Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ



бет44/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

2-БӨЛIМ. СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ
7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ

37-бап. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының нысанасы мен мақсаты

      1. Мемлекеттiк қала құрылысының кадастры аумақтардың, ғимараттардың және құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының және абаттандыру бөліктерінің жай-күйi туралы, сондай-ақ аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен құрылысын салудың қала құрылысын жоспарлау туралы мәлiметтердi, аумақтар мен объектiлердiң тиiстi функционалдық аймақтарға тиесiлiлiгi, олардың қазiргi және болашақтағы мақсаттары, экологиялық, инженерлiк- геологиялық, гидрогеологиялық, геотехникалық және сейсмикалық жағдайлары, инженерлiк қамтамасыз етiлуi туралы деректердi қамтиды.

      2. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының деректерi:

      1) қала құрылысы мен сәулет-құрылыс құжаттамасын әзiрлеу және iске асыру;

      2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiн дамыту және өзгерту;

      3) жылжымайтын мүлiкпен мәмiлелер жасауды, оны тiркеудi жүзеге асыру;

      4) инвестициялық қызметтi бағалау;

      5) қала құрылысы және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын беру;

      6) сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау кезiнде пайдаланылуға тиiс.

      3. Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры жерге және басқа да жылжымайтын мүлiкке салынатын салық мөлшерiн белгiлеу, жылжымайтын мүлiк айналымын пайдалануды құқықтық реттеу, елдi мекендердiң аумақтарын ұтымды пайдалануға бақылау жасау, қала құрылысы регламенттерiн сақтау және жобаларды iске асыруды талдау үшiн пайдаланылады.

      4. Мемлекеттік қала құрылысы кадастры деңгейлер бойынша:

      1) республикалық;

      2) облыстық;

      3) облыстағы аудандық;

      4) базалық (республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоса алғанда, елді мекендер) болып бөлінеді.

      Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2014 N 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет