Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Пломбалардың, жабылатын сақтандырғыш құралдарының трассологиялық сараптамасы жүкжіберуші мен жүкқабылдаушының тасушыға қойылатын талап-арыздарына қатысты сотта қаралатын істер бойынша тағайындалады. Мысалы, пломбаның түгел екендігінің дәлелдемесі тауардың жеткіліксіз болуын куәландыру т.с.с., аталған жағдайда жауапкершілік жүкжіберушінің мойынында, барлық басқа жағдайларда жүктасушы жүктің сақталуы үшін жауапты.
Сараптамаға келесі материалдар жіберіледі:
пломбалар немесе жабылатын сақтандырғыш құралдар, оларды бұзу құралының іздері бар және оқиға болған жерден алынған бөлшектері мен элементтері;
қылмыскермен пломба-тиекті шешу үшін қолданылған құрал-саймандар;
жаңа пломбалардың салыстырмалы үлгілері, жабылатын сақтандырғыш құралдар және сараптамалық эксперимент пен салыстырмалы зерттеу жүргізу үшін оларды шешу үшін қолданылатын штаттық құралдар;
сарапшыға оқиға болған жердегі бұзу құралдарымен қалдырылған іздерге қатысты, олардың алынуы мен орналасқан жері туралы деректер беретін өзге де материалдар;
Жануарлар іздерінің сараптамасы Трассологиялық сараптамамен зерттелетін жануарлардың іздеріне хайуанаттардың табан, тіс, тырнақтарының, мойын-жіптен қалдырылған іздері жатады. Сол сияқты, таңбасы (тавросы), жануардың (сиыр, қой, ешкі т.с.с.) терісін жаңдырған таңбалары. Қазіргі таңда асыл тұқымды (породистый) жануарлар бар (бірнеше мың доллар тұратын бәйге аттары, ірі қаралар), оларды биркамен номерлейді.
Сараптамалық зерттеудің міндеттеріне із қалдырған жануарды анықтау (зақымның іздері жәбірленушінің денесінде және өзге де объектілерде болады), іздердің пайда болу механизімін анықтау, сол сияқты сот-тергеу тәжірбиесінде жануарлардың іздеріне қатысты орын алатын жағдайларды шешуге байланысты өзге де міндеттерді шешу.
Жануаарлардың табан іздерін зерттеу кезінде сараптаманың алдына идентификациялық міндеттерді шешетін келесі сұрақтар қойылады:
оқиға болған жерден алынған іздер қай жанурдың іздеріне жатады;
жол іздеріне қатысты жануардың қызметтік ерешеліктерін анықтауға болады ма (аяғының орналасуы, аттауының мөлшері т.с.с.) ?
тағаның қандай белгілері бар және ол қандай әдіспен жасалған;
жәбірленушінің денесіндегі із жануардың тісімен қалдырылған ба?
объектідегі тістің іздері қай жануармен қалдырылған ?