5.22 «Қоршаған ортаны қорғау саясатын белсенді ілгерілету» бастамасы. Жарияланымдар, қағидалар мен қағидаттарды түсіндіре отырып, реттеуіш пен компаниялар арасында тікелей байланыс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер үшін салалық наградаларды табыстау арқылы «жасыл» саясатты кеңінен ілгерілетуге назар аударылатын болады.
Күтілетін нәтижелер Жергілікті жерлерде мүмкіндіктерді кеңейту, өңірлік мемлекеттік аппараттар қызметкерлерінің ынтасын күшейту, бизнесті жүргізудің жеңілдігін арттыру мен еңбек ресурстарының ағыны мен одан әрі урбандалу (60% дейін) үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету есебінен өңірлердің арасындағы ЖӨӨ бойынша айырмашылық 2,7 белгісіне дейін төмендейді (ЖӨӨ көрсеткіштері ең жоғарғы сегіз өңір бойынша орташа мәннің көрсеткіштері ең төменгі сегіз өңір бойынша орташа мәнге қатынасы) және өңірлердің теңгерімді экономикалық өсуі қамтамасыз етілетін болады.
Әсіресе салыстырмалы түрде алғанда даму әлеуеті төмен өңірлерде өмір сүрудің базалық сапасын ұстап тұру БҰҰ-ның адам дамуы индексіндегі Қазақстанның позициясын 56-дан 40-қа дейін көтеру, өмір сүру ұзақтығын
75 жасқа дейін ұлғайту, нәрестелер өлімін төмендету (1000 тірі туған нәрестеге сәйкесінше 7,2-ге дейін), мектепке дейінгі білім және тәрбие берумен 1-ден
6 жасқа дейінгі балалардың 80%-ын қамту сияқты өлшемдерде көрініс табады.