«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет18/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Қаулының қорытынды бөлімінде көрсетіледі:

  • сараптаманың түрі;

  • сараптама арқылы шешілетін сұрақтар;

  • сот сараптама органының атауы және сараптама жүргізетін тұлғаның аты-жөні;

  • сараптамаға жіберілетін материалдардың тізімі.

Аталған мәліметтерден басқа қаулыда процеске қатысатын тұлғалардың өтініштері (сараптаманы тағайындауға қатысты) және олардың қанағаттандыру нәтижелері көрсетілуі тиіс. Қаулыда кімге қатысты сараптама жүргізіліп отыр, сол тұлғалардың және қылмыстық процесті жүргізетін адамдардың қатысқаны дұрысырақ.
Белгілі бір сараптаманы тағайындау туралы қаулыны шығару кезінде күрделі мәселелер туындағанда дәлелдеу субъектілірінің кеңес алу мақсатында мамандарға жолданғандары жөн. Атап айтсақ, нақты қандай сараптаманы тағайындау қажет және сараптамалық зерттеуге жіберілетін үлгілер мен объектілерді жинау, зерттеу және бағалауға, сараптамаға сұрақтар дайындау мен құрастыруға қатысты мамандардың көмегі қолданылуы қажет. Жоғарда көзделеген сұрақтарды шешу үшін, сот сарапшыларының алдын-ала қаулыны дайындау кезінде маман ретінде қатысуына заң тыйым салмайды.
Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы процессуалды құжат болғандықтан, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, қаулыны орындау оны жолдаған органдар мен тұлғалар үшін міндетті болып табылады және олардың құзыретіне кіреді.
Сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің соттағы ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының заңнамаларында сот талқылауына қатысты сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің ерекшеліктері көзделген. Аталған өзгешеліктер, тек сот талқылауының азаматтық, қылмыстық, әкімшілік процестегі ұйымдастыру мен жүргізілу тәртібі мен міндеттерінің ерекшеліктерін қамтымайды, сол сияқты қылмыстық процестің сатысы болып табылатын алдын-ала тергеу мен істі сотта қараудың (азаматтық процесс үшін – сот талқылауына істі дайындау және істі сотта қарау) өзгешеліктерін де қамтиды.
Қылмыстық істер бойынша сараптаманы сотта жүргізу. Сотта сараптаманы жүргізу кезінде оның алдын-ала тергеуде жүргізілуінің мүмкіндіктері де ескеріледі. Егер сараптама алдын-ала тергеу кезінде жүргізілсе, оның нәтижелері процесске қатысушылар үшін күмән тудырмаса, онда сот сараптаманың қорытындысын сотта жариялаумен шектеледі де сот сарапшысын сот процессіне шақырмайды.
ҚР ҚІЖК алдын-ала тергеуде сараптама жүргізілсе де сотқа сарапшыны шақырудың қажеттіліктерін нақты реттейді. Мұндай жағдайларға келесілер жатады:

  • сараптамамен барлық сұрақтар шешілмесе;

  • сарапшының қорытындысы күмән тудырса;

  • сарапшының қорытындысы процесске қатысушылармен дауланса;

  • қосымша сараптамалық сұрақтар пайда болса;

  • күрделі істі мәні бойынша шешуге сараптаманың қорытындысы маңызды болса;

  • сараптамалық объектілерді дұрыс бағалау мен сараптаманың қорытындысын дұрыс түсіндіру үшін;

Егер сараптама алдын-ала тергеу кезінде жүргізілмесе, ал оны жүргізу қажеттілігі туындаса, сот оны тағайындау туралы шешім қабылдап және басты сот талқылауына сарапшыны сараптама жүргізуді тапсыру үшін шақыртады.
Соттың бірінші сатысында сот сараптамасын тағайындау алдын-ала істі тыңдау және басты сот талқылауында анықталады.
ҚР Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істер бойынша сот сараптамасын тағайындау туралы» 26.11.2004 жылғы № 16 қаулысында алдын-ала істі тыңдау кезінде сот сараптамасын тағайындау туралы сотпен қаулы шығару тек нақты жағдайларда орын алады:

  • тараптардың өтініштері бойынша;

  • сараптаманы тағайындау дәлелдемені бағалаумен байланысты болмаса;

  • ҚР ҚІЖК 241 бабына сәйкес, оны жүргізу міндетті болса.

Басты сот талқылауында тараптардың өтініштері бойынша немесе өзінің бастамасымен сот:

  • сараптаманы тағайындайды (сарапшыны шақыртады);

  • сараптаманың пәніне қатысты мән-жайларды зерттеу үшін сарапшыны қатысуға рұқсат береді;

  • тараптарға сараптамалық сұрақтарды жазбаша түрде беруін ұсынады;

  • қойылған сұрақтарды оқып және сот талқылауына қатысушыларының пікірлерін тыңдайды;

  • өзінің қаулысымен іске қатысы жоқ және сарапшының құзыреттілігіне жатпайтын сұрақтарды алып тастайды;

  • негізделген қаулысымен тараптармен ұсынылған сараптамалық объектілерді алып тастайды;

  • қажет болғанда, сарапшымен қорытынды оқылғаннан кейін ҚР ҚІЖК 355 б. көзделеген тәртіпке сәйкес одан жауап алады;

  • қажет болғанда қайталама не қосымша сараптама тағайындайды.

Сонымен қатар, сараптаманы тағайындағанда, сот:

  • жаңа сұрақтарды құрастырады;

  • сотпен шығарылған сараптаманы тағайындау туралы қаулының көшірмесін ұсынады;

  • ҚР ҚІЖК 83 бабымен қарастырылған құқықтар мен міндеттерді түсіндіреді;

  • тараптардың пікірлерін тыңдағаннан кейін, сот сараптамасы аяқталғанға дейін сот отырысын кейінге қалдырады;

  • сарапшының қорытындысын іске тіркейді.

Егер сотқа дейінгі сараптамалық қорытындыға тараптар күмән тудырмаса, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес, сот сараптаманы тағайындамай ақ сот сарапшыдан жауап алумен шектеле алады. Сотта сарапшыдан жауап алудың тәртібі ҚР ҚІЖК 355 бабымен реттеледі, ол келесі жағдайларды енгізеді:

  • жауап алу тек қорытынды жарияланғаннан кейін жүргізіледі, ҚР ҚІЖК 253 б. 3 бөлімін ескере отырып, қорытынды бойынша сұрақтар немесе оны түсіндіру, нақтылау, толықтырулар қажет болған жағдайлар;

  • сот сарапшыға жауап алудың кез келген сатысында сұрақтар қоя алады;

  • алдымен сарапшыға сұрақты сараптаманы тағайындауына бастама берген тарап қояды;

  • егер сараптаманы қылмыстық процессті жүргізуші органның бастамасымен не тараптардың келісімімен тағайындалса, алдымен сұрақты сарапшыға айыптаушы, кейіннен қорғау тарабы қояды.

Сот талқылауында сараптаманы алдын-ала тергеу кезінде жүргізген не сотпен тағайындалған басқа сарапшы жүргізеді. Сараптама тікелей сотта не сараптамалық зерттеу жүргізуге ыңғайлы жерде жүргізіледі.
Төрағалық етуші судьяның рұқсатымен сарапшы сараптаманың пәніне қатысты келесі мән-жайларды зерттеуге қатыса алады:

  • қылмыстық істердің материалдарымен танысуға;

  • сараптамаға қатысты сот әрекеттеріне қатыса алады;

  • жауап алынатын тұлғаларға қатысты сұрақтар құрастыруға (сараптамаға қатысты);

  • жазбаша қорытынды беруге және оны сот отырысында жариялауға;

  • ҚР ҚІЖК 83 б. көзделген өзге де құқықтарын жүзеге асыруға.

Сот отырысына қатысатын тараптар сот сараптамасын тағайындаған кезде келесі құқықтары бар:

  • сараптамалық зерттеу ретінде материалдар мен құжаттарды ұсынуға;

  • сараптамаға оны тағайындауға қатысты сұрақтарға өтініштер жасауға;

  • сарапшыға сұрақтарды жазбаша түрде беруге.

Сотта жүргізілген сараптаманың процессуалдық түріне баға бергенде, ол өзінің құқықтық мәртебесі жағынан одан кейінгі жасалған сараптамалармен салыстырғанда алғашқы болып табылады. Мәселен, ҚР ҚІЖК 354 бабының 10 бөліміне сәйкес, сот отырысындағы қайталама не қосымша сараптама тек алғашқы сараптама сотта (алдын-ала тергеуде емес) жүргізілгеннен кейін пайда болады.
Қылмыстық процессте ҚР ҚІЖК 410 бабының 1 бөліміне сәйкес, тараптардың өтініштері немесе аппеляциялық сатыдағы соттың бастамасымен сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы мүмкін. Өзге де сараптамалар аталған соттың сатысында, тек қосымша материалдардың болуына және оларды сот талқылауында зерттеуді қажет етпейтін жағдайларға қатысты тағайындалады.
Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот сараптамасының ұйымдастырылуы мен жүргізілуінің құқықтық бастамасы қылмыстық істер бойынша сараптама жүргізумен көптеген ұқсас белгілері бар, бірақ олардың сот өндірісінде процессуалдық спецификасы бар.
Мәселен, азаматтық процессте сараптама тағайындаудың келесі нысандары бар:

  • міндеттерін қамтамасыз ету тәртібінде;

  • істі сот талқылауына дайындау;

  • сот талқылауында.

Міндеттерін қамтамасыз ету – азаматтық процесске тән. ҚР АІЖК 74 бабына сәйкес, өздерi үшiн қажеттi дәлелдемелердi ұсыну соңынан мүмкiн болмайды немесе қиындық келтiредi деп қауiптенуге негiзi бар iске қатысушы адамдар соттан осы дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы сұрай алады. Дәлелдемелердi қамтамасыз етуді сараптаманы жүргiзу арқылы сұрай алады.
Заңда, соттық түрде міндеттерін қамтамасыз етуден басқа міндеттерді нотариалды түрде қамтамасыз етуде көрсетілген. Мәселен, ҚР «Нотариат» туралы Заңының 99 бабына сәйкес, нотариус немесе консулдық мекеменің лауазымды тұлғалары сараптаманы тағайындай алады.
Аталған жағдайларда сараптаманы тағайындаудың негіздері мүдделі тұлғалардың арыздары болып табылады. Арыздарда келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiште қамтамасыз етiлуге қажеттi дәлелдемелер,

  • растау үшiн осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар,

  • өтiнiш берушiнi қамтамасыз ету туралы өтiнiш жасауға итермелеген себептер,

  • сондай-ақ қамтамасыз етiлетiн дәлелдемелер қажет болып отырған iс көрсетiлуге тиiс.

Дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы өтiнiштi қарау нәтижесi бойынша сот ұйғарым шығарады. Мұндай өтiнiштi қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым берiлуi мүмкiн (ҚР АІЖК 75 б., 3 б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет