«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет53/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105
Байланысты:
treatise8925

12 тақырып. Қарулардың және
оларды қолдану іздерінің сот сараптамасы
Қарулардың сот сараптамасы екі үлкен топқа бөлінеді: сот баллистикалық сараптама, суық қарулардың сот сараптамасы.


12.1. Сот-баллистикалық сараптама

Сот-баллистикалық сараптаманың объектілері криминалистикалық техниканың саласы – сот-баллистикасында нақты көрсетілген, олар үш топқа бөлінеді:



  1. атыс қарулары (пистолеттер, револьверлер, автоматтар, мылтықтар, винтовкалар, карабиндер);

  2. оқ-дәрілер (патрондар, патрондардың компоненттері – гильзалар, оқтар, картечьдер т.с.с) қарулар мен оқ-дәрілерді дайындау үшін қолданатын материалдар мен өнімдер;

  3. атудың іздері.

Сот-баллистикалық сараптаманың пәні сот баллистика саласына оның ішінде атыс қаруына, оқ-дәрілерге және олардан қалатын іздерді зерттеуге қатысты арнайы білімдердің негізінде анықталатын кешенді құрайды. Аталған жағдайлар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот өндірісіндегі мән-жайларды анықтауға қатысты орын алады. Тәжірибеде мұндай мән-жайларды анықтау кісі өлтіру, дене жарақатын салу, қарақшылық, заңсыз ату қаруын жасау т.с.с. фактілер бойынша жиі кездеседі.
Сот-баллистикалық сараптаманың міндеттері идентификациялық және идентификациялық емес (диагностикалық, ситуациялық, классификациялық) мазмұнға ие.
Атыс қаруға қатысты сот сараптамасы іс бойынша оқиға болған жерде немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінде қару табылған жағдайда тағайындалады.
Классификациялық, ситуациялық және диагностикалық міндеттерді шешуге бағытталған сот сараптамасына келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • сараптамаға ұсынылған зат атыс қаруына жатады ма, атуға жарамды ма?

  • аталған ату қаруының жүйесі (моделі, үлгісі) қандай ?

  • ату қаруына жатқызылған аталған зат қандай тәсілмен (зауыттық немесе қолдан) жасалды ?

  • қарудың қандай детальдары ауыстырылған және ол қирату күшінің шамасына әсер етеді ма ?

  • қарудың құрылымына қандай өзгерістер енгізілді ?

  • қару істеп тұрған жағдайда ма (зауыттық әдіспен жасалған) және атуға жарамды ма ?

  • соңғы тазалаудан кейін қарудан ату жүргізілді ма ?

  • соңғы атудан кейін қанша уақыт өтті (аталған қарудың, аталған гильзаның атудың ескіру мерзімі) ?

  • екі ұңғылы аңшы мылтықтың қай ұңғысынан соңғы ату жүргізілді ?

  • белгілі бір жағдайларда мылтықтың тартпасын баспай ату мүмкін ба ?

  • осы пистолеттен ату кезінде оқтың атылмауы (осечка) қандай ақаумен байланысты?

  • атыс қаруының екі ұңғысы бір ұңғы ретінде қолданылды ма ?

  • қарудың белгілі бөліктеріндегі маркировкалық атаулар жойылған жоқ па, жойылса қандай әдіспен ?

  • жойылған маркировкалық атаулардың алғашқы мәні қандай ? т.с.с.

Келесі сұрақтар идентификациялық міндеттерді шешуге бағытталған сұрақтар, олар:

  • сезіктіден табылған қандай материалдардан, полимерлерден қарудың детальдары немесе ату қаруы жасалған ?

  • сезіктіден алынған қандай қарулармен қарудың детальдары жасалған (ату қаруы) ?

  • әр түрлі тұлғалардан алынған бір құралдар мен материалдардан қарудың детальдары жасалған ба ? т.с.с.

Қолдан жасалған ату қаруына қатысты жиі оның атуға жарамдылығы туралы мәселелер сот сараптамасы кезінде шешіледі. Ату қаруының атуға жарамдылығы туралы сұрақтар тек зауыттық әдіспен жасалған қаруларға қатысты қойылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет