«Ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту» міндеті Қазіргі бар ғылыми зерттеулер жүйесі технологиялық жаңғыртуды белсенді қолдауға қайта бағдарланатын болады.
Мемлекет ғылыми-зерттеу жобаларына, ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметтің (бұдан әрі – ҒҒТҚН) нәтижелерін коммерцияландыруға гранттар беру кезінде бірлесіп қаржыландыру тетігі арқылы ғылымды өндіріспен байланысқа бағдарлайды.
2.19 «Адами капиталға басты назар аудару және жас ғалымдарды қолдау» бастамасы. Жас ғалымдарды қолдау гранттық қаржыландыру үшін өткізілетін конкурстар шеңберінде, сондай-ақ тікелей ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдар ішінде жүзеге асырылады. Барлық кезеңдерде жас ғалымдарды белсенді қолдау PhD-ге және тағылымдамаларға гранттар санын ұлғайту, жас ғалымдар топтары үшін ғылыми гранттар бөлу, қазақстандық жобаларды іске асыру үшін шетелдік ғалымдарды тарту арқылы жүзеге асырылады.
Жастарды ғылымға белсенді тарту мақсатында жас ғалымдар қауымдастығы құрылады, ал ғылымды жалпыға танымал ету және жас ғалымдар санын арттыру үшін өңірлік ғылыми форумдар өткізіледі,
ғылыми-танымал журналдар шығарылады және ғалым мамандығы имиджін барынша насихаттау жүзеге асырылады.