Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Басытқылық бутербродтар (канапе)



бет166/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Басытқылық бутербродтар (канапе).Кішкентай басытқылық бутербродтар(канапе) банкеттік басытқыларға жатады. Оларды əртүрлі – ет жəне балық өнімдерден көкөністер, жемістер, жұмыртқа жəне сары маймен сəнді рəсімдеп, нан шпажкасымен бекітіп жасайды (сурет 49). Канапе дайындау үшін бидай нанынан қабығын алып тастап, 0,5 см көлеміндегі тілімдерге турайды, қуыру шкафында немесе тостерде кептіріп, суытады жəне үшбұрышты, ромбы тəрізді түрінде турайды. Нан тілімдерін сары майға қуыруға болады. Əтүрлі фигуралы крутондарды қабатталған жəне

300
басқа қамырдан пісіруге болады.Басытқылық бутербродтардың көлемі 4*4 см аспау керек. Бутербродтар үшін нанның қалыңдығы 0,5 см болуы қажет. Жабық бутербродтарды қағаз салфетка төселген тарелкеде немесе табада ұсынылады.

Басытқылық бутербродтарды (канапе) табақшаларда, ұсақ асханалық тəрелкелерде жəне басытқылық тəрелкелерді сəнді қағаз майлықпен береді.

49-сурет. Басытқылық бутербродтар (канапе)



4.4 Балық жəне теңіз өнімдерінен дайындалатын салқын тағамдар

Əртүрлі деликатесті салқын тағамдарды теңіз өнімдерінен, соның ішінде крабтан, креветкадан, мидийден, теңіз гребешогінен жəне кальмардан дайындайды.

Салқын балық тағамдарының ішінде тұздалған майшабақ кең таралған. Майшабақты қабығынан, іш-құрылысынан, омыртқа жəне қабырғаларынан тазалап, филелерге бөледі. Дəмін жақсарту үшін майшабақты сүтте ұстап алуға болады. Егер балық асатұздалған болса, онда оны салқын суға салып алады. Салқын тағамдарға арналған ет өте майлы емес, көкөністермен дəмі үйлесетін болуы тиіс, соус ретінде сірке су құйылған желкек немесе майонез қолданылады.Салқын балық тағамдарын соустармен жəне дəмдеуіш шөптермен, пиязбен, жуамен, қызылша, картоп бөлшектерімен, маслиналармен ажарлайды.Майлы балықтың салқын тағамдарына лимон, анар, маринадталған жемістер үйлеседі. Салқын балық өнімдерін еттің алдында ұсынған дұрыс.

Маринадпен қуырылған балықты дайындау.Картопты, сəбізді жəне қызылшаны пісіруге қояды. Піскен көкөністерді салқындатады жəне тазалайды, жұмыртқаны пісіруге қояды.

Суда жібітілген сүйексіз балықты порцияланған бөлшектерге кесіп жұмыс жасайтын студенттер тобына үлестіреді. Балық шығындарын өңдеп сорпа пісіреді.

Дайындалған балық бөлшектерін тұздап, бұрыштап, ұнға аунатып жəне қуырып, дайындығына жеткізу үшін қуыру шкафында пісіреді.Содан соң дайын балықты салатник немесе десерттік тəрелкеге салады(сурет 50).

301


Маринадты дайындау. Пияз, сəбіз жəне ақжелкенді түтікше етіп турап өсімдік майында шала қуырады, томат,бұрыш, лавр жапырағын қосып тағыда 5-7 мин жылытады. Содан соң балық сорпасын, сірке суын, тұз, қант қосып 15-20 мин пісіреді. Қуырылған балықты маринадқа салып, тоназытқышта салқындатуға қояды.

50-сурет. Маринадпен қуырылған балық





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет