«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет69/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Идентификациялық міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар қойылады, олар:

  • оқиға болған жерде алынған мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының қабаттары сезіктіден алынған ыдыстардағы заттармен шығу тегіне қатысты ортақ белгілерге ие ма (эксплуатациялық, технологиялық т.с.с. жағдайлары нақты көрсетіледі)?

  • оқиға болған жерде алынған мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының қабаттары немесе қалдықтары сезіктіден алынған көлемнің бөлігін құрай ма (мысалы, канистра) ?

Алғашқы сұрақты шешу барысында мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының белгілері олардың өндіру технологиясы, сақталу, тасымалдау жағдайы, пайдаланылуы, тергеліп отырған істің мән-жайлары және өзге де жағдайлармен байланыстылыға анықталады. Топтық белгілері тектік белгілерімен салыстырғанда, тар мағынадағы белгілерді анықтауға бағытталған. Мәселен, 96 сынамалы бензиннің өзгеруі сақталу жағдайына байланысты, мотор майы пайдаланылу белгілері бар қозғалтқыш картерінде орын алған. Егер жалпы топтық қатыстылығын анықтау үшін қажет болса, онда сұрақ нақты түрде қойылады. Ол қылмыстық істің мән-жайларымен байланысты (оқиға болған жерді қарау, жауап алу хаттамалары), олар зерттеліп отырған объекті туралы деректерді құрайды. Мысалы, оның пайда болу табиғаты, алынған жері, қолдан жасау фактілері т.с.с.
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының тектік қатыстылығын анықтау барысында сарапшыға қосымша деректерді ұсыну қажет. Олар мысалы, көлік құралының маркісі, типі, ату қаруының типі т.с.с. аталған деректер сарапшыға объектінің идентификациялық белгілерін толық және дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Сол сияқты, тәжірбиеде аталған объектілердің жеке тепе-теңдігін анықтау жағдайлары орын алады. Мәселен мұндай жағдайлар, мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының материалды ортамен байланысу барысында пайда болған іздердің жеке тепе-теңдігін анықтау кезінде орын алады.


Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдары сот сараптамасының тиімді болуы үшін, тергеуші сараптамаға объектілерді толық және мұқият дайындауы қажет. Дайындық шаралары өз құрамына келесі әрекеттерді енгізеді:

  • мұнай өнімдері мен жанармай материалдары басқа объектілерде іздерін қалдыруы мүмкін деген заттарды анықтай білу;

  • мұнай өнімдері мен жанармай материалдары бар ыдыстарды анықтай білу;

  • заттай дәлелдемелердің күйін бекіту;

  • мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының пайда болу, сақтау, қолдану және объектілерде із қалдыру механизімдерін анықтай білу;

  • объектілерді сараптамаға дайындау (буып-түю, маркировкалау);

  • сараптамалық зерттеудің түрі мен міндеттерін анықтау, сұрақтарды сарапшыға дұрыс қою;

  • тасымалдануға жатпайтын объектілермен сарапшының жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау.

Мұнай өнімдері мен жанармай материалдарды сараптамаға жіберу үшін бірқатар талаптар сақталуы қажет. Мысалы бензин, керосин, дизель отыны т.с.с. заттардың құрамында тез ұшатын заттардың болуы, оларды сараптамаға жіберу кезінде герметикалық ыдыстарға құйылуын қажет етеді. Үлгілерді тоңазытқышта немесе салқын қараңғы жерде сақтау керек. Егер бензин, керосин т.с.с. заттарды толық герметизациялануға жатпаса, оның негізгі бөлігін ыдысқа құйып, ал қалғаның полиэтилендік дорбаға құю қажет, кейін байлап немесе жабыстырылуы керек және дереу сараптамаға жіберіледі.
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдардың жабысқақ үлгілерін (май, пластикалық жабысқақ) шыныдан жасалған ыдысқа құю керек. Оларды қағаздан жасалған пакеттерге, шырпы қорабына т.с.с. материалдардан жасалған ыдыстарға салуға болмайды.
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдарды объект-тасушыларда орын алса, сараптамаға сол объект-тасушылардың өзін жіберу қажет.
Қатты үлгілерді сараптамаға жіберу кезінде оларды полиэтилендік пакеттерге салып, байлап немесе жабыстыру керек.
Жол қабаттарынан үлгі алу кезінде сот сараптамасын тағайындау туралы қаулымен қатар үлгілерді алу туралы хаттаманы және оларды алудың кестесін жіберу қажет.
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдары бар заттай дәлелдемелер органалептикалық түрде табылмайды, ал иіс арқылы алынып герметикалық ыдысқа құйылады да сараптамаға жіберіледі. Сараптаманы тағайындау туралы қаулыда оқиға болған сәттен заттай дәлелдемелерді алғанға дейінгі уақытты көрсету керек. Сол сияқты аталған қаулыда заттай дәлелдемелерді сақтау немесе қолданылу уақытынан тергелген оқиғаға дейінгі уақытын көрсету тиіс.
Көптеген мұнай өнімдері (тез өртенетін мұнай өнімдері) өзінің құрамын тез өзгертуге қабілетті. Мәселен, оларды табиғи жағдайда сақтау кезінде көптеген компоненттері ауаға ұшып кетеді, сондықтан сараптамалық зерттеулер жүргізуге жарамсыз болып қалады. Осыған байланысты, заттай дәлелдемелер тез арада герметикалық ыдыстарға салынып зерттелуге жіберілуі қажет. Аталған жағдай сот сарптамасының толық, дұрыс қорытынды беруге кепіл болады. Мұнай өнімдері мен жанармай материалдардың іздері бар заттарды ең алдымен криминалисттік сараптамаға, кейін өзге де сараптамаларға жіберу керек (сот-медициналық, сот-баллистикалық, трассологиялық т.с.с.).
Сараптаманың тиімді болуы сарапшыда зерттеліп отырған объект туралы көп мәліметтердің болуында жатыр (сақталу жағдайы, оқиға болған жердегі материалды жағдаймен өзара әсері т.с.с.). аталған мәліметтер қарау, жауап алу хаттамаларында өзге де іс материалдарында болуы мүмкін. Мұндай материалдар міндетті түрде сот сараптамасына қаулымен қатар жіберіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет