Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Балалардың тамақтанудың ерекшеліктері



бет175/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

4.8 Балалардың тамақтанудың ерекшеліктері

Балалардың тамақтануын ұйымдастыру өте маңызды рөл атқарады, себебі ол өсіп келе жатқан жасөспірімнің денсаулығын жақсартуға тікелей байланысты. Балалардың тамақтануы ересек адамдарға қарағанда маңызды.

Жасөспірім шақта баланың тамақтануы сараланған тəсілмен бөлек кезеңді болжамдайды. Келесі бөлімдер қабылданған: ерте балалық кезең - 1...3 жыл, мектепке дейінгі кезең - 3...6 жыл, мектептегі төменгі жастағы кезең - 6...12 жыл жəне мектеп жасындағы кезең 12...17 жас. Балалар мекемесінде, оқу орындарында, емделу демалыс орындарында

балалардың тамақтануы медициналық құрамның бақылауымен ұйымдастырылады. Балалар тамақты күніне 4 реттен кем емес қабылдауы керек.


Мектепке дейінгіжəнемектеп балаларын тамақтануын
ұйымдастырудың негізгі приципі, бұл рационалды тамақтану негізін сақтау:


  • тағам рационының калорийлығының тəуліктік энергия шығынына сəйкестілігі;

  • рационның химиялық құрамының, калорийлығының жəне көлемінің организмнің ерекшелігіне жəне тұтынуының жас шамасына сəйкестілігі;



  • рациондағы тағамдық заттардың (ақуыз, май жəне көмірсулар, соның ішінде өсімдік жəне мал тектес ақуыздары мен майлар) баланстағы қатынасы;

  • биологиялық жəне тағамдылық құндылығын, жоғары органолептикалық қасиеттерін жəне тағам заттектерінің сіңімділігін сақтап қалу мақсатында дұрыс кулинарлық өңдеу;

  • өнімдерді кең ассортиментте пайдалану, соның ішінде көкөністерді, жемістерді, жидектерді жəне көктерді;

  • тамақтану режимін қатаң сақтау;

  • тағамның қауіпсіздігі;

  • өнімнің сыйымдылығы, олардың бір-бірімен ауыстырушылығы.

Рационды құрастырғанда ең бірінші энергиялық баланспен қамтамасыз етуге көңіл бөледі : организмге түсетін калориялар олардың шығымдарымен баланста болуы тиіс.

Энергия шығыны балалардың жасына байланысты. Энергия шығынының орнын тек қана тамақтанумен толтыруға болады. Тағамнан максималды пайда алу үшін, оның құрамында барлық ағзаға керек заттектер болуы тиіс: ақуыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, дəрумендер жəне су.Оқушылар үшін негізгі тағам заттектері мен

316


энергияның тəуліктік тұтыну қажеттілігі Денсаулық министрлігі мен тамақ Институтының ғылыми Академиясының бекітілген əртүрлі жастағы халық

топтарына жасалған физиологиялық тұтыну нормасына сəйкес анықталады.

Мектеп асханаларында балаларды рационалды тамақтандыру негізіне əртүрлі тағамдардың ұсынылған тұтыну нормалары салынған.
Тағамдарды оқушылар үшін таңдағанда келесілерге көңіл бөлген жөн.Калорияның бір күндік мөлшерін шамамен келесі тəсілмен бөледі: таңғы ас - 25%, түскі ас - 40%, түстік - 15%, кешкі ас - 20%.

Шикізат таңдаудан бастап жəне дайын тамақ беруден аяқтап,балаларды тамақтандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Тамақ дайындауға тек қана жаңа жоғары сапалы азық-түліктер қолданылады.


Шикізат сапасына жоғарғы талаптар қойылуы, балалардың организмі ересек адамдардың организмімен салыстырғанда сыртқы əдісі мен сезімталдығы ерекше екенін түсіндіреді. Тамақ дайындауға гидрогенизировалық майлар (маргарин, комбижиры) қолданылмайды, артық майларға (қойдың жəне тоңмай) шектеу қойылған . Жасы 2-ден асқан балаларға шошқа майын қосуға болады. Өсімдік майын жəне жануар майының қатынасы 1:1 құрауы керек.

Баланың организмнің максималды дəрумендер, макро жəне микроэлементтер, органикалық қышқылдар, эфир майлар мен жəне т.б. биологиялық активті заттар мен қамтамасыз ету үшін шикі жəне піскен көкөністерден дайындалған кең ассортименттегі салқын тағамдар жəне басытқылар қосу керек.

Рационды қанықпаған майқышқылдарымен байыту үшін қатық ретінде өсімдік майын немесе майонезді қолданады. Сорпа дайындағанда сүйек сорпасын пайдаланбайды. Бірінші тағам ретінде өте ащы сорпалардан (солянка, харчо, флотс борщы) басқа барлық сорпаларды қолдануға болады. Көкөністерді пассерлеп ысқан жөн болады.

Бір жастағы балалардың рационына ет жəне ет өнімдерін қосуға болады. Бес жастағы балаларға етті аптасына 3...4 рет, ал мектеп жасындағы балаларға аптасына 6 рет береді. Көбіне сиыр еті, бұзау еті, құс етін береді. Шошқа жəне қой еті майлы болмауы керек. Аптасына 1-2 рет мəзірге бауырдан жəне тілден жасалған тағамды қосады; аптаның бір күніне ет тағамдарын балықпен алмастырады. Тағамға қосылатын демдеуіштер, тəтті қоспалар жəне кофелердің көлеміне шектеу қойылады. Су моншасында жұмыртқадан бұқтырылған омлеттер дайындаған дұрыс. Жастан асқан сəбиге тек қана сарыуыз емес, сонымен қатар ақуыз керек.

Ет тағамдарды дайындағанда семіз қой жəне шошқа еттерін пайдалануға ұсынбайды. Кіші жəне орташа жастағы оқушыларға шабылған еттен биточки, котлет, шницель, тефтельдер, зразы, гуляш, бұқтырылған ет дайындайды. Субөнімдерден пайдалысы бауыр, себебі ол


317


дəрумендерге өте бай. Балалар тамақтануда қоңыр түс еті бар балықтарды (скумбрия, ставрида, тунец) пайдалануға ұсынбайды, себебі ондағы гистидин ауыр токсикалық ауру береді. Ең пайдалы сүйегі аз балықтар: треска, хек, минтай, навага, пикша, жайын.

Ащы жəне сұйық сорпаларға, борщтарға сірке суы қосылса, балалар тағамынан алып тастайды. Рассольникте тұздалған қиярды азайтып, қатты ащы емес етіп дайындайды. Көженің бір порция массасын 300 граммнан асырмау керек.

Қызыл тұздықты, сонымен қатар ащы дəмдеуіштер қосылған болса, (ақжелкен, қыша) балалар тағамынан алып тастайды. Қаймақты, сүтті, томаттық жəне т.б. тұздықтар ұсынылады.
Барлық жастағы балалар тобына ет жəне балық консервасынан жасалған тағамдар өткізілмейді. Сонымен қатар балалар рационына қақталған шошқа, шұжық өнімдері (қоса сосискалар, сарделькалар), қақталған жəне тұздалған балықтарды жеуге рұқсат етілмейді. Ет жəне балықты көбірек пісіреді. Қуырылған ет пен балыққа шектеу қойған дұрыс.

Мектеп жастағы балаларға тұндырылған, бұқтырылған жəне қуырылған етті тағам есебінде ет тағам ассортиментін кеңейтеді. ПТУ-да, колледжде оқитын тұтынушыларға азықтық заттарды 10...15% өсіру керек (оқу-өндірістің ауырлық мінезіне байланысты).

Күнделікті маңызды азықтық заттарды, қуатты тұтынатын əртүрлі жаста оқитын жəне əртүрлі топтағы халықтарды физиологиялық нормаға сəйкес анықтайды, РАМН қоғамдық тамақтану Институтымен зерттелген жəне Денсаулық Министрлігінің 28,05.91 № 5786-91 бұйрығы бойынша бекітілген.Балаларға күнделікті тағам массасы (г) 1 жастан 5 жасқа дейін 43 кестеде көрсетілген.
Жаңа піскен жеміс - жидектер, жаңа дайындалған компоттар жəне киселдер, консервантталған жемістер, бақшалық тəтті пудингтер жəне кремдер десертке ұсынылады.
Тамақтану жолымен балалар тамақтану ұйымында дəрумендері жоғары жаңа піскен жемістер, шөптер, консервантсыз дəрумендері бар сусындар жəне тағам қоспасы, концентратты сусын "Золотой шар", компоттар жəне киселдердің балды тұнбасы жəне қара қарақаттың сусыны қолданылады. Сонымен қатар қара бидай наны беріледі.
Ұнды кондитерлі өнімдер маңызды ашытқы қамырдан дайындалуы
тиіс. Мынаны есте сақтау керек, печенье өндіретін фабрика, ол да
қантты печенье сияқты, тамақтану өндірісі қоғамында В1 жəне В2
дəрумендері болмайды. Химиялық қопсытқыштар (сода, аммоний
көмірқышқылы) сілтілік орта əрекетінен олар бұзылады.
Ас мəзірін құрастырған кезде олардың əртүрлі болуын қарастыру керек (кесте 43). Мысалы, егер бірінші тағамға сүтті сорпа берілсе, онда екінші тағамға сүтті ботқа немесе үшінші тағамға сүтті кисель беруге


318


болмайды. Егер бірінші тағамға балық сорпасы берілсе, онда екінші тағамға еттен немесе көкөністен дайындалған тағам берген дұрыс. Гарнир жəне тұздықты дұрыс таңдауда əртүрлі тағамдарға қол жеткізеді. Мысалы, егер бірінші тағамға картоп сорпасы берілсе, онда екінші тағам гарниріне сəбіз қосылған жасыл бұршақ, бұқтырылған күріш немесе т.б. тағамдар беріледі.

Жармалардан ботқа жəне гарнир дайындағанда сұлы, геркулес, қарақұмық жармасын таңдаған жөн, себебі олар калорияға, дəрумендерге жəне минералды заттарға бай.

Балалар тамақтануында сүт тағамдары күрделі орын алады. Сүтті бөлек тағам ретінде түстікке немесе кешкі тамаққа береді жəне оны ботқаларға, көжеге, пюре, соустарға, сүт кисельдерге, какао жəне кофеге қосады. Балалар рационында сүзбеден дайындалған (сырниктер, запеканкалар, пудингтер, варениктер) өнімдер үлкен орын алады.

Тағам өнімдері — микроорганизмдердің дамуына жақсы орта болып табылады, сондықтан мектептерде тағамдарды дайындау үрдісі қатаң санитарлы талапты қажет етеді. Кулинарлы бұйымдарды 2-3 сағаттан артық сақтамайды. Күні бойы жəне келесі күні тағамдар мен гарнирлерді қайталап бермейді.




  1. - кесте. Балаларға арналған күнделікті тағам массасы (г) 1 жастан 5 жасқа дейін



Тағамдар

Жасы,

жылы







1...1,5




1,5...3

3...5






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет