3.38 «Қазақстандық дәліздер мен транзиттік сервисті ілгерілету» бастамасы. Қазақстандық көлік сервистерін шет елдерде ілгерілету бойынша тұрақты жұмыс іске қосылады. Шетелдік жүк жөнелтушілермен жұмыс жүргізу арқылы транзиттік теміржол тасымалдары кезінде кері тиеу арттырылатын болады. Трансқазақстандық бағдарларға жаңа клиенттерді тарту мақсатында жаңа жолдар мен бәсекеге қабілетті сервистер қалыптастырылатын болады.
3.39 «Ғарыштық қызмет көрсетуді және сынақтан өткізу қызметін дамыту» бастамасы.Ғарыш аппараттарын жобалауға, жинақтау мен сынақтан өткізуге және олардың құрауыштарын өндіруге арналған ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық кешені бар ғарыш аппараттарын жинақтау-сынақтан өткізу кешені жұмыс істейтін болады. Кешен Қазақстанның спутниктік топтамасын дамыту үшін де, сол сияқты спутниктер өндірісінің әлемдік нарығына шығу үшін де спутниктер шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталады.
Экспорттық әлеуетті іске асыру үшін Жерді қашықтықтан зондтау жүйесінің жер үсті кешенін коммерцияландыру жетілдіріліп, шетелдік сарапшыларды тарта отырып маркетинг бойынша персоналды даярлау жүргізілетін болады.