Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы



бет21/66
Дата23.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#169890
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66
Байланысты:
Қуатов Дархан ИСТ-11

Есет батыр көтерілісі 1847 жылдан 1858 жылға дейін созылған. Алғашында партизандық соғыс сипатында еді, аз топтармен Ресей империясының күштеріне шабуылдап тұрған. Ал кей кездері патша әскерлерімен үлкен шайқастар да болған.
1853 жылы патша әскерлері Қоқан хандығының құрамында болған қазақтың Ақмешіт қаласына қарсы жорыққа аттанады. Бұл жорыққа қажетті 4 мың түйенің патша өкіметі Кіші жүздің қазақтарынан өндіргісі келді. Бұның салдарынан халық арасында патша өкіметіне деген наразылық есейе түсті.
Патша өкіметі 1855 жылы Есет батырға қарсы күш жібермек болды, батырымыз тоспай өзі бұрын күш жинай бастады. Бұл батырдың қол астында осы жылы 1300-ге жуық сарбаз жиналған, бұлардың барлығы дерлік патша өкіметі жүргізген саясатына қарсы болған адамдар еді.
Есет батырға қарсы ресейлік Орынбор бекінісінен, Кіші жүздің орта бөлігінің басқарушысы болған Арыстан Жантөреұлы 900-ге жуық сарбазбен шықты. Сарбаздарының көбі Ресей империясына беріліп кеткен қазақтар еді, және бұларға қоса казактардың әскери жүздігі бар еді. Бұл заманда бірегей Кіші жүз бірнеше бөлікке бөлінген еді, әр бөліктің патшаға берілген қазақ арасынан шыққан басқарушысы бар еді. Сондай адамдардың бірі Арыстан Жантөреұлы еді. Оған қоса, ресейліктерге берілген сан түрлі шенеуніктер те қазақ арасынан болған еді. Бұндай адамдар қалын халыққа қарсы жорыққа Орынбордан аттанған еді.
Бірақ данагөй Есет батырымыз бұларды Суықсы шатқалында тұтқиылдан шабуылдап, сұлтан орналасқан лагерьді талқандайды. Сұлтанмен бірге, ресейліктер жағында болған талай билер, рубасылар қаза табады.
Осы жеңістен кейін Есет Көтібарұлының жасағы 10-40 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп, жау жағында болған билердің, рубасыларының, сұлтандардың малын барымталайды.
Көтерілістің жеңілуі
Орынбор әкімшілігі қол құсырып отыра алмады. Есет батырдың көтерілісің тоқтатқысы келді. Сөйтіп 1857 жылы, Орал мен Орынбордың казак әскерлерің, башқұрт полктерің және осы қамалдардағы әскери гарнизондарын көтерілісшілерге қарсы шығарды.
Мұншама қалын қол, көтерілісшілерге қарағанда жақсы қаруланған қол, Есет батырдың әскерін қуды. Есет батыр Үстіртке жақын орналасқан Асмантай және Сам құмдарына шегінеді. Осы Сам құмдарында көтерілісшілер түгелдей дерлік талқандалады.
Ал келесі жылы, 1858 жылының жазында, Есет батыр Орынбор губернаторы Катенинмен бітімге келіп, күресін тоқтатады.
Көтерілістің жеңіліуінің себебі
Көтерілістің жеңіліуінің басты себебі бұл қазақта заман талабына сай қару-жарақтың аз болуы. Ресейлік әскерилерде мылтықтар, зеңбіректер бар болса, қазақтардың қолында найза, садақ, қылыш сияқты ортағасырлық қару жарақ қана бар болды. Мылтықтар қазақтарда көп көлемде болмады.
Екінші себебі бұл патша жағында болған ақсүйектердің сатқындығы. Кейбір сұлтандар, билер, рубасылары орыстармен бірге қазақтарға қарсы соғысты.
Есет Көтібарұлының хиаясы бұнымен аяқталмайды, осы батырды Ресей империясының шеңеуніктері 1859 жылы Петерборға шақырады. Және кейінгі жылдары Есет батыр лажсыздан ресейлік билікті мойындап, әділетті ел билеушілердің қатарында болады.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі. XІX ғасырдың 30-50 жылдары Сырдария өзені жағалауын мекендеген қазақтардың тұрмысы барған сайын ауырлай түсті. Бұл жағдай олардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіне алып келді. Көтерілістің негізгі себептері, Ресей империясының бұл өлкені отарлау саясатының күшейе түсуі еді. Біріншіден, генерал В.Перовский 1853 жылы Ақмешітті (қазіргі Қызылорда облысы) басып алған болатын. Екіншіден, Хиуа хандығы жүргізіп отырған басқыншылық саясат халықтың ашу-ызасын тудырған еді. Шекті руы басқыншылардың бірі Жанғожа қарапайым халықтың арасында беделді болды. Ол сол кездегі Сырдария жағалауын мекендеген қазақтардың, әсіресе егіншілердің отаршылық қанау салдарынан тұрмысы тіпті нашарлап кеткенін жақсы түсінді. Бұның себебі алдымен жер мәселесі еді.
Ақмешітті басып алғаннан кейін патша өкіметі Сырдария әскери шебін құрды. Бұл шеп бойынша бұрын қазақ халқы иемденіп келген көлемді әрі шұрайлы жер орыс-казактар мен Ресейден қоныс аударып келгендерді орналастыру үшін берілді. Жергілікті қазақтарға түтін салығы салынды, көптеген ауыр жұмыстарды орындау жүктелді. Олар жолды жөндеуге, көпірлер салуға, бас арықтарды тазалауға міндетті болды. Оның үстінде жергілікті үкімет орындарының талап етуімен бекіністер салуға, құрылыс материалдарын тасу үшін күш-көлік бөлуге де міндетті еді. Осы сияқты көлденең міндеткерліктер көбіне егіншілердің науқанды жұмыстарымен қабат келіп, олардың жағдайын ауырлата түсті. Егінші қазақтардың бұған дейін пайдаланып келген құнарлы жері күшпен тартылып алынып, казактарға берілді. 1857 жылға дейін 3000-дай қазақ отбасыларының егістікке жарамды жерлері тартып алынып, олар ағын суы жоқ, егістікке жарамсыз жерлерге қуылып тасталады. Осы жағдай 50-жылдардың ортасында шағын шекті руының егіншілерін ашық күреске шығуға әкелді
15. Бөкей ордасының Қазақстанның әлеуметтік – саяси және мәдени дамуындағы рөлі мен орны
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой). Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.
Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті.
Қазақстан тарихында Жәңгір ханның сіңірген еңбегі зор. Бөкей мен Жәңгір хандардың негізгі мақсаты – артта қалған халықты жаңа жолға итермелеу болатын. Осы мақсатта мемлекеттік аппарат пен қоғамдық реформалар Қазақ даласындағы қатынастарды жаңа сапалық деңгейге көтеру миссиясын атқарды. Жердің жеке меншікке берілуінен туындаған қатынастар қазақ баласына оңай соққан жоқ, көшпелі мал шаруашылығынан отырықшы шаруашылық жүргізудің тиімділігі айқындала бастады. Салық реформасының нәтижесінде тұрақты қазына пайда болды. Бұл да қарапайым халық тарапынан дұрыс бағаланбады. Құқықтық реформаның нәтижесінде меншікке қарсы жасалған қылмыс қатаң жазаланатын. Қазақ жер қатынастарында айтарлықтай жаңа ұғым – сервитут қалыптасты. Мұнда малын жаюға бара жатқан адамдар өткені үшін алым төлеу-төлемеу мәселелері терең қарастырылады. Жәңгір ханның мақсаты жәй абсолютті монархияны құра салу емес, оның мақсаты өркениетті, білімдар монархия құру болатын. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін мешіт, т.б. діни-ағартушылық мекемелерді кеңінен ашу тәжірибесі қалыптасады.
Жалпы саяси-құқықтық тұрғыдан қарар болсақ, Жәңгір хан реформаларының прогрессивтік мәнін түсіну қиын емес. Бұл реформалар Бөкей хандығын жаңа формацияға: классикалық түсініктегі абсолютті монархияға негізделген феодалдық мемлекетке алып келді деп тұжырымдауға болды.
Бөкей Ордасының негізін қалаушы туралы мәліметтер аз болғанымен, оның Әбілқайыр ұрпағы екендігі айқын. Кіші жүздегі хандық жүйенің реформалануы нәтижесінде қалыптасқан билікке қарсы бой көтерушілердің бірі ретінде белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет