Қазақстан республикасының ауыл шаруашылық министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата09.03.2022
өлшемі315,28 Kb.
#134872
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
6D120100-Ветеринариялық медицина

МАЗМҰНЫ
 
 

Түсіндірме хат


«Жалпы патология» пәні және дайындалуға арналған сұрақтар 


«Жалпы иммунология» пәні және дайындалуға арналған сұрақтар 


«Жануарлардың аса қауіпті ауруларының қоздырғыштары» пәні және 
дайындалуға арналған сұрақтар 


«Жануарлардың аса қауіпті ауруларын балаудың заманауи әдістері» пәні және 
дайындалуға арналған сұрақтар 


Кешенді емтихан билеттері 
12 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Түсіндерме хат
«Жалпы патология», «Жалпы иммунология», «Жануарлардың аса қауіпті ауруларының 
қоздырғыштары», «Жануарлардың аса қауіпті ауруларын балаудың заманауи әдістері» пәндерін 
оқыту жеке аурулардың патологиялық процестерінің пайда болуы, дамуы және, патологиялық 
жай-күйі, анықтау, алдын алу және емдеу принциптерін қалыптастырудың жалпы заңдары мен 
нақты тетіктерін ғылыми тұрғыда білу, әртүрлі бағыттағы жоғарғы деңгейлі кәсіби ветеринар 
маманын дайындау мақсатында тереңдетілген теориялық және тәжірибелік білім беру болып 
табылады.
Пәндерді оқыту барысында білім алушылар жануарлардың аса қауіпті және трансгендік 
ауруларының қоздырғыштарын зерттеудің заманауи әдістерін, ғылыми зерттеу жұмыстарын 
ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру жұмыстарын меңгеруге, сонымен қатар ғылыми 
зерттеу нәтижелерін талдау және бағалаудың әдістерін, жануарлардың жұқпалы ауруларын балау 
кезіндегі арнайы және қосымша әдістерін меңгеруге тиісті. 
«Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша докторантурада оқытудың мақсаты 
жалпы патология және иммунология негізінде қалыпты және патологиялық күйдегі иммундық 
жүйенің қызметі тұрғысындағы тереңдетілген теориялық білімді бекіту, сондай-ақ иммундық, 
аллергодиагностикалық, иммунокоррекциялық және иммундық жүйенің әртүрлі аурулары 
кезіндегі сауықтыру, адам мен жануарларға аурулардың жұғуын болдырмау бойынша шараларды 
үйретуді қамтиды. 
«Ветеринарлық медицина» мамандығының PhD докторанты оқу процесінде міндетті: 
Білуге: 
жалпы патологияның методологиялық негізін; жалпы және жеке патологиядағы 
құрылымдар мен қызметтердің арақатынасының механизмі; ауру тудыратын агенттердің 
патогенетикалық әсер ету механизмі және ағзаның қорғаныс реакциясын; диагноз қою 
принциптерін, 
симптоматология 
нозологиясын; 
аурудың 
этиологиясын, 
патогенезін, 
иммунологияның даму тарихын, иммунитеттің негізгі теорияларын, түрін, иммундық жүйенің 
мүшелік, торшалық құрылымын, иммундық жауаптың механизмін, иммунитеттің торшалық, 
гуморалдық факторларының ролін, негізгі түрлерін, сипатын, цитокиндердің классификациясын, 
сипаттамасын, 
серологиялық 
реакциялардың 
түрлерін, 
принциптерін, 
және 
вакцинопрофилактиканың әдістерін; ХЭБ бойынша аурулардың тізімін, трансшекаралық 
ауруларды, маңызды аурулардың эпизоотологиялық, экономикалық, техникалық мәліметтерін; 
биологиялық қауіпсіздіктің ветеринариялық аспектісін, эпизоотологиялық күресу шараларды,
антген-антидене реакциясын, реактанттарды, антиген-антидене кешенін, серологиялық 
реакциялардың классификациясын, зертханалық балау жұмыстарын ұйымдастыруды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет