Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы



бет37/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

34-бап. Авторлық қадағалау

      1. Авторлық қадағалауды жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеушілер, осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде жүзеге асырады.

      2. Объектiлердi салу барысында жүргiзiлетiн авторлық қадағалау шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

      Авторлық қадағалау міндетті түрде объектіні салудың (реконструкциялаудың, реставрациялаудың, кеңейтудің, техникалық қайта жарақтандырудың, жаңғыртудың, күрделi жөндеудің) не аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялаудың бүкiл кезеңi iшiнде қолданыстағы нормативтерге сәйкес объектілерді салуға арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      Құрылыс объектісі аяқталған кезде авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытынды береді.

      2-1. Жобаны әзірлеуші объектінің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді (жүзеге асыруды):

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында инжинирингтік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған аттестаты бар сарапшыға;

      2) тиісті аттестаты бар авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет көрсетушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқығы бар.

      2-2. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:

      1) салынып жатқан тиісті объектіге еркін кіруге;

      2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;

      3) авторлық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;

      4) тапсырыс берушіден және мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтер талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;

      5) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды және (немесе) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.

      2-3. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:

      1) құрылыс барысында бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдердің дәл орындалуын қамтамасыз етуге;

      2) авторлық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;

      3) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына негізделген өзгерістер енгізу жөнінде шешімдерді уақтылы қабылдауға;

      5) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;

      6) нақты өлшемдерді жүргізе отырып, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қосымшаны толтыруға міндетті.

      2-4. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар жүктелген міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      3. Алып тасталды - ҚР 21.01.2014 N 167-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV, 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2014 N 167-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет