4.6 «Құқық қорғау органдары мен соттарды цифрландыру» бастамасы.Қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер кезең-кезеңімен электрондық форматқа ауыстырылады. Бұл бұрмалау мен сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндіктерді төмендетеді, осы істер бойынша іс жүргізуді неғұрлым үнемді етеді және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға нұқсан келтірмей, мемлекеттік бюджетке жүктемені азайтады. Құқық бұзушылықтар туралы өтініштер беру, айыппұлдар төлеудің цифрлық жүйесі құрылатын болады, бұл адами фактордың ықпалын барынша азайтады. Сот жүргізуде жасанды интеллект элементтері, сондай-ақ құқықтық статистиканың үлкен деректерімен жұмыс істеуге арналған талдамалық құралдар енгізу қаралуда.
Бірыңғай сот практикасының ашық электрондық жүйесі құрылады. Сот процесінің кез келген қатысушысы өзін қызықтыратын сипаттамалар бойынша барлық сот актілерімен таныса алатын болады. Сонымен қатар, өтініштерді қарау сапасы мен нәтижелерін, не өтініш берушінің қанағаттануын бағалау жүйесін енгізу және/немесе кеңінен қолдану болжанады.