Кезеңді əрекеттегі май дайындағышта майды алу технологиясы Майды дайындау үшін майдайындағыштар ағаштан, темірден,
вальцалы жəне вальцасыз жасалған болады. Əр түрлі формадағы вальцасыз металдан жасалғандарға – цилиндрлі, конусты жəне кубтық жатады. Олардың ішкі жағы ылғал ұстағыш қабілетке ие. Май дайындағыштың астында технологиялық үрдіске байланысты керекті температурада аппаратты суландырып отыратын құбыр орналасқан . Бұл араластыру температурасын қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік береді. Цилиндрлі май дайындағыштардың құрамында вальцаның орнына қабырғасын бойлай бөшкенің ортасында қозғалмайтын қабырға орналасқан. Кейбір вальцасыз майдайындағыштардың құрамындағы қабырғалар төрт ілмек қалақтармен алмастырылған. Ол шахмат тəрізді орналасқан. Майдайындағыштың ортасында орталық білік арқалық орналасқан.
Майдайындағыштарда кілегейді араластыру, май дəндерін жуу, тұздау жəне өңдеу процесстері орындалады.
241
Кілегейді араластыру. Диаметрі 3 – 4 мм болатындай май дəнін цилиндрлі майараластырғышта араластыру 30 – 40 минутты құрайды. Конусты кубтық майараластырғышта араластыру 50 – 60 минутты құрайды. Пахтаның құрамында май өте көп болған жағдайда, ол май араластыру процессінің бітпегенін көрсетеді . Майлылығы аз кілегейдің дəнінің тұздалуын тоқтату үшін уақ дəнді қолданады ( кесте 29). Майлылығы көп кілегейді қолданған кезде араластыру уақыты дəннің үлкейгеніне дейін ұзарады. Бұл май қалдықтарын азайтады. Бірақ өте ұсақ жəне өте үлкен дəннен пахтаны кетіру өте қиын. Плазманың орналасуы дəннің көлеміне байланысты.
- кесте. Əр түрлі ұзындықтағы дəндердің құрамындағы плазмалардың орналасуы.
Дəн ұзындығы,
|
Беткі плазма, %
|
Диспергирленген
|
Дəн құрамындағы
|
мм
|
|
плазма, %
|
ылғалдың массалық
|
|
|
|
үлесі, %
|
1-2
|
60
|
40
|
32
|
2-3
|
44
|
66
|
29
|
3-4
|
40
|
60
|
25
|
4-5
|
32
|
68
|
21
|
5-6
|
25
|
75
|
15
|
|
|
|
|
Үлкен дəндердің құрамында жоғары қабатында орналасқан піспек аз. Оның көп бөлігі дəн құрамына тамшы күйінде кіреді. Дəннің құрылуы кезінде майдың бөлшектеріне жабысып келген. Бұндай піспені жоғары диспергирленген плазма деп атайды.
Араластыру кезінде майды қолдану, бұл үрдістің сапасына баға береді. Ол майдың қандай бөлігі кілегейден майға өткенін көрсетіп отырады. Кейбір майдың бір бөлігі піспекпен бірге жоғалып кетеді. Май дайындағыштың қалыпты үрдісі кезінде майды қолдану жағдайы майлы дөңгелекшелердің мөлшеріне байланысты болады (кесте 30).
Жоғары температурада араластыру, дұрыс дамымаған кілегейдің, ұсақ дəндердің орналасуы қалдық майлардың піспеге араласуымен байланысты. Ақуызды фазаның атқаратын өзіне тəн рөлі бар. Піспенің майлылығы ашыған кілегейдің құрамындағы казеинмен пропорционалды болады . 0,84-тен 5,24-ге дейін pH 4,48 – 4,5 жоғары болса піспенің майлылығының 0,85 – тен 0,32%-ге төмендеуі болады.
30 - кесте. Майды қолдану жағдайы
Майлы
|
0-1
|
1-2
|
2-3
|
3-4
|
4-5
|
5-6
|
6-8
|
8-ден
|
дөңгелекшелердің
|
|
|
|
|
|
|
|
жоғары
|
диаметрі, мм
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Майды қолдану
|
0
|
33
|
68
|
78
|
95
|
97
|
99
|
100
|
дəрежесі,%
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Альбуминнің көп мөлшерде болуы піспенің майлылығына əсер етпейді, бірақ лецитиннің болуымен жəне басқада фосфатиттің кілегейдің құрамындағы май піспенің майын 6% дейін көтереді. Натрий фосфатының тірі дөңгелекшелерінің теріс заряды көбейеді, ол піспе құрамындағы майдың көбеюіне алып келеді. Қарама – қарсы иондар екі валентті металдарға əсер етеді, көбіне кальций тірі дөңгелекшелердің зарядтарын төмендетеді.
Қалыпты жағдайда орташа майлылықтағы кілегейді қолданған кезде піспе құрамында май 0,3% болу керек. Майды қолдану дəрежесі 99,3% кем болмау керек.
Майлылығы көп піспені сепаратордан өткізуге болады. Алынған кілегейді жай кілегеймен араластыру керек, піспеден алынған кілегей өте жай араласады жəне майды өте төмен дəрежеде қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |