Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Қаржылық және іскерлік көрсетілетін қызметтерді дамыту» бастамасы



бет57/123
Дата10.12.2022
өлшемі425,54 Kb.
#162217
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123
Байланысты:
d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a

3.37 «Қаржылық және іскерлік көрсетілетін қызметтерді дамыту» бастамасы. АХҚО аумағында ағылшын құқығы қағидаттарына және жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген ерекше құқықтық режим, сондай-ақ тәуелсіз реттеу, елге шетелдік инвестицияларды, шетелдік қаржы институттарын және біліктілігі жоғары кадрларды тарту үшін жеңілдетілген салықтық, оңайлатылған визалық және еңбек режимдері қолданылатын болады. Озық шетелдік компанияларды жергіліктендіру және қаржы мен инвестициялар саласында адами капиталды арттыру экспорттың өсуіне әлеуетті түрде жанама ықпал етеді.
3.38 «Қазақстандық дәліздер мен транзиттік сервисті ілгерілету» бастамасы. Қазақстандық көлік сервистерін шет елдерде ілгерілету бойынша тұрақты жұмыс іске қосылады. Шетелдік жүк жөнелтушілермен жұмыс жүргізу арқылы транзиттік теміржол тасымалдары кезінде кері тиеу арттырылатын болады. Трансқазақстандық бағдарларға жаңа клиенттерді тарту мақсатында жаңа жолдар мен бәсекеге қабілетті сервистер қалыптастырылатын болады.
3.39 «Ғарыштық қызмет көрсетуді және сынақтан өткізу қызметін дамыту» бастамасы. Ғарыш аппараттарын жобалауға, жинақтау мен сынақтан өткізуге және олардың құрауыштарын өндіруге арналған ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық кешені бар ғарыш аппараттарын жинақтау-сынақтан өткізу кешені жұмыс істейтін болады. Кешен Қазақстанның спутниктік топтамасын дамыту үшін де, сол сияқты спутниктер өндірісінің әлемдік нарығына шығу үшін де спутниктер шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталады.
Экспорттық әлеуетті іске асыру үшін Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің жер үсті кешенін коммерцияландыру жетілдіріліп, шетелдік сарапшыларды тарта отырып маркетинг бойынша персоналды даярлау жүргізілетін болады.


Күтілетін нәтижелер
Жеке сектордың экономикалық белсенділігі айтарлықтай өседі, шағын және орта кәсіпкерліктің ЖІӨ-гі үлесі 35%-ға дейін ұлғаяды. 2020 жылға қарай мемлекеттің экономикаға қатысу үлесінің ЖІӨ-де ЖҚҚ 15%-ға дейін төмендейді. Әкімшілік кедергілердің әлсіреуі және реттеуді оңтайландыру ЭЫДҰ-ның бәсекелі ортасының индексі бойынша 2,2 балл деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Көлік-логистика және сауда инфрақұрылымын дамыту логистика тиімділігінің индексі бойынша 38-орынға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Өнімділігі жоғары салаларды дамыту Гарвард Университетінің индексіне сәйкес экономиканың «күрделілік» деңгейін арттыра отырып (55-орынға қол жеткізу), экономиканы əртараптандыруға жəне 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорттың 41 млрд АҚШ долл. дейін өсуі есебінен экономиканың құрылымдық дағдарыстарға тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет