бет 54/105 Дата 29.11.2022 өлшемі 1,08 Mb. #160350
Байланысты:
treatise8925 Оқ-дәрілердің сот сараптамасы – іс материалдарында оқиға болған жерден немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінде алынған оқ , гильза, пыждар, патрондар болған кезде және соларға қатысты фактілерді анықтау қажет болған кезде тағайындалады.
Оқ-дәрілерді анықтауға қатысты сот сараптамасының классификациялық міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады , олар:
оқиға болған жерден алынған оқ қандай атыс қаруынан атылған ?
сараптамаға ұсынылған оқ (гильза) атылған ату қаруының жүйесі (моделі, үлгісі) қандай ?
оқиға болған жерден немесе сезіктіден алынған патрондар бір немесе әр түрлі зауытта дайындалған ба ?
Аталған сараптама диагностикалық және ситуациялық міндеттерді шешуге бағытталған сұрақтарды шешеді , олар:
зерттеуге ұсынылған патронның (гильза, оқ) үлгілері аталған қарудан атуға жарамды ма ?
оқ (гильза) қолмен жасалған ату қаруынан атылған жоқ па ?
аталған патрондар немесе оның жезінің жеке компоненттері: оқтар, гильзалар т.с.с. қандай әдіспен дайындалған ?
патрон қандай дәрімен жабдықталған ?
Идентификациялық міндеттерді шешу үшін, оқ-дәрілерді зерттеу сараптамасы бойынша келесі сұрақтар қойылады:
оқиға болған жерде және сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір массаны құрайды ма ?
салыстырып отырған патрондар өзінің снарядталу мазмұны бойынша бір массаға жатады ма ?
Н. есімді тұлғаның мәйітінен және сезіктіден алынған бытыра (картечь) өзінің дайындалу тәсілі және сақталу жағдайы бойынша бір массаны құрайды ма ?
оқиға болған жерден тәркіленген және айыпталушыдан алынған пыждар (төсеме, бытыра) ұсынылған саймандар арқылы дайындалған жоқ па ?
оқиға болған жерден және айыпталушыдан алынған патрондар бір құралмен жабдықталған жоқ па ?
оқиға болған жерден және айыпталушыдан алынған пыждар (төсеме, бытыра) бір материалдан жасалған жоқ па ?
оқиға болған жерден алынған оқтар айыпталушыдан алынған нақты формамен жасалған жоқ па (форманың мазмұнын және кімнен алынғанын көрсету керек) ?
аталған қағаз пыж оқиға болған жерден алынған қағаздан , газет бетінен (басқа да материалдан) жасалған жоқ па ?
әр түрлі оқиға болған жерден алынған оқтар (гильзалар) бір қарудан атылған жоқ па ?
Егер іс бойынша тергеуші оқтар , гильзалардан басқа оқиға болған жерден немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінен ату қаруын тапса , сараптама алдына сұрақтар өзгеше редакцияда қойылады , олар:
оқиға болған жерден алынған оқтар мен гильзалар аталған ату қаруынан атылған ба (жүйені, номерді, кіммнен алынғаны көрсету керек) ?
мәйіттің (жәбірленушінің) денесінен алынған оқтар аталған ату қаруынан алынған ба (жүйені, номерді, кіммнен алынғанын көрсету керек) ?
Достарыңызбен бөлісу: