет