Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы



бет38/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

34-1-бап. Техникалық қадағалау

      1. Осы Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылады.

      Құрылыс объектісі аяқталған кезде техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды береді.

      2. Техникалық қадағалауды тапсырысшы объектiлер құрылысына жобалық-сметалық құжаттамада көзделген қаражат есебiнен дербес және (немесе) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтiк қызметтерді жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшыларды тарта отырып, қолданыстағы нормативтерге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі тиісті аттестаты бар сарапшыларды тартуға құқылы.

      4. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың:

      1) салынып жатқан объектіге еркін кіруге;

      2) салынып жатқан объектіге қатысы бар құжаттамамен танысуға;

      3) мердігерден (бас мердігерден) бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдер мен есептердің, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттар талаптарының мүлтіксіз сақталуын талап етуге;

      4) белгіленген мерзімдерде нұсқауларды орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру құқығымен, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден және (немесе) ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарынан ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулар беруге құқығы бар.

      5. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалар:

      1) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің технологиялық процесін айқындайтын ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарын сақтауына қадағалауды қамтамасыз етуге;

      2) құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;

      3) объектіде осы Заңның 31-1-бабы 3-тармағының 1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген талаптардың сақталуына қадағалауды қамтамасыз етуге;

      4) техникалық қадағалау журналын тұрақты және тиісінше жүргізуді жүзеге асыруға;

      5) жасырын жұмыстарды куәландыру мен жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерін ресімдеуге және оларға қол қоюға қатысуға;

      6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органына ай сайынғы негізде объект құрылысының жай-күйі және барысы туралы есепті ұсынуға;

      7) мердігер (бас мердігер) нұсқауды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, бұл жөнінде тапсырыс берушінің назарына жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органының тиісті бөлімшесіне хабарлауға;

      8) техникалық қадағалау журналына енгізілген өз нұсқауларының орындалуына бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

      6. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлға міндеттерді орындамағаны (тиiсiнше орындамағаны) не өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      7. Тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындау жөніндегі аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы бар аккредиттелген заңды тұлғалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге техникалық қадағалауды жүргізуге тиіс.

      Техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асырады.

      8. Жеке тұлғалар және аккредиттелген заңды тұлғалар техникалық қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырған кезде өздерінің меншік немесе жалға алу құқығында өлшем және бақылау құралдары, нормативтік құжаттары және аккредиттелген (тартылған) зертханасы болуы міндетті.

      9. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Ескерту. 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.04.12 N 38 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.04.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет