3.30 «Сыртқы нарықтардағы тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою» бастамасы. Туындайтын сауда дауларын реттеу және сыртқы сауда кедергілерін жою мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер қауымдастықтарының күш-жігерін үйлестіру кезінде жүзеге асырылатын болады. Сыртқы нарықтарға қол жеткізу шарттарының нашарлауы туралы ақпарат беру жеке сектордың міндетіне айналады. Сыртқы сауда кедергілерін жою үшін мемлекет Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелілік шеңберінде преференциялық сауда туралы келісімдердің, еркін сауда аймақтарының санын кеңейту; сыртқы сауда кедергілерін жою бойынша келісілген шаралар кешенін тұжырымдау; жаңа өткізу нарықтарына шығумен байланысты экспорттаушының шығасыларын азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізетін болады.
3.31 «Сыртқы нарықтарда экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай оператор өкілдіктерін дамыту» бастамасы. Экспорттық ілгерілетуге басымды және жоғары елдерде қазақстандық бизнестің тұрақты болуын және мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге, экспорттаушылар үшін сауда әріптестерін іздестіруге және коммерциялық келіссөздер жүргізуге көмек көрсетуге бағытталған өкілдіктер желісі құрылады. Бұдан басқа, өкілдіктер промоутерлік іс-шаралар жүргізуге, сыртқы нарықтардағы сұраныс пен сату арналары туралы ақпарат жинауға қолдау көрсетуді, сондай-ақ қазақстандық сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қазақстандық өнімдерді экспорттаудағы кедергілерді еңсеруге жәрдем көрсетуді жүзеге асырады.
3.32 «Экспортты жылжыту жөніндегі қаржылық шараларды дамыту» бастамасы. Экспортты ілгерілетуді қаржылық қолдау шараларының тиімділігін арттыру, барлық көлемдегі (ірі, орта, шағын) көптеген компаниялар үшін қолдау шараларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттаушылардың өтінімдерін қарау мерзімдері мен рәсімдерін қысқарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Тартылатын қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін экспортты қолдауды дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Экспортты ілгерілету жөніндегі бірыңғай операторды дамыту оның қаржылық тұрақтылығын және әлемнің қаржы институттары мен экспорттық-кредиттік агенттіктер тарапынан сенім дәрежесін арттыруға бағытталатын болады. Бұл қажетті ұзақ мерзімді қаржы ресурстарын тартуға, сондай-ақ ДСҰ шеңберінде көзделген шектеулер ескеріле отырып, кредиттер мен сақтандырудың құнын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |