«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет57/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Оқиға болған жерді қарау. Ату қаруы қолданылған істер бойынша оқиға болған жер сот-баллистика саласындағы мамандардың қатыстырылуымен жүргізілуі керек, өйткені мамандар ату іздерін тез табылуына және олардың дұрыс алынып бекітілуін қамтамасыз етеді. Аталған мамандардың қатыстырылуы әсіресе оқиға болған жерде типтік емес ату қарулардың алынып, зерттеуі үшін (тайқып тию іздері) қажет болған кезде керек.
Қылмыстық істердің материалдары іс үшін өте маңызды, атап айтсақ: оқиға болған жердің хаттамалары (сызбалар, фотосуреттер), тергеу экспериментінің, куәландырудың хаттамалары (атқан адамның қолындағы атудың іздерін алғанда), сот-сараптамалық қорытындылар (мәйітті зерттеу, зақым келген тұлғаны куәландырылғанда).
Сот-баллистикалық сараптаманы жүргізудің жалпы жағдайы эксперименталды үлгілердің алынуы болып табылады. Ол үшін сарапшының алдына ату қаруының нақты данасын, зақым келген затты, патрон (оқиға болған жердегімен ұқсас), оқ-дәрілерді дайындау үшін қолданылған құрал-саймандар мен материалдарды ұсыну қажет.


12.2. Суық қарудың сот сараптамасы
Суық қаруды зерттеу сот сараптамасының объектілері суық қару немесе металдан жасалған өнімдер, суық қаруға ұқсас қылмысқа қатысты қарулар жатады.
Аталған объектілердің криминалистикалық сараптамасының заты заттай дәлелдемелерді сараптамалық зерттеу арқылы анықтайтын қылмыстық немесе әкімшілік істердің мән-жайлары, фактілі деректері. Сараптама арқылы алынған фактілі деректер кісі өлтіру, денсаулығына зақым келтіру, қару және оның айналымы туралы заңдылықтарды бұзу істері бойынша кеңінен қолданылады.
Сот сараптамасымен шешілетін міндеттер келесі топтарға бөлінеді, олар: идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық) және идентификациялық.
Классификациялық міндеттер келесі сұрақтарды шешеді:

  • жәбірленушінің (сезіктінің) киімінде табылған бөлшектердің табиғаты қандай, олар суық қаруға жатады ма ?

  • сезіктіден алынған зат (пышақ, кастет т.с.с.) суық қаруға жатады ма ?

  • сезіктіден алынған заттар суық қарудың қандай типіне жатады ?

  • өнімдер (пышақ, кастет т.с.с.) қолмен жасалған бұйымдардың тобына жатады ма ?

  • пышақтың (кастет т.с.с.) тұтқасы қандай металлдан немесе құймадан жасалған ?

  • оқиға болған жерден алынған зат суық қарудың қандай типіне жатады ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет