Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және базалық деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастры



бет46/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

39-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және базалық деңгейдегi мемлекеттiк қала құрылысы кадастры

      Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 21.01.2014 N 167-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


     

40-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi мен мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының мониторингi

      1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры сәулет, қала құрылысы және құрылыс істер жөніндегі уәкілетті орган белгiлейтiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерi жөнiндегi ақпаратты жинаудың, өңдеудiң, есепке алудың, тiркеудiң, сақтау мен табыс етудiң Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйесi бойынша жүргiзiледi.

      Объектілер мониторингі Мемлекеттік қала құрылысының кадастрында жүргізіледі.

      2. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры үшiн:

      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiрудi, жер ресурстарын, геодезия және картографияны аумақтық басқару органдары;

      2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу техникалық түгендеу және бағалау қызметтерi;

      3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау қызметтерi;

      4) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар;

      5) жердiң, судың және басқа да салалық кадастрлардың, тiркелiмдердiң деректерi, өзге де деректер банктерi бастапқы ақпарат (мәлiмет) көздерi болып табылады.

      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.10 № 116, (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 № 204 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV; 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет