Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Ату қаруының сот сараптамасы. Оқиға болған жерді қараудың, сезіктіні ұстау, тінтудің нәтижесінен ату қаруы табылса ол сол сәтте дер кезінде қаралып және қараудың нәтижелері хаттамаға бекітілуі керек. Ату қаруын хаттамаға тіркеу криминалистика оқулығының «Сот (криминалистикалық) баллистикасы» атты тарауында мұқият сипатталған. Ату қаруы сот сарапшыға табылған күйіндегі нысанда ұсынылуы керек. Бірақ, қауіпсіздікті сақтау үшін маман-криминалист ату қаруын жеткізу кезінде қарудың оқтарын алып тастауы қажет. Аталған жағдайдың себебінен оқиға болған жерді қарау хаттамасында ату қаруының мәйітке қалай орналасқандығын және онда оқтардың, гильзалардың болуы мән-жайлар мұқият тіркелуі керек. Револьверді табу және алу кезінде, оның барабанында атылған гильза болса, оны ол жерден алу қажет емес, әсіресе егер оқиға болған жерден немесе жәбірленушінің денесінен алынған оқ нешінші атудың нәтижесінен шығу сұрағын анықтау қажет болса. Егер ату қаруының қарудың тартпасын баспай ату мүмкіндігі туралы сұрақты шешу кезінде ату қаруын тексеріп ақтарудың қажеттігі жоқ. Сол сияқты ату қаруы ылғалды жерден табылса да оның каналының және ұңғысын сүрту қажет емес. Сарапшыға ату қаруын сақталу жағдайы туралы хабарлау керек. Мұндай ақпарат сарапшының ату мерзімін анықтауы үшін маңызды.
Ату қаруын қапталған және мөртаңбалаған күйінде сот сарапшыға жеткізу керек. Ату қаруының ствол каналының ұңғы бөлігіне қақпақ кигізеді. Ол ең алдымен сыртқы әсерлерден қорғау және газдың шығып кетпеуіне кепіл береді.
Ату қаруына оқ-дәрілері сот баллистика сараптамасының ең кең таралған объектілерінің бірі болып табылады.
Сот-баллистикалық идентификациялық зерттеулердің шешетін сұрақтарының бірі – оқ-дәрілердің жалпы пайда болу қайнар көздерін анықтау. Пайда болу қайнар көздері дегеніміз – зерттеп отырған объектілердің мерзімі, орны және сақталуы, пайдаланылуы және дайындалуының өзге де жағдайларының сәйкестігін анықтауын айтамыз. Зерттелу объектілері дегеніміз – аңшылық патронның жабдықтары: атылған гильзалар, бытыра, пыждар, төсемелер, оқ-дәрілер немесе олардың жиынтығы – жабдықталған патрондардың жүйесі.
Оқиға болған жерден аңшылық патронның өзі немесе оның жеке компоненттері табылуына қатысты сараптаманың алдына сұрақтар қойылады.
Көп жағдайда сот-баллистикалық сараптаманың объектісі снаряд (дробь, картечь, оқ) болып табылады. Аталған объектілерді табу кезінде оларды сезіктіден немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінен алынған заттай дәлелдемелермен теңдестіру сұрақтары туындайды.
Пыждар мен төсемелер көп жағдайда қолдан жасалады. Пыждарды дайындау кезінде әр түрлі мақсаттарға тағайындалған киіз материалдарын қолданады. Төсемелер картоннан жасалады (ораушы картон, кітаптың қаптамалары т.с.с.).
Қолдан жасалаған оқтар қорғасын шыбықтардан, пластиналардан шабудың және кейін оны таптап тегістеу және соғу арқылы жасауға және балқытып құюға болады, яғни – бытыра-таптама. Шабылған және таптап тегістелмеген бытыра немесе картечь «сечка» деп аталады. Егер оқиға болған жерде осындай бытыра табылса, онда сезіктіден тінту кезінде дайын оқ-дәрілерден басқа оны жасаған саймандарды, материалдарды (тістеуіш, кескіш т.с.с.) алып және сараптамаға жіберу қажет.
Қолдан жасалған объектілер табылған жағдайда, онда ол объектілерді (оқ-дәрілер) дайындаған материалдарды (әр түрлі киізден жасалған картон өнімдері, т.с.с.) табу шараларын қолдану қажет. Кейде пыж немесе төсеменің орнына жай қағаздарды (кітаптың, дәптердің, газеттердің беттері) қолданады. Пыждар қандай материалдардан жасалғандығы туралы тергеушінің хабары болса, онда тінту немесе өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жабдықталған патроннан басқа оны даярлаған материалдарды (кітап, дәптер, газет) іздеп алу қажет.
Көп жағдайда аңшылық патрондар қорғасын құймаларынан жасалу себебінен, (яғни металлдың тез деформациялануы) снарядта қалдырылған іздердің сақталуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қолданылуы керек. Қорғасын снарядттарды сақтау немесе жеткізу кезінде оларды бір қатарға екі қабат мақтаның арасына орналастырып қою керек.
Ату іздері.Тесіп өтудің, қисаю, снарядтың каналдары және өзге де ұқсас негізгі және қосымша іздерді ату іздеріне жатқызамыз. Ыстың, оқ-дәрінің дәндерін, металлдың бөлшектерін сияқты қосымша іздерді табу бірқатар қиындықтар туғызады. Мұндай объектілерді табу үшін лабороториялық құрал-жабдықтар қажет.
Аталған объектілерді зерттеу арқылы бірқатар сұрақтар шешіледі, олар: атудың қашықтығы, атудың бағыты, атудың кезектілігі, ату құралы мен жәбірленушінің орналасу жағдайы т.с.с. Мұндай объектілерді табу үшін оқиға болған жерді қарауға сот-баллистика саласындағы мамандарды қатыстырған жөн. Объектілерді табу мен бекіту кезінде ондағы іздерді жоғалтпау немесе олардың өзгеруіне әкеп соғатын жағдайларды болдырмау қажет. Осыған байланысты оқ-дәрінің дәндерін табу үшін оқ тесіп өткен затты ақ парақ қағаздың үстінде қағып сілку керек деген ұсыным қате екенін мойындау қажет.
Ату қаруымен қалдырылған металдың шашыраңқы микробөлшектері арнайы зертханалық жағдайларда анықталады. Олар мысалы, атқан тұлғаны анықтау кезінде іздеу объектілеріне жатады. Бұл атыс өнімдері атқан адамның қолында, киім-кешегінде болуы мүмкін.
Аталған объектілердің тасушысы болған заттарды сақтау, жеткізу кезінде, олар жеке-жеке буып-түйіліп, бір-бірімен үйкелмеуі керек. Сол сияқты, атқан адамның қолында қалдырылған атудың іздері ұзақ уақыт сақталмайды. Қолда қалдырылған атудың іздері қолды жуып сүрткеннен кейін әдетте жойылады.
Атудың іздері сараптамалық зерттеудің объектісі ретінде ату қаруының өзінде, ұңғының каналында, револьвердің барабанында өзге де детальдарда қалдырылуы мүмкін. Ұңғыны сүрту кезінде атылған оқтардың іздері жойылуы мүмкін.