Материалдарды дайындау мен рәсімдеу: Сараптама үшін келесі материалдар жіберіледі: сезіктіден алынған зақымның белгілері бар киімдер. Киімдердің механикалық зақымдалған кезде сарапшы-трассолог істің материалдарымен (сот-медициналық сараптама) танысуы керек. Сол сияқты, сараптамаға басқа мамандардың қатысуы туралы (сот-медициналық сарапшысы, криминалист) мәселені шешу керек. Аталған мамандар келтірілген зақымдардың пайда болу себептерін өлшеу, салыстырмалы зерттеулер арқылы анықтайды.
11.5. Жаппай өндіріс бұйымдарының сараптамасы Жаппай өндіріс бұйымдары трассологиялық сараптаманың объектісі ретінде өз құрамына келесі объектілерді жатқызады: прессформада қалдырылған үстірт іздер (матрицаның не пуансонның іздері) немесе машинаның оның бөлшектерінің іздері, дайындау мен жетілдіруге қолданылатын механизімдер.
Жаппай өндіріс бұйымдарының трассологиялық зерттеу сараптамасының міндеті дайындаудың әдісін, қайнар көздерін (дайындалу орны) өндірістік құрылымды теңдестіру, бүтінді бөлшектеп анықтау т.с.с.
Классификациялық және диагностикалық міндеттерді шешу кезінде сараптаманың алдына келесі сұрақтар қойылады:
оқиға болған жерден алынған заттай дәлелдемелерді дайындаудың әдісі (түйме, шынының қалдықтары, пресс-формалар т.с.с.);
оқиға болған жерден алынған заттар (заттай дәлелдемелер) зауыттық не қолдан жасалды ма ?
жәбірленушінің киімінде табылған бөлшек нені білдіреді, егер ол бұйымның бір бөлігі болса, онда ол қандай бұйым болып табылады ?
нақты зерттеуге ұсынылған зат қандай кәсіпорында дайындалған ?
нақты зерттеуге ұсынылған зат қандай станокта және қандай құралдарды қолдану арқылы жасалған ?
Идентификациялық міндеттерді шешу кезінде сарапшының алдына келесі сұрақтар қойылады:
аталған бұйымдар мен жартылай дайындалған өнімдер белгілі станокта оның нақты детальдарын қолдану арқылы дайындалды ма (пресс-форма, мөртаңба т.с.с.)?
әр түрлі тұлғалардан және әр түрлі жерден алынған бұйымдар бір механизмді немесе құралдарды қолдана отырып жасалған ба ?
зерттеліп отырған объектілер бір технологиялық режимді қолдана отырып жасалған ба ?
заттың бөлшектері бір механизмді қолдана отырып жасалған ба (құрал)?
объект нақты бұйымға жатады ма (түйме, белбеу т.с.с.) ?