|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
«Бекітемін»
Математика, физика және информатика институтының директоры
__________ М.Ж.Бекпатшаев
« » 2015 ж.
№ хаттама
«6М012000 – Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі № 319-III «Білім туралы» Заңы (13.01.2015 ж. өзгертулер және қосымшалармен);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылдың 23 тамызындағы № 1080 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6М012000 – Кәсіптік оқыту» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушы: п.ғ.д., профессор Тоқбергенова У.Қ.
Физика, механика және кәсіптік оқыту кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ Тілебаев К.Б.
МФжИИ директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары ________ Хамраев Ш.И.
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Математика, физика және информатика институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кіріспе
6M012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханы «педагогикалық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесі ізденушілерінің (абитуриенттерінің) арнайы дайындығын әдеттегі аттестаттау түрі болып табылады.
Қабылдау емтиханының мақсаты болашақ магистранттың (ізденушінің) тұлғалық жалпы мәдениетін, бакалавриат деңгейіндегі пәндік құзыреттілігін және оның физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне, жалпы орта және жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметке дайындығын анықтауға бағытталған.
Емтихан бағдарламасы ізденушінің кәсіптік педагогиканың ғылыми-теориялық негіздерін, кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджменттің және материалдарды технологиялық өңдеу негіздерін білуін көздейді және солардың негізінде магистратурада оқу процесінде олардың зерттеушілік қабілетін қалыптастыруды ұйғарады.
Оқыту кредиттік технология мен білім берудің модульдік бағдарламалары бойынша жүргізіледі, оқу мерзімі төрт семестрге жалғасады. Дәрістік курстарды жүргізу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың және басқа да жоғары оқу орындарының белгілі профессорлары мен мамандары қатыстырылады.
Міндетті пәндерден басқа білім алушылардың оқу жұмысының көлемін өлшеудің үйлестірілген бірлігі ретіндегі кредитті пайдалана отырып, пәндерді зерделеудің ретін өз бетінше таңдап, жоспарлай алуға мүмкіндігі бар. Магистратурада оқудың икемді құрылымы білім алушыға элективті пәндерді таңдап қана қоймай, өзінің жалпы білімдік және кәсіптік деңгейін көтеру арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті бола алады.
Магистратураның білім бағдарламасын 2 жыл бойы педагогикалық бағыт бойынша табысты меңгеріп, магистрлік диссертация қорғағандар 6M012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша «педагогика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілетін диплом алады.
Магистрлік бағдарлама кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша орта арнайы, орта және жоғары оқу орындарында жұмыс істеу үшін талап етілетін білікті мамандарды даярлауға, сондай-ақ білім беру мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған.
Бағдарламаның мақсаты – кәсіптік оқыту теориясы мен әдістемесі саласындағы
– шығармашылық ойлау қабілеті, ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешу үшін қажет берік білімі бар,
– заманауи ақпараттық технологиялармен (оның ішіне ғылыми ақпаратты алу, өңдеу әдістері де енетін) жұмыс істей алатын,
– ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жоспарлай алатын, магистрлік бағдарламаның бағдарына сәйкес ғылыми зерттеулерге нақты міндеттер қоя алатын,
– зерттеушілік қабілеттері бар және таңдап алынған мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу үшін әр түрлі пәндерден алынған білімдерін кіріктіре алатын білікті мамандарды даярлау болып табылады.
Қабылдау емтиханы бағдарламасының мазмұны
Қабылдау емтиханы бағдарламасы кәсіптік педагогика, кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент және материалдарды технологиялық өңдеу бойынша сұрақтарды қамтиды.
Кәсіптік педагогика бойынша бағдарлама кәсіптік педагогика негіздері бойынша жалпы сұрақтарды, кәсіптік оқыту принциптері мен әдістерін, кәсіптік педагогиканы оқытуда пайдаланылатын инновациялық әдістерді қамтиды.
Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент бойынша бағдарлама педагогикалық менеджмент, оның білім беру жүйесіндегі рөлі мен орны, білім беру ұйымдарын басқарудағы жүйелілік тәсіл, кәсіптік білім беру ұйымдарын басқару, білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар бойынша сұрақтарды қамтиды.
Материалдарды технологиялық өңдеу бойынша бағдарлама металл тануға кіріспе, металдар мен құймалардың қасиеттері, металл емес материалдар, металдардың коррозиясы, домендік пештерде металл алу, мыс, алюминий, магний және т.б. түсті металдар туралы сұрақтарды қамтиды.
1 Кәсіптік педагогика
1. Кәсіптік педагогиканың ғылыми-теориялық негіздері. Кәсіптік педагогиканың философиялық-әдіснамалық негіздері. Кәсіптік педагогиканың зерттеу әдістері және ғылыми зерттеуді басқару. Кәсіптік педагогика жүйесінің негізгі тенденцияларының дамуы. Кәсіптік педагогика – оқу пәні және педагогика ғылымының саласы.
2. Кәсіптік білім берудің мазмұны. Кәсіптік оқыту мазмұнын таңдап алудағы жалпы тәсілдер. КР бастауыш және орта кәсіптік білім бері жүйесі және оның құрылымы туралы туралы жалпы сипаттама.
3. Кәсіптік оқыту формалары мен әдістері. Кәсіптік оқыту әдістері мен формалары туралы ұғым. Өндірістік оқыту әдістері. Оқыту әдістері мен формаларының оптимизациялануы. Сабақ-оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі түрі, дидактикалық талаптар. Сабақтың түрлері, дидактикалық құрылымы. Кәсіптік оқыту әдістері мен формаларын ұйымдастыруды оңтайландыру.
4. Кәсіптік оқыту жүйесі мен принциптері. Кәсіптік оқыту принциптері. Кәсіптік оқыту әдістері мен әдістемелік ерекшеліктері. Кәсіптік оқыту құралдары және оның түрлері. Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру формалары (сабақ - кәсіптік мектепте оқыту үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде).
5. Кәсіптік білім берудегі инновациялық технологиялар. Педагогикалық технологияны жобалау әдіснамасы (аксиоматикалық тәсіл). Оқыту технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсіл.
Педагогикалық технологияның жіктемесі және оларды жобалау. Заманауи ақпараттық және коммуникациялық оқыту технологиялары.
6. Кәсіптік білім беру оқу орындарында тәрбие жұмысының теориясы мен тәжірибесі. Тәрбие беру үдерісіне қатысушылардың сипаттамасы. Кәсіптік мектептің педагогикалық ұжымы және оның ерекшеліктері. Кәсіптік оқыту орнында тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері.
2 Материалдарды өңдеу технологиясы
Материалдардың механикалық қасиеттері. Пластикалық деформациялар. Металдардың кристалдық құрылымы. Ағаш материалдарының түрлері. Пластмассалардың технологиялық қасиеттері мен жіктемесі. Балқыту арқылы дәнекерлеу. Прокаттау түрлері. Құйма кесектерді алу тәсілдері. Металдар мен құймалардың коррозиясы. Металдарды жабындылармен коррозиядан қорғау. Металдарды соғу және штамптау технологиясы. Кесіп-қию арқылы өңдеуге арналған станоктар. Болатты термиялық өңдеудің негізгі әдістері. Домендік процесс. Мыс және оның құймалары. Алюминий және оның құймалары. Құйма кесектерді алудың негізгі тәсілдері. Прокаттаудың түрлері және технологиялық сипаттамалары. Дәнекерлеу әдістері. Резеңке алу және оның қолданысы. Балқытып біріктіру әдістері. Металл ұнтақтардан бұйым дайындау.
3 Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджменттің маңызы,оның рөлі мен орны. Куpстың мақсаты және міндеттері, адамның қызмет саласында менеджменттің қажеттігіне тарихи шолу. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуы, дамуы және тарихы, оның кәсіби білім беру жүйесіндегі түрленуі. Ғылыми менеджмент мектебі. Педагогикалык менеджменттің ұғымдық аппараты. «Менеджмент» ұғымына берілген анықтамалар.
Кәсіби білім беру ұйымдарын басқарудағы жүйелілік тәсіл. Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлері. Жүйелердің табиғаты мен маңызы. Педагогикалық жүйелердің компоненттері. Педагогикалық жүйенің жүйе құраушы факторлары.
Жүйе және басқару. Білім беру жүйелерін басқару. Білім беру ұйымдарын басқарудың мақсаттары мен міндеттері, принциптері. Басқару функциялары. Басқару әдістері. Білім беру ұйымдарын басқару құрылымы.
Нарықтық экономика жағдайындағы оқу орындарының даму стратегиясы. Педагогикалық менеджменттегі білім беру сапасын басқару.
Педагогикалық менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету. Ақпарат ұғымы, оның педагогикалық менеджменттегі рөлі мен маңызы. Басқару ақпараты. Білім беру саласы басшыларының ақпараттық қажеттіліктері. Ақпараттық қажеттіліктің қалыптасуына ықпал ететін объективті және субъективті факторлар. Жаңа ақпараттық технологиялар, оларды басқару қызметін ақпараттандыру процесінде пайдалану.
Педагогикалық ұжымдағы тұлғалаpaлық қатынастар. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы. Тұлғаларалық қатынас ұғымы. Тұлғаларалық қатынастардың оқытушылар қызметіне, оқу-тәрбие үдерісіне әсері. Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер және оларды шешу.
Қабылдау емтиханына дайындалу үшін
ұсынылатын әдебиеттер
1. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. – Алматы, 2006- 304 б.
2. Абдыкаримов Б.А. и др. Профессиональная педагогика. - Астана, 2008.- 310 с.
3. Сластенин В.А. Педагогика. - М.: Издательский центр "Академия", 2007.- 512 с.
4. Сыздықов О., Оразбаев Б., Нысанбаев Ғ. Конструкциялық материалдар технологиясы. – Алматы: РБК, 1993.
5. Оханов Е.Л., Самсаев М.Б. Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы. Алматы, 2009.
6. Баймаханұлы Ә., Тоқбергенова У.Қ. Пластикалық массалар және олардан бұйым жасау технологиясы. – Алматы: Ұлағат, 2014. – 120 б.
7. Никифоров В.М. Технология металлов и других конструкционных материалов СПб.: Политехника, 2009. — 382 с.
8. Фетисов Г.П., Гарифуллин Ф.А. Материаловедение и технология металлов. М.: Оникс, 2007. - 624 с.
9. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой. –Алматы : Ғылым, 2001. - 136 с.
10. Шамова Т.И., Третьяков П.И., Капустин Н.П. Управление образовательными системами: Учеб.пособие / Под.ред.Т.И.Шамовой, 2002.
11. Жусупова К.А. Менеджмент в сфере высшего образования.- Алматы, 2004
12. Менеджмент в управлении школой: Учеб.пособие / Под ред. Т.И.Шамовой, 2000
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР ТІЗІМІ
Кәсіптік педагогика
1. Кәсіптік педагогиканың негізгі категориялары.
2. Кәсіптік педагогиканың зерттеу әдістері.
3. Кәсіптік білім беру жүйесі дамуының негізгі тенденцияларының дамуы.
4. Кәсіптік білім беру педагогикалық жүйе ретінде.
5. Кәсіптік педагогика оқу пәні және педагогика ғылымының саласы ретінде.
6. Қазақстан Республикасы бастауыш кәсіптік білім беру жүйесінің ерекшеліктері.
7. Қазақстан Республикасы орта кәсіптік білім беру жүйесінің ерекшеліктері.
8. Қазақстан Республикасы үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесі.
9. Кәсіптік оқыту әдістері мен құралдары
10. Кәсіптік педагогикадағы оқытудың инновациялық әдістері.
11. Кәсіптік оқытудағы технологиялардың маңызы мен жіктемесі.
12. Кәсіптік оқыту және еңбек.
13. Кәсіптік оқыту мазмұнын таңдап алудың жалпы тәсілдері.
14. Өндірістік оқытудың әдістері.
15. Кәсіби оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретіндегі сабақ.
16. Кәсіптік мектеп педагогы тұлғасының ерекшеліктері.
17. Кәсіптік оқытудағы заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.
18. Кәсіптік білім беру – әлеуметтік институт ретінде.
19. Кәсіптік оқыту формаларының жалпы сипаттамасы.
20. Кәсіптік оқытудың негізгі дидактикалық принциптері.
21. Кәсіптік оқытуда қолданылатын әдістер мен әдістемелік тәсілдер.
22. Кәсіптік дидактиканың категориясы ретіндегі оқыту құралдары.
23. Маманның кәсіби құзыреттілігінің маңызы мен құрылымы.
24. Кәсіби білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.
25. Жобалап оқыту технологиясының ерекшеліктері.
Материалдарды өңдеу технологиясы
1. Материалдардың механикалық қасиеттері.
2. Металдардың кристалдық құрылымы.
3. Ағаш материалдарының түрлері.
4. Пластмассалардың технологиялық қасиеттері мен жіктемесі.
5. Балқыту арқылы дәнекерлеу.
6. Прокаттау түрлері. Металды прокаттау.
7. Құйма кесектерді алу тәсілдері.
8. Металдар мен құймалардың коррозиясы.
9. Металдарды жабындылар көмегімен коррозиядан қорғау.
10. Металдарды соғу және штамптау технологиясы.
11. Престеу түрлері. Престік өнім түрлері.
12. Металдардың кристалдық құрылымы.
13. Пластикалық деформациялар.
14. Болатты термиялық өңдеудің негізгі әдістері.
15. Домендік процесс.
16. Мыс және оның құймалары.
17. Алюминий және оның құймалары.
18. Құйма кесектерді алудың негізгі тәсілдері.
19. Прокаттаудың түрлері және технологиялық сипаттамалары.
20. Дәнекерлеу әдістері.
21. Резеңке алу және оның қолданысы.
22. Престеудің технологиялық сипаттамалары.
23. Балқытып біріктіру әдістері.
24. Кесіп-қию арқылы өңдеуге арналған станоктар.
25. Металл ұнтақтардан бұйым дайындау.
Кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
1. «Менеджмент» ұғымы. «Менеджмент» ұғымын анықтаудың тәсілдері.
2. Менеджменттің ғылымдағы мәні, әдістері және қызметтері.
3. Ғылыми менеджмент мектебі.
4. Педагогикалық менеджмент шешетін проблемалар.
5. Жүйе және басқару ұғымдары.
6. Білім беру ұйымдары әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде.
7. Педагогикалық жүйелердің белгілері.
8. Жүйелілік тәсіл аспектілері.
9. Педагогикалық ұжым білім беру ұйымдарындағы басқару нысаны ретінде.
10. Білім беру ұйымдарындағы басқару міндеттері.
11. Басқару мақсаттары және оның аспектілері.
12. Білім беру ұйымдарындағы басқару принциптері.
13. Білім беру ұйымдарын басқару функциялары.
14. Білім беру ұйымдарын басқару әдістері.
15. Ақпарат және оның басқару қызметіндегі маңызы.
16. Ғылым ретіндегі менеджменттің дамуы және оның кәсіби білім беру жүйесінде түрленуі.
17. Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз етілуінің тиімділігі.
18. Білім беруді басқару қызметіндегі жаңа ақпараттық технологиялар.
19. Педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық ахуалы. Тұлғааралық қатынас ұғымы.
20. Тұлғаларалық қатынастардың оқытушылар қызметіне, оқу-тәрбие үдерісіне әсері.
21. Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер және оларды шешу.
22. Педагогикалық жүйелерді басқарудың жалпы принциптері.
23. Педагогикалық жүйелерді басқарудағы демократияландыру және ізгілендіру.
24. Педагогикалық жүйелердің жүйеқұраушы факторлары.
25. Педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретіндегі мектеп.
Достарыңызбен бөлісу: |