«Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



бет99/105
Дата29.11.2022
өлшемі1,08 Mb.
#160350
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105
Байланысты:
treatise8925

Идентификациялық міндеттер сот-технологиялық сараптамасының аясында келесі жағдайларды анықтауға бағытталған:

  • өнімді, жартылай дайындалған өнімді, шикізатты оларды жасау, сақтау немесе басқа да технологиялық кезеңдерінің қайнар көзі бойынша ұқсастығын;

  • өнімді, шикізатты, материалдарды жасап шығарған нақты цехты, филиалды немесе жалпы алғанда кәсіпорынды;

  • өнімдер, шикізаттар, материалдар сақталған нақты қойманы анықтауға.

Идентификациялық міндеттердің шешілуі келесі сұрақтарды қою кезінде жүзеге асырылады:

  • ұсынылған материалдар, жартылай дайындалған өнімдер, шикізаттар өңдеудің біріңғай кезеңінен өткен ба;

  • әр түрлі субъектілерден алынған өнімдер, материалдар біріңғай технология бойынша жасаған ба;

  • өнімдер, материалдар осы кәсіпорында (цехта, шеберханада) жасалған ба және т.б.

Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
Сарапшыға келесі материалдар ұсынылуы тиіс: өнім немесе оның орташа сынамасы, шикізаттардың, жартылай дайындалған өнімдердің үлгілері, құжаттары (өнімге қатысты техникалық жағдайлары), шикізат пен материалдардың бекітілген шығын нормалары, технологиялық процесті көрсететін цех журналдары, зертханалық талдаудың мәліметтері, технологиялық құрал-жабдықты тексеру хаттамалары, қызметкерлерден жауап алу хаттамалары, сарапшылардың (тауартанушының, химиктің, биологтың және т.б.) қорытындылары.
21 тақырып. Сот-биологиялық сараптамасы
Сот-биологиялық сараптамасы тірі құрылымдардың түрлеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: сәйкесінше биологиялық сараптама, агротехникалық және агробиологиялық, зоотехникалық және мал дәрігерлік сараптама.

21.1. Сот-биологиялық сараптама
Сот-биологиялық сараптамасының объектілері ретінде келесілер қарастырылады: әр түрлі деңгейдегі тірі құрылымдар – бір клеткалы организмдерден бастап биологиялық қоғамдастыққа дейн, өсімдіктер және жануарлар немесе олардың бөлек бөлшектері, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің өнімдері, сондай-ақ, өсімдік және жануар шикізаттарын қайта өңдеу өнімдері. Тірі организдердің алуан түрлігін ескере отырып, келесі жолдармен сараптамалық зерттеудің тікелей объектілерінің тізімін анықтауға болады, яғни олар:

  • нативті (өзгермеген) организмдер және олардың фрагменттері: өсімдіктер және олардың бөлшектері – сабағы, жапырағы, тамыры, гүлі, ұрығы, гүл тозаңы, қабығы; өсімдіктердің шайыры (смола), сүттіген шырыны (млечный сок), гүл тозаңы, крахмал, жемістері;

  • жануарлар немесе денесінің кейбір бөлшектері (жүні, терісі, сүйегі, мүйізі) және органдары; жануарлардың қиы (экскременты), ішкі секреция органдарынан бөлінетін заттар немесе органдарының өзі, өт қаптары және тастары, жыныс бездері және олардың секрециялары;

  • құстар және олардың организмдерінің бөлшектері;

  • балықтар – жеке түрлері және олардың бөлшетері;

  • үлкен жәндіктер, олардың личинкалы кезеңдері, хитинді скелетінің бөліктері; жәндіктердің бөлу заттары – өрмекшінің торы, пілләсі (кокон), прополис, балы;

  • тергеліп жатқан оқиғаға байланысты емес түрде (мысал үшін, мәйітті табу орны), нақты жердің табиғи биологиялық кешенін құрайтын өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы;

  • адамның өндірістік іс-әрекеттерімен, сондай-ақ қылмыс жасаған тұлғалардың нақты әрекеттерінің механизмімен шартталған биологиялық объектілердің жасанды жиынтығы: ағаштан, өсімдік шикізатынан жасалған бұйымдар, ағаш үгінділері, пішен, силос массалары және комбикорм, дәнді дақылдар, темекі өнімдері және темекі заттары, қағаз өнімдері, өңделген тері және олардан жасалған бұйымдар, жүн, терісі, қой терісінен тігілетін тонның шикізаты, мүйіз және сүйек шикізаттарынан жасалған бұйымдар және т.б.

Сот-биологиялық сараптамасының пәнін сарапшылармен сот биология саласындағы арнайы ғылыми білімдерінің негізінде анықталатын азаматтық, қылмыстық істің, әкімшілік өндірістің нақты мәліметтері, жағдайлары құрайды. Сараптаманың көмегімен алынған деректі мәліметтер адам өлтіру, дене жарақатын салу, қарақшылық, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың ережелерін бұзу, браконьерлік деректерін тергеген кезде пайдаланылады.


Сот-биологиялық сараптамасы шешетін міндеттері идентификациялық емес (диагностикалық, классификациялық, ситуациялық) және идентификациялық болып бөлінеді.
Осы сараптамалық зерттеу түрінің диагностикалық және клас­сификациялық міндеттері келесі жағдайлармен басланысты: шығу тегі бойынша зерттеліп отырған жануардың немесе өсімдіктің табиғатын анықтау және оны нақты таксономиялық топтарға жатқызу (отряд, топ, түр), сонымен қатар салыстырылып жатқан объектілердің жалпы түрі, жалпы тобы бойынша ажырату. Оларды шешу кезінде мысалға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • тасушы-затта табылған микро бөлшектер шығу тегі бойынша өсімдік (жануар) объектілеріне жатады ма;

  • осы өсімдік объектісінің түрі, тегі, жасы, жынысы қандай;

  • осы объектінің бір бөлшегі болып табылатын жануар организмінің түрі, тегі, тұқымдастығы, отряды, жасы, жынысы;

  • өсімдіктер объектілерінің құрамдық компоненті қандай;

  • ұсынылған өсімдіктердің салыстырмалы зерттеу үшін алынған үлгілермен жалпы тектік (топтық) ұқсастығы бар ма;

  • ұсынылған жануар бөлшектері салыстырмалы зерттеу үшін алынған үлгілермен жалпы тектік (топтық) ұқсастығы бар ма;

  • оқиға орнында (немесе тасушы-затта) табылған талшықтар жануардың жүні болып табылады ма; олар қай жануарға тиесілі және т.б.

Осы сараптамалық зерттеу түрінің ситуациялық міндеттері қылмыс объектісі мен оқиғаның арасындағы себеп-салдарлық баланыстарын; зерттеліп отырған объектінің тергеліп жатқан оқиғамен уақыттық байланыстарын анықтаумен байланысты. Бұл міндеттерді шешу үшін мысалға келесі сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • жануар жүнінің немесе сабақтан жапырақтың, сабақтың тамырда ажырау механизмі қандай;

  • ұсынылған өсімдік (жануар) объектісі қандай әсерге ұшыраған (механикалық, термикалық, биологиялық, химиялық);

  • ұсынылған биологиялық объектілерде қоршаған ортаның әсер ету факторларының белгілері бар ма (сақтау, тасымалдау, биологиялық зақымдау);

  • шығу тегі биологиялық объектілерге қарағанда, олардың тасушы-затта жағылуы қашан орын алған; олардың нақты субъектіге (тасушы-затқа) жағылу уақыты қылмысты жасау уақытына сәйкес келеді ма;

  • нақты тұлға көмілген жердің қабатындағы биологиялық комплекске қарағанда, оны көмген уақыттан беру қанша сағат өтті, және т.б.

Осы сараптамалық зерттеу түрінің идентификациялық міндеттері салыстырылып отырған объектілердің жалпы немесе жеке (нақты) шығу тегіне тиесілігін, сонымен қатар шығу тегі бойынша нақты өсімдік немесе жануар объектісінің тепе-теңдігін анықтаумен байланысты (яғни, объект бөлшегінің бүтінге тиесілігін).
Жағдайға байланысты келесі идентификациялық сұрақтар қойылуы мүмкін:

  • табиғаты бойынша биологиялық объектілер тасушы-затта оқиға болған жердің нақты учаскесінен пайда болған ба;

  • биологиялық объектілердің (ағаш, ши тоқыма, тері, жануар денесінің бөлшектері) бөлшектері бөлінгенге дейін бір бүтінді құрады ма;

  • ұсынылған өсімдіктің бөлшектері нақты өсімдікке тиісті ма;

  • жануардың жүні нақты бір бұйымның бөлігі болып табылады ма;

  • ұсынылған биологиялық объектілер (сабан, комбикорм, жүн, дәнді дақылдар) біріңғай массаға тиесілі ма.

Сот-биологиялық сараптамасының қарауына ұсынылуы мүмкін сұрақтардың толық тізімін келтіру мүмкін емес, себебі оның зерттейтін объектісі көп қырлы және зерттеліп жатқан оқиғаның саласына қатысты болуымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет