1.8 Қанды өңдеу
Қанды тамақ жасауға алу үшін əдейі жасалынған қуыс пышақ қолданылады.
Мал бауыздалғаннан соң, ірі қара малдан 40-45 секунд шамасында, барлық қанның 70 -75 %, шошқадан 60 % ағып шығады.Ұсақ қара малдан тамақ дайындауға қан алынбайды.Малдың денесінде қалған қанды бөлек ағызып, техникалық жəне азықтық қан ұнын дайындауға пайдаланады.
Негізінен малды түгелдей қансырату үдерісі 6-8 минуттай. Бұл уақыт арасында ірі жəне ұсақ қара малдан тірілей салмағына шаққанда 8 %, шошқадан - 4,6 %, жылқыдан - 9,8% қан бөлінеді. Дегенмен, əртүрлі
84
малдан алынатын қанның нормасы болады: ірі қара малдан - 4,2%, ұсақ қара малдан - 3,2%, шошқадан -3,5% , оның ішінде азықтық қан қара малдан жобамен - 3,2 %, шошқадан -3,0%. Жалпы алғанда қанның бөліну мөлшеріне малды есеңгірету, қансырату əдістері, əр малға тəн қасиеттері əсерін тигізеді.
Қанның құрамына плазма жəне формендік элементтер кіреді (эритроциттер, лейкоциттер жəне тромбоциттер). Бұл заттардың ара қатынасы əр малда əртүрлі болады. Ірі қара малдың қанында 63 % плазма, 37 % формендік элементтер, ұсақ қара мал қанында 72 % жəне 28 % болса, шошқа қанында 56,4% жəне 43,6% болады. Судың шамасы-79-82 %, ақуыздар 16,4-18,9%, ақуызсыз органикалық заттар – 0,7-1,2 %, минералдық заттар – 0,8-0,9 %. Құрғақ заттың негізгі бөлігі-ақуыздар (альбумин, глобулин,фиброген). Бұл ақуыздар толық құнды ақуыздар болып есептелінеді. Альбумин жақсы қорытылады, суда ериді. Қанның глобулин фракциясы пепсинмен қосыла нашар қорытылады. Фибриноген суда жақсы ериді. Қанның құрамында ферменттердің əсерінен қалыптасқан жағдайда ол ерімейтін ақуызға фибринге айналады. Құрамында фибриноген (фибрин) жоқ қанның плазмасын –қанның сарысуы деп атайды.
Қанның формендік элементтерінің негізін эритроциттер құрайды (1 мм3 қанда 6-10 млн. дана). Олардың қызыл түсін, құрамындағы пигменттің (ақуыз-гемоглобин) бары анықтайды. Эритроциттер 60 % судан тұрады, қалғаны құрғақ заттар, оның 90 % гемоглобиннен тұрады.
Плазма мен эритроциттің арасында осмотикалық тепе – теңдік бұзылғанда, я болмаса механикалық жəне химиялық заттардың əсерінен, сырт қабаты ыдырайды , оның салдарынан гемоглобин плазмаға еніп оны қызыл түске бояйды - гемолиз үдерісі жүреді. Мөлдір жəне боялмаған сарысу алу үшін, қанда гемолиз үдерісін жүргізбеу керек. Ол үшін қан сумен араласпауы керек, өйткені су осмостық принциппен эритроцитке еніп, оның көлемін үлкейтеді, сыртқы қабығы сөгіліп, пигмент-гемоглобин плазмаға өтеді. Сол сияқты қанды қатыруға ( аяздауға), ия болмаса химиялық препараттармен консервілеу болмайды. Гемолиздік жағдайды болдырмау үшін, қанды құбыр бойымен тасымалдайды, айырғыш (сепарирование) үдерістерін жүргізеді. Бұл жүргізілетін үдерістердің мақсаты қанның эритроцитін түгелдей сақтау. Дегенмен гемолиз болған жағдайда, гемолизденген плазманы (сары суды) сірке қышқылымен аздап қышқылдатады, сосын сутегі перекисімен өңдейді. Ортаның рН-ы қышқыл болғанда жəне сутегі перекисімен өңдеудің алдында плазманы аздап, температурасы 50-550С дейін жылытады. Мұндағы мақсат, плазманың түсін ағартуды жеңілдету (гемоглобин гематин жəне глобинге ыдырайды).
Лейкоциттер-қанның ақ шариктері 5-20 мкн 1 мм2 5 тен 10 мыңға дейін. Тромбоциттер – қанның табақшалары ( пластинкалары) 2-4 мкн 1мм3 қанда 200 ден 600 мыңға дейін. Тромбоциттің ыдырауы қанның ұюына жол береді (тамырдан аққанда).
85
Қанның тығыздығы - 1,055, плазмада –1,030, эритроциттерде –1,09, фибринде - 1,08, сарысуда - 1,024. Эритроциттердің салмағы плазмадан жоғары, сол себептен плазмаға тұнады.Бұл қасиеттерді плазмадан формендік элементтерді айыруға пайдаланады-бұқтыру əдісімен центрифуга арқылы, я болмаса айырылғыш қолдану жолымен.
Қанның тұтқырлығы, қоюлығы (вязкость) оның құрамындағы эритроциттердің санына байланысты, олардың тұтқырлығы 80 рет қаннан жəне 5 рет судан жоғары. Қанның бұл қасиеттері, оның құрамындағы ақуыздардың, органикалық жəне минералдық заттардың барлығына байланысты.
Қанның ұюы (свертывание) қан аққаннан соң, көп уақыт өтпей ұйиды, оның консистенциясы иленген қамырға ұқсайды. Бұл үдеріс фермент тромбокиназаның əсерімен жүреді, яғни ол тромбогеннің (протромбин) жұмысын пəрмендетеді, бұл үдерісте кальцийдің ионы да қатысады. Протромбиннен тромбин пайда болады, мұның қатынасуымен плазмадағы ақуыз еритін фибриноген, ерімейтін фибринге айналады. Фибрин өте жіңішке келген жəне созылмалы жіптес, олар бірімен-бірі араласа жалғасып, қанның ұюының негізі болады. Ірі қара малдан қан ағып, ұйығанша 6,5-10 минут, ұсақ қара малдан-2,5 минут, шошқадан 3,5-5 минуттай уақыт өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |