3.37 «Қаржылық және іскерлік көрсетілетін қызметтерді дамыту» бастамасы. АХҚО аумағында ағылшын құқығы қағидаттарына және жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген ерекше құқықтық режим, сондай-ақ тәуелсіз реттеу, елге шетелдік инвестицияларды, шетелдік қаржы институттарын және біліктілігі жоғары кадрларды тарту үшін жеңілдетілген салықтық, оңайлатылған визалық және еңбек режимдері қолданылатын болады. Озық шетелдік компанияларды жергіліктендіру және қаржы мен инвестициялар саласында адами капиталды арттыру экспорттың өсуіне әлеуетті түрде жанама ықпал етеді.