Оқ-дәрілердің сот сараптамасы– іс материалдарында оқиға болған жерден немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінде алынған оқ, гильза, пыждар, патрондар болған кезде және соларға қатысты фактілерді анықтау қажет болған кезде тағайындалады.
Оқ-дәрілерді анықтауға қатысты сот сараптамасының классификациялық міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады, олар:
оқиға болған жерден алынған оқ қандай атыс қаруынан атылған ?
сараптамаға ұсынылған оқ (гильза) атылған ату қаруының жүйесі (моделі, үлгісі) қандай ?
оқиға болған жерден немесе сезіктіден алынған патрондар бір немесе әр түрлі зауытта дайындалған ба ?
Аталған сараптама диагностикалық және ситуациялық міндеттерді шешуге бағытталған сұрақтарды шешеді, олар:
зерттеуге ұсынылған патронның (гильза, оқ) үлгілері аталған қарудан атуға жарамды ма ?
оқ (гильза) қолмен жасалған ату қаруынан атылған жоқ па ?
аталған патрондар немесе оның жезінің жеке компоненттері: оқтар, гильзалар т.с.с. қандай әдіспен дайындалған ?
патрон қандай дәрімен жабдықталған ?
Идентификациялық міндеттерді шешу үшін, оқ-дәрілерді зерттеу сараптамасы бойынша келесі сұрақтар қойылады:
оқиға болған жерде және сезіктіден алынған бытыра (картечь) бір массаны құрайды ма ?
салыстырып отырған патрондар өзінің снарядталу мазмұны бойынша бір массаға жатады ма ?
Н. есімді тұлғаның мәйітінен және сезіктіден алынған бытыра (картечь) өзінің дайындалу тәсілі және сақталу жағдайы бойынша бір массаны құрайды ма ?
оқиға болған жерден тәркіленген және айыпталушыдан алынған пыждар (төсеме, бытыра) ұсынылған саймандар арқылы дайындалған жоқ па ?
оқиға болған жерден және айыпталушыдан алынған патрондар бір құралмен жабдықталған жоқ па ?
оқиға болған жерден және айыпталушыдан алынған пыждар (төсеме, бытыра) бір материалдан жасалған жоқ па ?
оқиға болған жерден алынған оқтар айыпталушыдан алынған нақты формамен жасалған жоқ па (форманың мазмұнын және кімнен алынғанын көрсету керек) ?
аталған қағаз пыж оқиға болған жерден алынған қағаздан, газет бетінен (басқа да материалдан) жасалған жоқ па ?
әр түрлі оқиға болған жерден алынған оқтар (гильзалар) бір қарудан атылған жоқ па ?
Егер іс бойынша тергеуші оқтар, гильзалардан басқа оқиға болған жерден немесе өзге де тергеу әрекеттерінің нәтижесінен ату қаруын тапса, сараптама алдына сұрақтар өзгеше редакцияда қойылады, олар:
оқиға болған жерден алынған оқтар мен гильзалар аталған ату қаруынан атылған ба (жүйені, номерді, кіммнен алынғаны көрсету керек) ?
мәйіттің (жәбірленушінің) денесінен алынған оқтар аталған ату қаруынан алынған ба (жүйені, номерді, кіммнен алынғанын көрсету керек) ?