Сүт сапасын балдық жүйеменбағалау
Сүттің сапасын бағалау органолептикалық жəне физика - химиялық əдіспен жүргізіледі. Тағамдық мақсатқа қабылданатын сүттің органолептикалық көрсеткіштері 5 баллдық жүйемен бағаланады (кесте - 23). Кесте бойынша 5 жəне 4 баллмен бағаланған сүтті МЕМСТ 13264 - 88 мен бекітілген стандарт жəне басқа көрсеткіштері бойынша жоғары, бірінші немесе екінші сортқа жатқызады. 3 баллмен бағаланған сүтті қысқы - көктем мезгілінде екінші сортқа жатқызады, жылдың қалған мезгілінде - сортталмаған болады.
Сыртқы түрі, дəмі, иісі , температурасы, тығыздығы, қышқылдығы, массалық бөлігі, жылумен өңдеу əсерлігі сүттің əр партиясынан анықталады. Белоктың массалық бөлігін, соматикалық клеткалардың мөлшерін , бактериалдық тұқымдануын, ингибиторлық заттардың болуын он күнде бір рет анықтайды. Стерилденген жəне балалар сүт өнімдерін шығаратын өндіріске белгіленген сүттің əр партиясының термотұрақтылығы жəне нейтралданған заттардың бар екендігіне күмəн туса, ол анықталады. Сүттің сыртқы түрін анықтағанда консистенциясының
188
біртектігіне жəне тұнба болуына көңіл бөледі. Консистенцияның біртектілігін араластыру арқылы, ал тұнба болуын ыдыстың түбін қарап анықтайды. Түсін, дəмін ж əне иісін сүтті стаканға құйып күн жарығымен, қарайды. Егер сүтте бөтен түс болмаса дəмін ішіп қарайды. Ауру малдың сүтінің дəмін байқамайды.
23 – кесте. Өнімнің органолептикалық көрсеткіші
|
|
|
|
|
Иісі мен дəмі
|
Сүтті бағалау
|
Балл
|
Таза, жағымды, сəл тəттірек
|
өте жақсы
|
5
|
Жеткіліксіз көрсетілген, бос
|
жақсы
|
4
|
Əлсіз, азықтық, əлсіз қышқылды, сəл нан
|
қанағаттанарлық
|
3
|
дəмді, əлсіз липолизді , аздап таза емес
|
|
|
Азықтық көрсетілімі, сүтке ащы нан дəмі,
|
нашар
|
2
|
тұзды, қышқыл, липолизді, борсыған дəм
|
|
|
беретін, соның ішінде пияз, сарымсақ,
|
|
|
жусан т.б шөптер
|
|
|
Ащы, ашыған, өңезденген, шіріген: мұнай
|
нашар
|
1
|
өнімдерінің, дəрі, жуушы заттар мен
|
|
|
дезинфикциялық заттар жəне басқа да
|
|
|
химикаттардың исі мен дəмі
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |