Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау



бет41/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

34-4-бап. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау

      1. Әртүрлі бағыттағы объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын не салынған объектілерді жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.

      2. Тапсырыс беруші ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды шарт негізінде тарта отырып жүзеге асырады.

      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырыс берушілер) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру үшін бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға нарықтағы жұмыс істеп тұрған, құрамында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды ұсыну үшін тиісті аттестатқа ие сарапшылары бар аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуға құқығы бар.

      4. Ғимарат пен құрылыстың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау кезінде техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) ұсыныстарын көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі туралы қорытынды береді.

      5. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.

      Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жеке жүзеге асырады.

      Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында әкімшілік-өндірістік базасы, салыстырып тексеру есептерін орындау үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылыммен жарақтандырылған компьютерлері, өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.

      6. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      7. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау:

      1) бұзылудың қауіптілігін білдіретін жауапты (тіреуіш) элементтері мен қосылулардың ақаулары мен бүлінулері, қолданылған құрылыс материалдарының сапалық көрсеткіштерге сәйкес келмейтіндігі анықталған;

      2) өрттің және дүлей зілзаланың салдарлары;

      3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары нұсқама берген;

      4) ғимараттар мен құрылыстардың конструктивтік схемасы, өндіріс технологиялары өзгерістеріне байланысты бекітілген жобалық шешімдер өзгерген;

      5) ғимараттардың, құрылыстардың нормативтік пайдалану мерзімдері аяқталған;

      6) жөндеудің және реконструкциялаудың экономикалық тұрғыдан орындылығын айқындаған;

      7) нормаланатын табиғи-климаттық әсер (қардың, желдің әсері) ұлғайған;

      8) ғимараттар мен құрылыстардың техникалық тұрғыдан пайдалану (тұрақты түрде) кезінде құрылыстардың техникалық тексеріп қарау мерзімдерінің басталуы;

      9) салынып жатқан объект құрылысын консервациялау не алты айдан астам мерзімге тоқтата тұрған;

      10) пайдаланып отырған үй-жай немесе құрылысты жаңғырту, реконструкциялау, қайта жарақтау, олардың нысаналы мақсаты өзгерген жағдайларда жүргізіледі.

      8. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалардың:

      1) тиісті жұмыстарды орындау үшін салынып жатқан немесе салынған объектіге еркін кіруіне;

      2) тапсырыс берушіден техникалық зерттеп-қарау бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті барлық жобалау-техникалық және орындаушылық құжаттаманы алуына;

      3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу үшін қажетті барлық жұмыстарды орындауына құқығы бар.

      9. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлғалар:

      1) зерттеп-қарауды құрылыс материалдарының тіреуіштік қабілетінің есебі бойынша нормативтерді, нақты сапалық көрсеткіштерін және орындалған жобалық шешімдерді ескере отырып, анықталған ақауларды, жобалық шешімдердің өзгерістерін, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін айқындайтын қолданылған материалды, жекелеген конструктивтік элементтерді ескере отырып нормативтік құжаттамаларға, ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарына сәйкес қамтамасыз етуге;

      2) орындалатын зерттеп-қараудың түрлерінің нормативтік талаптарына сәйкес техникалық зерттеп-қарау жөніндегі жұмысты сапалы орындауды қамтамасыз етуге;

      3) техникалық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде аккредиттелген сынақ зертханасын (өзінің аккредиттелген зертханасы жоқ болған кезде) тартуға;

      4) белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген және метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес келетін сынақ, өлшем және бақылау құралдарын қолдануға;

      5) құрылыс алаңындағы топырақ жағдайларын ескере отырып ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары мен элементтерінің нақты жай-күйінің негізінде салыстырып тексеру есептеулерін орындауға міндетті.

      10. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорын жағдайларында ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүргізген кезде, зерттеп-қарауды жүргізуді орындайтын сарапшылар осы объектіде қолданылатын техника қауіпсіздігінің арнайы қағидалары туралы нұсқау алуға тиіс.

      11. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындайтын сарапшы жүргізілетін зерттеулердің сапасына, шығарылған шешімдердің дұрыстығына және әзірленген ұсынымдардың толықтығына жауапты болады. Сарапшылар (аккредиттелген ұйымдар) берген ұсынымдар олардың орындалу қорытындылары бойынша ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын қамтамасыз етуге тиіс.

      12. Сарапшылардың техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша барлық тұжырымдары мен нұсқаулары тапсырыс берушінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      13. Тапсырыс беруші техникалық зерттеп-қарау жүргізу үшін сарапшыға (сарапшыларға) ұсынылатын бастапқы деректердің, мұрағат материалдарының дұрыстығына жауапты болады.

      14. Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерін орындамағаны (тиісінше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының және нормативтік актілерінің талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Ескерту. 6-тарау 34-4-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет