Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары


«Ғылыми беделді қайта іске қосу» бастамасы



бет72/255
Дата06.02.2022
өлшемі425,54 Kb.
#76497
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   255
2.21 «Ғылыми беделді қайта іске қосу» бастамасы. Бүгінгі таңда Қазақстанда бедел тетіктері жұмыс істемейді, олардың орнына әлі күнге дейін төрешілдік сипатқа ие, формальды, ғылымға тән емес бақылау құралдары қолданылады. Бұл жағдайды өзгерту үшін ғалымдар жұмысының тиімділігін бағалаудың ғылымиметрикалық параметрлері енгізіледі.
2.22 «Ғылыми өсу үшін қолайлы орта. Ғылымды тұрақты дамыту» бастамасы. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия бекіткен ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту жоспары 2025 жылға қарай 1 %-ға дейін жандандырылатын болады. Бұл ретте, бюджеттен тыс көздерден (жеке сектор) бюджеттік қолдау көрсетілетін ғылыми және инновациялық жобалардың кемінде 50% -ын бірлесіп қаржыландыруға міндетті талап енгізіледі. Нәтижесінде жеке қаржыландыру үлесін қолданбалы зерттеулерді қаржыландырудың жалпы көлемінің 7%-нан 50%-на дейін арттыру жоспарлануда.
Ғылыми әзірлемелерді нарыққа шығаруға және бизнестің ғылымға қатысуын ынталандыру мақсатында қазақстандық әзірлемелерді коммерцияландыруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін салық преференциялары мен жеңілдіктер көзделетін болады.
Ғылыми әзірлемелер нәтижелерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін қолданыстағы тетіктер мен процестерді жетілдіру, оның ішінде ғылымды үш жылдық бюджеттеуге көшу (үшжылдық шарттар жасасу) бойынша жүйелі мәселелер шешіледі. Бұл ғылыми процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, төрешілдік және әкімшілік кедергілерді төмендетеді, ҒҒТҚН-ды коммерцияландыру жөніндегі мемлекеттік бюджеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін арттырады.
Базалық қаржыландыру көлемі ғылыми ұйымдар мен ұжымдардың нәтижелілік көрсеткіштерімен байланыстырылады. Жоғары оқу орындары мен ҒЗИ ең үздік ғылыми ұжымдар үшін бәсекеге түседі, сондай-ақ лайықты инфрақұрылымды қамтамасыз етуге уәжделетін болады.
Базалық қаржыландырумен қатар ғылыми ұйымды инфрақұрылымдық дамыту гранттар тартудан түскен қаражат есебінен қолдау табады. Грант саны неғұрлым көбірек тартылған сайын, университеттің немесе ғылыми ұйымның инфрақұрылымына соғұрлым жоғары пайыз аударылады.
Ранжирленген балдар негізінде ғылыми жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдер қабылдауының ашық және жария рәсімдері қамтамасыз етіледі.
«Ғылым қоры» АҚ базасында бүкіл «іргелі зерттеулер – қолданбалы зерттеулер – ҒҒТҚН-ны коммерцияландыру» тізбесін сүйемелдейтін бірыңғай үйлестіру орталығымен білім мен технологияларды коммерцияландыру жүйесіне арналған бірыңғай басқару жүйесі құрылады.
Ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы инфрақұрылымы – жетекші жоғары оқу орындары жанындағы инжиниринг орталықтары, сондай-ақ металлургияда, газ-мұнай химиясында, АӨК-те, био- және IT-технологияларда және тағы сол сияқты технологиялық дамудың негізгі бағыттары бойынша ұлттық зерттеу орталықтарының (зертханалардың) дамыған жүйесі қалыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   255




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет