Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі



бет172/178
Дата24.11.2023
өлшемі3,89 Mb.
#193215
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   178
Байланысты:
аза стан республикасыны ауылшаруашылы министрлігі

Борщтар.Борщтардың өзгешелік сипаттамасы - қызылша ж əне орамжапырақтың болуы. Борщтардың негізін сипаттайтын бұл – пассерленген, шала қуырлыған көкөністер (сəбіз, ақжелкен, ақ тамырлары, пияз, томат езбесі).Борщтардың түріне байланысты оған картоп, тəтті бұрыш, үрмебұршақ , қара өрік, саңырауқұлақтар, үзбе кеспелер жəне əртүрлі ет өнімдерін қосады(сурет 55).Борщтарды сиыр, қой, шошқа, қаз етінен, шошқа ыстамаларымен (шошқа майымен, төс етімен, корейкамен), шпикпен, сосискамен, қысқа шұжықтармен дайындайды. Флоттық борщтан басқа, барлық борщтарға арналған көкөністерді түтікшелеп, флоттық үшін

– тілімдер пішінде турайды.



55-сурет. Борщ

Борщ.Қайнап жатқан сорпаға картоп салады, дайын болғанша пісіреді. Содан кейін борщқа қатықты (шала қуырылған тамырлар, пияз, томат езбе) қосады жəне əрі қарай дайын болғанша əлсіз отта 15-20 мин пісіруді жалғастырады, содан соң туралған орамжапырақ, көк, болгар көк бұрыш қосады жəне тағы 5-10 минут пісіреді. Орамжапырақ қытырлақ, езіліп

310


піспеген болуы керек. Дайын борщты қақпақпен жауып, 20 мин тұруға береді. Борщтың дəмі қышқыл-тəтті болуы үшін пісіру соңында лимон қышқылын қосады. Жіберу кезінде тəрелкеге рецептураға сəйкес ет салып, қаймақпен жəне көк қосып береді.

Мəскеулік борщ. Бұл борщті дайындау үшін сорпаға шошқа ыстамаларын (сүйектерді) қосады. Оған картоп жəне шала қуырылған ұн қоспайды. Мəскеулік борщты ет өнімдер жиынтығымен: сиыр еті, сан еті, сосискаларжібереді.Ресторандарда мəскеулік борщты тапсырыспен дайындайды: көже құятын тостаққа ет жиынтығын салып дайын борщты құяды, қайнатады, қаймақ жəне көк қосады. Бөлек тəрелкеге ыстық ватрушкалар беріледі.
Украиндық борщорамжапырақ жəне картоп қосылған борщ сияқты дайындалады, бірақ көкөністерді шошқа майымен шала қуырады. Орамжапырақпен бірге тəтті бұрыш косып, шала қуырылған ұнды салады. Шошқа майымен үгілген сарымсақ қосады да, тағы да 5-10 минут қайнатады. Тоқаштар мен сарымсақтан жасалған тұздық бөлекберіледі. Пісіру аяғында қатық үшін сарымсақты тұзбен ысқылап, өсімдік майын тұзбен ж əне салқын қайнатылған сумен араластырып дайындайды. Сарымсақ қатығымен пампушканы бөлек береді. Қаймақпен жəне көк қосып жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет