оқиға болған жерді қарау туралы хаттама (учаскіні сипаттау, мұндағы өсімдіктер мен техногендік заттарды сипаттау) т.с.с.
Топырақтың салыстырмалы үлгілері жер учаскісінің белгілі шекарасынан не іс материалдарына қатысты тергеушімен белгіленген шекарадан алынады.
Бақылау үлгілері оқиға болған жерге жақын учаскілерден алынады.
Сот сараптамасын тағайындау барысында келесі талаптар орындалуы керек:
топырақтың қабаттарын объект-тасушымен бірге жіберу (киім-кешек, қару);
заттай дәлелдемелерді буып түю объект-тасушылардағы топырақ қабаттарын сақтайтындай болуы керек;
учаскінің бетінен топырақ үлгісін алған кезде оның терендігінің мөлшерін сақтау керек (бір үлгінің салмағы 50-100 гр);
салыстыру үлгілерінің саны зерттеу үшін жеткілікті болуы керек (5 үлгіден кем емес);
оқиға болған жерді қарау туралы хаттамада жер учаскісі мұқият түрде сипатталуы керек (улы химикаттрмен өңделуі, метео жағдайлары т.с.с.);