Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-1-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары



бет53/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)

47-1-бап. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары

      1. Елді мекендер аумақтарының жекелеген бөліктерін қала құрылысына игеру жобалары (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары) елді мекеннің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспары негізінде әзірленеді.

      2. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары елді мекендердің бас жоспарларында белгіленген жоспарлау құрылымының элементтеріне, қала құрылысы регламенттеріне, бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасына сәйкес әзірленеді.

      Бірыңғай сәулеттік стиль тұжырымдамасы астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін көзделеді.

      3. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы мыналарды белгілейді:

      1) функционалдық-қала құрылысын аймақтарға бөлуді айқындай отырып, аумақты жоспарлау ұйымдастырудың негізгі бағыттары;

      2) қызыл, сары сызықтар және құрылыс салуды реттейтін сызықтар;

      3) халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру, көше-жол желісін және көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, инженерлік коммуникацияларды трассалау үшін аумақты резервке қою;

      4) көшелердің көлденең қималары;

      5) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;

      6) жария қала құрылысы шектеулері;

      7) инженерлік коммуникациялар жоспары;

      8) жол инфрақұрылымын дамыту жоспары;

      9) астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар аумақтары бөлігінің бірыңғай сәулеттік стилінің тұжырымдамасы.

      4. Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік, мәдени және бірегей объектілерді салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне байланысты жағдайларды қоспағанда, бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер мен толықтырулар жылына екі реттен асырмай енгізілуі мүмкін.

      Ескерту. 8-тарау 47-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет