Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту» бастамасы



бет47/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

3.11 «Бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту» бастамасы. Дүниежүзілік Банк тобының «Бизнесті жүргізу» рейтингінде елдің позицияларын жақсарту бойынша жұмыс жалғасатын болады. Көрсетілетін қызметтер мен тауарлар экспортының уақыты мен құнын (шекаралық және кедендік бақылау, құжаттарды ресімдеу) қысқарту, электрмен жабдықтау жүйелеріне қосылу рәсімдерінің санын азайту, кредиттік операцияларды қорғау және кредиттік тізілім мен кредиттік бюромен қамту деңгейін арттыру, есептілікті дайындауға, беруге және салықтар мен аударымдарды төлеуге (немесе ұстап қалуға) жұмсалатын уақытты қысқарту және т.б. сияқты артта қалу орын алған салаларды жақсартуға қол жеткізілетін болады.
Іс жүзіндегі жұмыста негізі назар, бірінші кезекте, өңірлердегі бизнес-климатты жақсартуға бағытталады.
3.12 «Орта бизнестің өсуін ынталандыру үшін салық жүйесін үйлестіру» бастамасы. Компаниялардың өсуін және ірілендірілуін ынталандыру, орта бизнесті дамыту, сондай-ақ, әсіресе, қызмет көрсету саласындағы бизнесті көлеңкеден шығару үшін салықтық жағдайлар жасау мақсатында салық заңнамасын одан әрі жетілдіру жалғасатын болады,.
3.13 «Аграрлық сектордағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты кооперативтер ұйымдастыруға ынталандыру» бастамасы. Жеке қосалқы шаруашылықтардың мәртебесін реттеу үшін нормативтік құқықтық база жаңартылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты ауыл шаруашылығы кооперациясына барынша тарту және кооперативтердің ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау көлемін одан әрі ұлғайту үшін жағдай жасау және мемлекеттік қолдау көрсету жалғасатын болады. Бұл оларға жеке мүлікке билік етуде дербестікті сақтай отырып, экономикалық қызметті жүргізуге бірлесіп қатысу арқылы өздері өндіретін өнімді өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


«Тәуекелдерді азайту және қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ету» міндеті
Жеке кәсіпорындардың қаржыландыруға қол жеткізуін кеңейту үшін кредиторлар мен инвесторлардың тәуекелдерін азайту мақсатында олардың төлем қабілеттілігі мен ашықтық деңгейін арттыру қажет. Міндет шеңберінде кəсіпорындарды жабу рәсімдері оңайлатылады, компанияларды корпоративтік басқару күшейтіледі, кредиттік-рейтингтік ұйымдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі артып, кредиттік шешім қабылдау процесі жетілдіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет